Сүйек ұлпасының құрылысы, дамуы, маңызы

Сүйек ұлпасының құрылысы, дамуы, маңызы
Сабақ мақсаты:
1. Сүйек ұлпасының шыгу тегі және типтері
2. Сүйек ұлпасының дамуы немесе остеогенез
3. Ұзын сүйектер құрылысы және сүйектер типтерімен танысу

Құрал жабдықтар мен материалдар
1. Әртүрлі жастадағы сүтқоректілердің ұзын сүйектері.
2. Тығыз және кемікті заттары көрсетілген сүйектің тігінен және көлденең кесіндісі.
Тірі сүйек – организмнің өзгеруге бейім құрылымы. Жас кездегі жұмсақ, иілгіш сүйек өсу процесін аяқтар кезінде тығызданып қатаяды.
Сүйекте тамырлар мен нервтер болады. Атқаратын қызметінің өзгеруімен бірге сүйектің құрылысы да өзгереді.
Өсуші организмнің сүйек ұлпасында клеткалардың үш түрі болады: остеобласт, остеоцит және остеокласт.
Остеобласт – сүйек үлпасын түзуші клеткалар. өсуші сүйек ұлпасынынң бетінде орналасады. Оларға белокты синтездейтін клеткалардың ультрақұрылысы тән. Цитоплазмасында жақсы жетілген гранулалық эндоплазмалық тор, Гольджи кешені, сонымен бірге РНК болады.
Остеоцит – бөліну қабілетінен айырылған жоғары дәрежеде мамандалған көптеген өсінділермен өзара жалғасқан жұлдыз пішінді сүйек ұлпасының негізгі клеткалары. Остеоциттер сүйек қуыстарында орналасады. Остеоцитттер сүйектің негізгі затын өндеуге және оған қаннан заттарды жеткізуге қатысады. Сүйек құрылысының өзгеруі кезінде остеоциттер қайтадан ұлпаның бетіне өтуі кері остеобластқа айналуы мүмкін.
Остеокласт – көп клеткалардың қосылуынан пайда болған мамандалған макрофагтар. Негізгі қызметі әктенген шеміршек пен сүйеті бұзып+талқандап+сіңіру. Сүтқоректілерге бұл клеткалар остеобластер мен остеоциттердің қосылуынан пайда болады, амфибийлерде – негізгі клеткалардантүзіледі.


Сүйектің жеңіл болуы кемік заттың пластин-каларының ерекше орналасуына байланысты. Тығыз және кемік зат-тардың бірігіп орналасуы сүйектердің мыктылығын тудырады.
Сүйектің микрокүрылымын салыстырмалы — анатомиялык әдіспен зерттеу остеондардың жоғары дәрежеде жіктелген сүйектерге тән екенін көрсетті, ал төменгі сатыдағы сүткоректілерде (мысалы калталыларда) остеондар жетілмеген (Клебанова).
Сүйек сыртқы жағынан буын беттерін қоспағанда, екі қабаттан — сыртқы талшыкты (фиброзалық) және ішкі сүйектүзуші (камбиялық) қабаттардан тұратын, сүйек, қабығы, немесе периост деп аталатын тығыз дәнекер үлпасының қабатымен қапталған. Периосттан тарай-тын Шарпей-Шафер талшықтары деп аталатын коллаген талшыктары-ның шоғырлары сүйектің ішіне еніп, оны сүйек кабығымен байла-ныстырып сіңірлердің бекуіне негіз жасайды. Сүйектің жетілуі мен жуандап өсуі және зақымдалғаннан кейін оның регенерациясы (қайта қалпына келуі) ішкі остеогендік қабатта болатын сүйек қүрау клетка-ларының есебінен жүреді. Сүйек қабығы қан мен лимфа тамырларына және нервтерге бай келеді.
Сүйек ұлпасы өзіне түсетін ауырлықтың өзгермелі механикалық жағдайларына карай үнемі қайта күрылып отырады. Осы қайта кұралу процесі кезінде кейбір остеондар бүзылып, ал қайсы біреулері жаңа-дан жасалады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *