Сүйектердің дамуы немесе остеогенез
Сүйектер екі әдіспен дамиды: 1) эмбриондық дәнекер үлпасынан (төбе сүйектері мен бет сүйектері), 2) шеміршектің орнына (омыртқа-лар, аяқ пен қолдың сүйектері, бастың негізі және баскалары) түзілуінен.
Бірінші әдістен дамыған сүйектерді дәнекер ұлпалық сүйектер дейді, ал екіншілерін — шеміршектік сүйектер деп атайды. Сүйектердің осы екі түрі де мезенхимадан дамиды.
Эмбриондық дәнекер үлпасынан сүйектің дамуы сүйектің шемір-шек орнына дамуынан ерте басталады.