1. Пән бойынша тестілер:
1. Мойын омыртқаларының саны:
а) 7+
б) 5
в) 4
г) 8
д) 12
2. Кеуде омыртқаларының саны:
а) 12+
б) 5
в) 7
г) 8
д) 11
3. Бел омыртқаларының саны:
а) 5+
б) 4
в) 7
г) 8
д) 12
4. Сегізкөз омыртқаларының саны:
а) 5+
б) 4
в) 7
г) 8
д) 12
5. Көлденең өсінділерінде тесігі бар омыртқалар:
а) мойын омыртқалары+
б) кеуде омыртқалары
в) бел омыртқалары
г) сегізкөз омыртқалары
д) құйымшақ омыртқалары
6. Қабырғалық шұңқырлары бар омыртқалар:
а) кеуде омыртқалары+
б) мойын омыртқалары
в) бел омыртқалары
г) сегізкөз омыртқалары
д) құйымшақ омыртқалары
7. Қаңқаның тозу (кәрілік) белгілері:
а) сүйек тінінің сиректенуі+
б) сүйек табақшалары санының көбеюі
в) сүйек затының (заттегінің) тығыздануы
г) дәнекер тінінің өте көбеюі
д) өсінділердің пайда болуы
8.Жауырынның буындық ойысы … орналасқан.
а) латералдық бұрышында+
б) жоғары бұрышында
в) төменгі бұрышында
г) акромионда
д) құстұмсықтәрізді өсіндіде
9.Жауырын қылқаны … орналасқан.
а) дорсалды бетінде+
б) жоғарғы бұрышында
в) төменгі бұрышында
г) латералді бұрышында
д) қабырғалық бетінде
10. Акромион және құстұмсықтәрізді өсінділері бар сүйек:
а) жауырын+
б) төс
в) тоқпан жілік
г) шынтақ жілік
д) кәрі жілік
11. Екі мойны бар сүйек:
а) тоқпан жілік+
б) ортан жілік
в) шынтақ жілік
г) асықты жілік
д) кәрі жілік
12. Шынтақтық, кәрі жіліктік және тәждік шұңқырлар … жілікте орналасқан.
а) тоқпан+
б) ортан
в) шынтақ
г) кәрі
д) асықты
13. Қол ұшы (басы) сүйегінің бөлігі:
а) білек+
б) тілерсек
в) толарсақ
г) аяқ ұшы саусақ бақайшықтары
д) апофиз
14. Аяқ ұшы (басы) сүйегінің бөлігі:
а) тілерсек+
б) білек
в) толарсақ
г) қол ұшы саусақ бақайшықтары
д) метафиз
15. Мықын, шонданай және шат сүйектерінің жамбаста бітісетін жері …
а) ұршық ойысының аймағы+
б) қасағалық бітісу
в) құлақтық бет
г) бұдырмақ
д) қасаға қыры
16. Бассүйектің милық бөлігі (мисауыттың) сүйегі:
а) шүйделік сүйек+
б) көзжастық сүйек
в) мұрындық сүйек
г) жоғарғы жақсүйек
д) төменгі жақсүйек
17. Бассүйектің бет бөлігіне … сүйегі жатады.
а) жоғарғы жақ+
б) шүйделік
в) маңдайлық
г) сынатәрізді
д) самайлық
18. Тесіктелген табақшасы бар сүйек:
а) торлы сүйек+
б) маңдайлық сүйек
в) көзжас сүйегі
г) сынатәрізді сүйек
д) мұрын сүйегі
19. Гаймор қойнауы … сүйекте орналасқан.
а) жоғарғы жақ+
б) маңдайлық
в) сынатәрізді
г) кеңсірік
д) самайлық
20. Бассүйектің ең үлкен тесігі … сүйекте орналасқан.
а) шүйделік+
б) маңдайлық
в) төбелік
г) самайлық
д) бет әлпеттік
21. Бассүйектің милық бөлігінің тақ сүйегіне жатады.
а) маңдайлық+
б) жоғарғы жақ сүйек
в) төменгі жақ сүйек
г) самайлық
д) төбелік
22. Шүйде сүйек … тұрады.
а) базилярлы бөлік+
б) дене
в) мойын
г) өсінділер
д) доға
23. Омыртқаның … өсіндісі бар.
а) қылқанды+
б) құстұмсықтәрізді
в) тәждік
г) иық (акромион)
д) бізтәрізді
24. Мойын омыртқаларына тән анатомиялық құрылым:
а) көлденең өсінділеріндегі тесікте+
б) қабырғалық шұңқырларда
в) тәждік өсіндіде
г) емізіктәрізді өсіндіде
д) бізтәрізді өсіндіде
25. Омыртқа бағанасының … мүйіс орналасқан.
а) V-бел омыртқасының сегізкөзбен қосылған жерінде+
б) IV және V-бел омыртқаларының қосылған жерінде
в) І-сегізкөз омыртқасында
г) V-бел омыртқа денесінің тұсында
д) ІІІ және IV бел омыртқаларының арасында
26. Сегізкөздің … құлақтәрізді буындық бет орналасқан.
а) латералды бетінде+
б) дорсалды бетінде
в) жамбастық бетінде
г) сегізкөз негізінде
д) сегізкөз ұшында
27. Жауырынның тоқпан жілікпен байланысатын буындық ойығы … орналасқан.
а) жауырынның латералды бұрышында+
б) акромионда
в) жауырынның жоғарғы бұрышында
г) құстұмсықтәрізді өсіндісінде
д) жауырын қылқанында
28. Сегізкөздің тақ қыры … құралған.
а) қылқанды өсінділердің бітісуінен+
б) буындық өсінділерінің бітісуінен
в) көлденең өсінділерінің бітісуінен
г) денелерінің бітісуінен
д) сегізкөздік мүйізшелерден
29. Тоқпан жіліктің дисталды шетінде … орналасқан.
а) басы+
б) шынтақ өсіндісі
в) кіші төмпешік
г) төмпешікаралық жүлге
д) дельтатәрізді бұдырмақ
30. Кәріжіліктің дисталды шетінде … бар.
а) бізтәрізді өсіндісі+
б) басы
в) мойны
г) емізіктәрізді өсіндісі
д) бұдырмағы
31. Ұршық ойығын құруға қатысатын … болды.
а) мықын сүйек+
б) ортан жілік
в) асықты жілік (үлкен жіліншік)
г) сегізкөз
д) асықты жілік шыбығы (кіші жіліншік)
32. Ортан жіліктің дисталды шетінде … орналасқан.
а) тақымдық беті+
б) ұршықаралық қыр
в) үлкен ұршық
г) басы
д) мойны
33. Асықты жіліктің дисталды шетінде … орналасқан.
а) медиалды толарсақ+
б) асықты жіліктің бұдырмағы
в) латералды толарсақ
г) камбалатәрізді бұлшықет сызығы
д) айдаршықаралық томпақ
34. Тілерсек сүйегіне … жатады.
а) өкше сүйегі+
б) үлкен трапециятәрізді сүйек
в) кіші трапециятәрізді сүйек
г) басты сүйек
д) ілмектәрізді сүйек
35. … сүйегі мисауытын құруға қатысады.
а) Шүйде+
б) Жоғарғы жақ
в) Мұрын
г) Желбезек
д) Таңдай
36. Жұтқыншақтық төмпешік … сүйегінде орналасқан.
а) шүйде+
б) маңдай
в) шеке
г) сынатәрізді
д) самай
37. Мисауытында үлкен және кіші қанаттар … сүйегінде орналасқан.
а) сынатәрізді+
б) шеке
в) шүйде
г) маңдай
д) самай
38. Мисауыттағы … сүйекте гипофизарлық шұңқыр орналасқан.
а) сынатәрізді+
б) маңдай
в) торлы сүйек
г) шүйде
д) самай
39. Самай сүйектің пирамида бөлігі арқылы … нерві өзегі өтеді.
а) бет+
б) көру
в) әкетүші
г) кезбе
д) үшкіл
40. Мойындырық тесігін … сүйегі шектейді.
а) шүйде+
б) сынатәрізді
в) маңдай
г) шеке
д) торлы
41. Қанат-таңдай шұңқырын … мұрын қуысымен байланыстырады.
а) сына-таңдай тесігі+
б) сопақ тесік
в) қанаттәрізді өзек
г) қанаттәрізді-жоғарғы жақсүйектік саңылау
д) дөңгелек тесік
42. Көзұяның медиалды қабырғасын құруға … сүйегі қатысады.
а) көзжас+
б) бет
в) самай
г) тіласты
д) төменгі жақ
43. Мұрын қуысының латералды қабырғасын құруға … сүйегі қатысады.
а) жоғарғы жақ+
б) көзжас
в) бет
г) самай
д) шүйде
44. Омыртқа бағанасының ең қозғалмалы …
а) мойын бөлімі+
б) жоғарғы кеуде бөлімі
в) төменгі кеуде бөлімі
г) бел бөлімі
д) сегізкөз бөлімі
45. Сүйектер арасында дәнекер тін орналасқан қосылыс:
а) синдесмоз+
б) синхондроз
в) синостоз
г) диартроз
д) гемиартроз
46. Сүйектер арасында шеміршек тін орналасқан қосылыс:
а) синхондроз+
б) синостоз
в) синдесмоз
г) диартроз
д) гемиартроз
47. Сүйектер арасында сүйектік тін орналасқан қосылыс:
а) синостоз+
б) синхондроз
в) синдесмоз
г) диартроз
д) гемиартроз
48. Төменгі жақсүйек … сүйекпен буын құрайды.
а) самайлық+
б) бет әлпет
в) жоғарғы жақ
г) шүйделік
д) шекелік
49. Омыртқа доғасын … байлам байланыстырады.
а) сары+
б) алдыңғы бойлық
в) артқы бойлық
г) желке
д) қылқанаралық
50.Шынтақ буынына жататын анатомиялық құрылым:
а) кәрі жіліктің сақинатәрізді байламы+
б) буындық ерін
в) менискілер
г) буындық диск
д) сүйекаралық жарғақ
51. Сирақ-асық буынын құруға … сүйегі қатысады.
а) асықты жілік+
б) өкше
в) қайықтәрізді
г) шаршытәрізді
д) медиалды сынатәрізді
52. Иық буынының байламы:
а) құстұмсық-тоқпан жілік байламы+
б) құстұмсық-акромиалды байлам
в) құстұмсық-бұғана байламы
г) жауырынның төменгі көлденең байламы
д) жауырынның жоғарғы көлденең байламы
53. Шынтақ буынындағы қозғалыстар:
а) білекті бүгу және жазу+
б) тоқпан жілікті әкелу және әкету
в) тоқпан жілікті айналдыру
г) қолды шеңбер бойымен айналдыру
д) білекті әкету және әкелу
54. Кәрі жілік-білезік буынындағы қозғалыстар:
а) әкелу және әкету+
б) кәрі жілікті айналдыру
в) шынтақ жілікті айналдыру
г) супинация
д) пронация
55. Сегізкөз-мықын буынының байламы:
а) сегізкөз-мықын байламы+
б) сегізкөз-төмпе байламы
в) сегізкөз-қылқан байламы
г) ортан жілік басының байламы
д) ұршық ойығының көлденең байламы
56. Тізе буынының қозғалыстары:
а) бүгу және жазу+
б) әкету
в) шеңбер бойымен қозғалу
г) әкелу
д) супинациа
57. Төменгі жақсүйекті көтеретін бұлшықет:
а) медиалдық қанаттәрізді, шайнау, самайлық+
б) латериалдық қанаттәрізді, самайлық ұрттық
в) самайлық, иекасты, ауыздың дөңгелек
г) күлкі, ұрттық, қалқантіласты
д) үлкен бетәлпеттік, кіші бетәлпеттік, иекасты
58. Самайлық шұңқырдан басталып, төменгі жақ сүйектің тәждік өсіндісіне … бұлшықеті бекиді.
а) самайлық+
б) ерінді көтеретін
в) медиалдық қанаттәрізді
г) латералдық қанаттәрізді
д) ұрттық
59. Көздің айналасында шеңберлі орналасып көзді жұматын бұлшықет …
а) көздің дөңгелек бұлшықеті+
б) самайлық
в) шайнау
г) медиалдық қанаттәрізді
д) латериалдық қанаттәрізді ұрт
60. Мимикалық бұлшықеттердің ерекшелігі:
а) теріге бекиді+
б) сүйектерден басталып, сүйектерге бекиді
в) сөйлеуге қатысады
г) бүгуге қатысады
д) жазуға қатысады
61. Мойынның беткей бұлшықетін көрсетіңіз:
а) төс-бұғана-емізіктәрізді бұлшықет+
б) сатылық алдыңғы бұлшықет
в) төс-тіласты бұлшықеті
г) төс-қалқанша бұлшықеті
д) қалқанша-тіласты бұлшықеті
62. Тіласты сүйегінің үстінде орналасқан мойын бұлшықетін көрсетіңіз:
а) жақсүйек-тіласты бұлшықеті+
б) мойынның теріастылық бұлшықеті
в) төс-бұғана-емізіктәрізді бұлшықеті
г) төс-тіласты бұлшықеті
д) қалқанша-тіласты бұлшықеті
63. Тіласты сүйегінің астында орналасқан мойын бұлшықетін көрсетіңіз:
а) жауырын-тіласты бұлышеқеті+
б) сатылық алдыңғы бұлшықеті
в) мойынның ұзын бұлшықеті
г) қос қарыншалы бұлшықеті
д) иек-тіласты бұлшықеті
64. Кеуде торын кеңейтуге … бұлшықеті қатысады.
а) алдыңғы тісті+
б) үлкен ромбтәрізді
в) жауырынды көтеретін
г) трапециятәрізді
д) арқаның аса жалпақ
65. Қабырғаны түсіретін бұлшықет:
а) ішкі қабырғааралық бұлшықет+
б) сыртқы қабырғааралық бұлшықет
в) трапециятәрізді бұлшықет
г) арқаның аса жалпақ бұлшықеті
д) алдыңғы тісті бұлшықет
66. Іштің тік бұлшықеті қынабының артқы қабырғасын түзуге … қатысады.
а) көлденең шандыр+
б) іштің көлденең бұлшықетінің апоневрозы
в) іштің сыртқы қиғаш бұлшықетінің апоневрозы
г) іштің ішкі қиғаш бұлшықетінің апоневрозы
д) шап байламы
67. Шап өзегінің төменгі қабырғасын құруға … қатысады.
а) шап байламы+
б) іштің ішкі қиғаш бұлшықеті
в) іштің тік бұлшықеті
г) көлденең шандыр
д) пирамидатәрізді бұлшықет
68. Мимикалық бұлшықеттердің топографиялық және құрылымдық ерекшеліктері:
а) тері асты шандырымен қапталмаған+
б) терең орналасады
в) бассүйек тесіктерінің айналасына шоғырланған
г) сүйектерге бекиді
д) І-ші висцералды доға негізінде дамиды
69. І-қабырға мен бұғана арасында … бұлшықеті орналасқан.
а) сыртқы қабырғааралық+
б) үлкен кеуде
в) кіші кеуде
г) бұғанаасты
д) алдыңғы тісті
70. Көкеттің сіңірлі орталығында … орналасқан.
а) төменгі қуыс вена тесігі+
б) өңеш тесігі
в) қолқалық тесігі
г) төс-қабырға саңылауы
д) бел-қабырға саңылауы
71. Меншікті шайнау бұлшықеті … басталады.
а) жоғарғы жақсүйектің бетсүйектік өсіндісінен+
б) сынатәрізді сүйектің қанаттәрізді өсіндісінен
в) самай сүйектің бізтәрізді өсіндісінен
г) жоғарғы жақсүйектің алвеолалық доғасынан
д) самай сүйектің емізіктәрізді өсіндісі
72. Көкеттің бұлшықетті бөлігінен … тесігі өтеді.
а) қолқа+
б) төс-қабырға
в) бел-қабырға
г) төменгі қуыс вена
д) жоғарғы қуыс вена
73. Иықтың үш басты бұлшықетінің қызметі:
а) білекті жазады+
б) иықты пронациялайды
в) иықты супинациялайды
г) иықты әкетеді
д) иықты әкеледі
74. Үлкен шонданай тесігі арқылы … бұлшықеті өтеді.
а) алмұрттәрізді+
б) мықын-бел
в) ішкі жапқыш
г) сыртқы жапқыш
д) қырлы
75. Ерлердің шап өзегінен … өтеді.
а) шәует шылбыры+
б) несепағар
в) несеп шығаратын өзек
г) шәует қуықшасы
д) жатыр түтігі
76. Сан өзегінің терең сақинасын … шектейді.
а) торлы шандырдың орақтәрізді жиегі+
б) шәует шылбыры
в) мықын-қыр доғасы
г) шап байламы
д) қырлы бұлшықет
77. Тақым шұңқырын латеральды … бұлшықеті шектейді.
а) санның екі басты+
б) жіңішке
в) үлкен әкелуші
г) ұзын әкелуші
д) тігінші
78. Әйелдердің шап өзегінен … өтеді.
а) жатырдың жұмыр байламы+
б) шәует шылбыры
в) анабездің меншікті байламы
г) шәует қуықшалары
д) жатыр түтіктері
79. Шап өзегінің алдыңғы қабырғасын … құрайды.
а) іштің сыртқы қиғаш бұлшықетінің апоневрозы+
б) іштің ішкі қиғаш бұлшықетінің апоневрозы
в) көлденең бұлшықет апоневрозы
г) көлденең шандыр
д) шап байламы
80. Арқаның беткей бұлшықеті:
а) трапециялық бұлшықет+
б) көп бөлінген бұлшықет
в) мойынның қылқан бұлшықеті
г) пирамидалық бұлшықет
д) мойынның ұзын бұлшықеті
81. Арқаның терең бұлшықеті:
а) омыртқа бағанасын тіктейтін бұлшықет+
б) трапециялық бұлшықет
в) аса жалпақ бұлшықет
г) үлкен ромбтәрізді бұлшықет
д) кіші ромбтәрізді бұлшықет
82. Бірінші қабырға мен бұғана аралығында … бұлшықеті орналасқан.
а) бұғанаасты+
б) кеуделік үлкен
в) кеуделік кіші
г) кіші ромбтәрізді
д) омыртқа бағанасын тікейтетін
83. Іштің тік бұлшықеті қынабының артқы қабырғасының кіндіктен жоғарғы бөлігін түзуге… бұлшықетінің апоневрозы қатысады.
а) іштің көлденең+
б) іштің сыртқы қиғаш
в) іштің ішкі қиғаш
г) пирамидалық
д) белдің шаршы
84. … шап өзегінің артқы қабырғасын түзеді.
а) Көлденең шандыр+
б) Іштің сыртқы қиғаш бұлшықетінің апоневрозы
в) Іштің ішкі қиғаш бұлшықетінің апоневрозы
г) Іштің көлденең бұлшықетінің апоневрозы
д) Шап байламы
85. Ас қорыту жүйесінің іш қуыс ағзаларының қабырғасын түзетін қабықтардың толық құрамы …
а) шырышты, шырышасты негізі, бұлшықетті және сірлі қабықтар+
б) дәнекер тіндік қабық
в) шырышасты негізі және сірлі қабық
г) шырышасты негізі, бұлшықетті және сірлі қабықтар
д) шырышты және сірлі қабықтар
86.Шықшыт безі өзінің секретін … бөледі
а) ауыз қуысының кіреберісіне+
б) асқазан қуысына
в) сыртқы ортаға
г) өңеш қуысына
д) жұтқыншақ қуысына
87.Өңештің бөліктері:
а) мойындық, кеуделік және іштік+
б) бұғаналық, кеуделік және іштік
в) шүйделік, мойындық және кеуделік
г) мойындық, кеуделік және көкеттік
д) жұтқыншақтық, мойындық және кеуделік
88.Ауыз қуысы … бөлінеді.
а) кіреберіс және меншікті ауыз қуысына+
б) кіреберіс және үңгірге
в) өзек және батыңқыға
г) кіреберіс және саңылауға
д) меншікті ауыз қуысы және қойнауға
89.Еріндердің негізін … бұлшықеті құрайды.
а) ауыздың дөңгелек+
б) иек
в) ұрт
г) пирамидалық
д) қанаттәрізді
90.Тіс ұлпасы – …
а) тамырлар мен нервтер бар тіс қуысы+
б) тістің көрініп тұрған бөлігінің қабығы
в) түбірді жауып тұрған заттек
г) тіс мойнының айналасындағы дәнекер тін
д) түбірдің мойынға өтетін жері
91.Үлкен азу тістердің кіші азу тістерден айырмашылығы …
а) шайнау төмпешіктері мен түбірлерінің санында+
б) биіктігінде
в) ұзындығында
г) мойнының барлығында
д) мойнының жоқтығында
92.Тіл жүгеншігі … орналасқан.
а) тілдің астында+
б) тілдің артында
в) тілдің жиектерінде
г) тілдің түібірінде
д) ауыздың кіреберісінде
93.Тілдің жоғарғы бетіндегі құрылымдар:
а) бүртіктер+
б) шұңқыршалар
в) альвеолалар
г) Бүрлер
д) ацинус
94. Тілдің түбірінде … орналасқан.
а) шұңқырша+
б) саңылау
в) бадамша
г) доғашы
д) перде
95.Асқазанның шырышты қабығының қатпарларын … қабық түзеді.
а) шырышасты+
б) бұлшықетті
в) сірлі
г) адвентициалдық
д) ақ қабықтық
96.Асқазан … жабылған.
а) ішастармен +
б) шандырмен
в) капсуламен
г) кутикуламен
д) плеврамен
97.Асқазанның бұлшықеттік қабығының қабаттары:
а) бойлық, циркулярлық және қиғаш+
б) циркулярлық және қиғаш
в) циркулярлық және көлденең
г) бойлық және көлденең
д) бойлық, циркулярлық және тік
98.Құрттәрізді өсінді … ішекте орналасқан..
а) соқыр+
б) он екі елі
в) аш
г) мықын
д) сигматәрізді
99. Ауыз кіреберісінің қабырғасын … құрайды.
а) еріндер+
б) таңдай бадамшасы
в) жұмсақ таңдай
г) ауыз көкеті
д) жақасты сілекей безі
100. Ауыз кіреберісін меншікті ауыз қуысынан … бөліп тұрады.
а) тістер+
б) аңқа
в) еріндер
г) таңдай-тіл доғалары
д) ұрттар
101. Аңқаны … шектеп тұрады.
а) жұмсақ таңдай+
б) түтік буылтығы
в) көмей қақпашығы
г) тіласты қатпары
д) ауыз көкеті
102. Тістің бөліктерін көрсетіңіз
а) тіс сауыты+
б) нервтер
в) қан тамырлар
г) лимфа тамырлары
д) қызылиек
103. Адамның тұрақты тістері … шыға бастайды.
а) 6-7 жаста+
б) 6-7 айда.
в) 2-3 жаста
г) 9-10 жаста
д) 7-8 жаста
104. Шықшыт безінің түтігі … ашылады.
а) ауыз кіреберісіне+
б) тіласты бүртігіне
в) тіласты қатпарының шырышты қабығына
г) жұмсақ таңдайға
д) меншікті ауыз қуысына
105.Төменгі жақсүйек асты безі … ашылады.
а) тіласты бүртігіне+
б) төменгі ерін жүгеншігіне
в) ауыз кіреберісіне
г) бадамшаүсті шұңқырына
д) меншікті ауыз қуысына
106. Ауыз қуысы жұтқыншақпен … арқылы байланысады.
а) аңқа+
б) хоаналар
в) евстахий түтігінің жұтқыншақтық тесігі
г) көмей кіреберісі
д) алмұрттәрізді тесік
107. Тілде науашықтәрізді бүртіктер … орналасқан.
а) шекаралық жүлге мен соқыр тесіктің алдында+
б) тілдің жиегінде
в) тілдің ұшында
г) тіл арқашығының бетінде
д) тіл денесі мен түбірінің арасында
108.Тіл бадамшасы … орналасқан.
а) тіл түбірінде+
б) тіл жиегінде
в) тілдің денесі
г) тілдің төменгі бетінде
д) тілдің ұшында
109. Өңештің бөлігі:
а) кеуделік бөлік+
б) бастық бөлік
в) ауыздық бөлік
г) ішастар артындағы бөлік
д) айырықтық бөлік
110. Сыртқы есту өтісінің астында орналасқан сілекей безін атаңыз
а) шықшыт безі+
б) еріндік бездер
в) жақасты безі
г) тіласты безі
д) таңдай бездері
111. Жұтқыншақтың артқы және жоғарғы қабырғаларының арасында … бадамша орналасқан.
а) жұтқыншақтық+
б) түтіктік
в) таңдайлық
г) тілдік
д) жекеленген лимфа түйіншелері
112. Тоқ ішектің шажырқайы жоқ бөлігі:
а) жоғарлаған жиекшек+
б) сигматәрізді ішек
в) көлденең жиек ішек
г) құрттәрізді өсінді
д) соқыр ішек
113. Асқазан ішастармен … жабылған.
а) интраперитонеалды+
б) мезоперитонеалды
в) экстраперитонеалды
г) экстра-, мезо- және интраперитонеалды
д) ретроперитонеалды
114. Пейер түйіншелері … тіннен құралған.
а) лимфоидтық +
б) майлы
в) бұлшықетті
г) эпителиалды
д) дәнекерлі
115. Ішектің … бөлігінде пейер түйіншелері орналасқан
а) мықын ішек+
б) асқазан
в) 12-елі ішек
г) аш ішек
д) соқыр ішек
116. Аш ішек ішастармен … жабылған.
а) интраперитонеалды+
б) экстраперитонеалды
в) мезоперитонеалды
г) ретроперитонеалды
д) экстра-, мезо- және интраперитонеалды
117. Ішек түтігінің … бөлігінде алғашқы рет май ыдырай бастайды
а) аш ішек+
б) өңеш
в) асқазан
г) 12-екі ішек
д) сигматәрізді ішек
118. Тоқ ішектің бастапқы бөлігін атаңыз
а) соқыр ішек+
б) көлденең жиек ішек
в) жоғарылаған жиек ішек
г) сигматәрізді ішек
д) тік ішек
119. Соқыр ішек ішастармен … жабылған.
а) интраперитонеалды +
б) мезоперитонеалды
в) ретроперитонеалды
г) экстраперитонеалды
д) интра-, мезо- және экстраперитонеалды
120. Ұйқы безінің басын қоршай орналасқан ағза:
а) он екі елі ішек+
б) асқазан
в) көкбауыр
г) бауыр
д) бүйрек
121. Ұйқы безінің алдыңғы бетіне жанасып жатқан ағза:
а) асқазан +
б) он екі елі ішек
в) көкбауыр
г) бауыр
д) бүйрек
122. Таңдай бадамшасы … орналасқан.
а) таңдай-жұтқыншақ және таңдай-тіл доғаларының арасында+
б) таңдай-жұтқыншақ доғасынан жоғарыда
в) таңдай-жұтқыншақ доғасының артында
г) жұмсақ таңдай тілшігінде
д) тілшікке жақын
123. Жұтқыншақ бадамшасы … орналасқан.
а) ауызжұтқыншақта+
б) мұрынжұтқыншақта
в) жұтқыншақ күмбезінде
г) жұмсақ таңдай негізінде
д) таңдай пердесінде
124. Лимфа түйіндері (Пейер түйіншелері) … қабырғасында шоғырланып орналасқан.
а) мықын ішек+
б) өңеш
в) асқазан
г) соқыр ішек
д) аш ішек
125.Жұтқыншақ аймағында лимфалық-эпителийлік сақинаны … бадамша бездер түзеді.
а) 2 таңдайлық, 2 түтіктік, 1 тілдік және 1 жұтқыншақтық+
б) 2 таңдайлық, 2 түтіктік, 1 тілдік және 2 жұтқыншақтық
в) 1 таңдайлық, 2 түтіктік, 1 тілдік және 2 жұтқыншақтық
г) 1 таңдайлық, 1 түтіктік, 2 тілдік және 2 жұтқыншақтық
д) 2 таңдайлық, 1 түтіктік, 1 тілдік және 2 жұтқыншақтық
126 … шоғырланған лимфа түйіншелері орналасқан.
а) Мықын ішекте+
б) Асқазанда
в) Сигматәрізді ішекте
г) Кеңірдекте
д) Тік ішекте
127. Бауыр сегменттерінің саны:
а) сегіз+
б) он
в) алты
г) екі
д) үш
128. Ұйқы безінің толық құрамдық бөліктері:
а) басы, денесі және құйрығы+
б) ұшы, түбі және денесі
в) денесі, түбі және өсіндісі
г) басы, түбі және денесі
д) негізі және ұшы
129. Өтқуықтың … болып табылады.
а) өт жиналатын орын+
б) өт өңдіру
в) эндокриндік
г) қан өңдіру
д) иммундық
130. Ұйқы безінің басы … омыртқасы тұсында орналасқан.
а) ІІ-бел+
б) ХІІ-кеуде
в) ХІ-кеуде
г) ІV-бел
д) Х- кеуде
131. Ұйқы безінің басы … жанасады.
а) он екі елі ішекпен+
б) көлденең жиек ішекпен
в) асқазанмен
г) оң бүйрекпен
д) өтқуықпен
132. Ұйқы безі ішастармен … жабылған.
а) экстраперитонеалды+
б) интраперитонелды
в) мезоперитонеалды
г) шажырқаймен
д) интрамезоперитонеалды
133. Ұйқы безі түтігі … бөлігіне ашылады.
а) он екі елі ішектің төмендеген+
б) он екі елі ішектің жоғарғы
в) он екі елі ішектің жоғарылаған
г) он екі елі ішектің горизонталды
д) он екі елі ішектің төменгі
134. Эмбрионалды кезеңде қан өндіру қызметін … атқарады.
а) бауыр+
б) өтқуық
в) бүйрек
г) ұйқы безі
д) асқазан
135. Купфер жасушалары … фагоцитарлық қызмет атқарады
а) бауырда+
б) өтқуықта
в) бүйректе
г) ұйқы безінде
д) асқазанда
136. Ұйқы безінің құйрығы бөлігінде … орналасқан.
а) көкбауыр+
б) асқазан
в) он екі елі ішек
г) бауыр
д) бүйрек
137.Мұрын қуысының бөліктері:
а) тыныс алу және иіс сезу+
б) тыныс алу және көру
в) тыныс алу және түйісуді сезу
г) иіс сезу және есту
д) иіс сезу және дәм сезу
138.Мұрындық жол – …
а) мұрын қалқанының астындағы кеңістік+
б) мұрын қуысының кіреберісі
в) мұрын-көзжасөзегінің тесігі
г) жоғарғы жақсүйектің маңдайлы өсіндісінің жанындағы жүлге
д) сынатәрізді сүйектің үлкен және кіші қанаттардың арасындағы саңылау
139. Көмей … болып табылады:
а) тыныс алу жолы мен дауыс аппараты+
б) тыныс алу және тірек-қимыл аппараты
в) ас қорыту және дауыс аппараты
г) несеп шығаратын жүйе мен дауыс аппараты
д) тынысалу және ас қорыту аппараты
140.Кеңірдек – …
а) көмей мен басты бронхтардың аралығында орналасқан түтікті ағза+
б) ауыз қуысы мен өңештің аралығында орналасқан түтікті ағза
в) бүйректің жоғарғы шетінде орналасқан ағза
г) бүйрек пен несеп қуықтың аралығында орналасқан түтікті ағза
д) өкпелердің аралығында орналасқан үлесті ағза
141.Кеңірдек айырығы – …
а) кеңірдектің екі негізгі бронхтарға бөлінген жері+
б) көршілес шеміршектік жартылай сақиналардың аралығындағы дәнекер тіндік табақша
в) кеңірдектің сыртқы қабығы
г) кеңірдек қабырғасының қақпағы
д) кеңірдектің қолқамен қиылысқан жері
142.Мұрын қуысында … мұрын жолы орналасқан.
а) үш+
б) екі
в) төрт
г) бес
д) бір
143.Төменгі мұрын жолына … ашылады.
а) мұрын-көзжас өзегі+
б) маңдай қойнауы
в) гаймор қойнауы
г) торлы сүйектің (кеңсіріктің) алдыңғы ұяшықтары
д) евстахий түтігі
144. Көмейдің тақ шеміршегі:
а) қалқаншатәрізді+
б) мүйізтәрізді
в) сынатәрізді
г) ожаутәрізді
д) дән тәрізді
145. Жоғарғы жақсүйек қойнауына … ашылады.
а) ортаңғы мұрын жолы+
б) жоғарғы мұрын жолы
в) сына-таңдай шұңқыры
г) төменгі мұрын жолы
д) мұрын-көзжас өзегі
146. Маңдай қойнауына … ашылады.
а) ортаңғы мұрын жолы+
б) жоғарғы мұрын жолы
в) алдыңғы бассүйек шұңқыры
г) жоғарғы көзұя саңылауы
д) төменгі мұрын жолы
147. Жоғарғы мұрын жолына … ашылады.
а) сынатәрізді қойнаудың тесігі+
б) маңдай қойнауының тесігі
в) торлы сүйектің алдыңғы ұяшықтары
г) жоғарғы жақсүйек қойнауы
д) мұрын-көзжас өзегі
148, Мұрын қуысының тыныстық аймағының бездерін көрсетіңіз
а) шырышты бездер+
б) терлік бездер
в) сірлік (сероздық) бездер
г) май бездері
д) шырышасты бездері
149. Төменгі мұрын жолына … ашылады.
а) мұрын-көзжас өзегі+
б) торлы сүйектің ортаңғы ұяшықтары
в) жоғарғы жақсүйек қойнауы
г) торлы сүйектің артқы ұяшықтары
д) сынатәрізді қойнау
150. Мұрын қуысының веналық өрімінің қызметі:
а) ауаны жылыту+
б) қорғаныш
в) фагоцитоз
г) ауаны ылғалдандыру
д) тазарту
151. Көмейдің жүзікке ұқсас тақ шеміршегі:
а) жүзік тәрізді+
б) қалқанша тәрізді
в) мүйіз тәрізді
г) сынатәрізді
д) көмей қақпашығы
152, Көмей кіреберісін шектейтін тақ шеміршек:
а) көмей қақпашығы+
б) қалқанша тәрізді
в) қалқанша маңы
г) мүйіз тәрізді
д) сынатәрізді
153. Көмей артқы жағынан … жанасады.
а) жұтқыншақтың көмейлік бөлігімен+
б) тіласты бұлшықетімен
в) қалқанша безімен
г) жұтқыншақпен
д) мойын шандырының омыртқа алды табақшасымен
154. Көмейдің екі табақшадан тұратын шеміршегі:
а) қалқанша+
б) жүзіктәрізді
в) көмей қақпашығы
г) мүйізтәрізді
д) сына тәрізді
155. Адам алмасы бұрышын құрайтын көмейдің шеміршегі:
а) қалқанша+
б) жүзіктәрізді шеміршек
в) мүйізтәрізді
г) сынатәрізді
д) көмей қақпашығы
156. Дауыс түзуге … бұлшықеттері қатысады.
а) көмей+
б) ауыз қуысы қабырғасының
в) тіл
г) жұтқыншақ
д) таңдай және көмей
157. Ересек адамда кеңірдек айырығы … деңгейінде орналасқан.
а) V-кеуде омыртқасы+
б) төс бұрышы
в) төстің мойындырық тілігі
г) қолқа доғасының жоғарғы жиегі
д) VII-кеуде омыртқасы
158. Өкпе қақпасына … кіреді.
а) басты бронхтар+
б) сол ұйқы артериясы
в) оң ұйқы артериясы
г) жалпы ұйқы артериясы
д) ішкі мойындырық венасы
159. Оң өкпедегі сегменттер саны:
а) 10+
б) 5
в) 6
г) 7
д) 8
160. Бронх тармақтарының (ағашының) … бөлігінде шеміршек болмайды.
а) соңғы бронхшалар+
б) басты бронхтар
в) үлестік бронхтар
г) үлесшелік бронхтар
д) сегменттік бронхтар
161. Өкпенің құрылымдық-функционалдық бірлігі:
а) ацинус+
б) соңғы бронхшалар
в) тыныстық бронхшалар
г) көпіршіктік (альвеолярлық) жолдар
д) сегменттік бронхтар
162. Өкпенің құрылымдық элементтерінде ауа мен қан арасында газ алмасу… жүреді.
а) көпіршіктерде (альвеолдар)+
б) сегменттік бронхтарда
в) үлесше бронхшаларында
г) үлестік бронхтарда
д) соңғы бронхшаларда
163. Оң өкпедегі үлестер саны:
а) 3+
б) 1
в) 2
г) 4
д) 5
164.Жүрек қарыншаларының миокард қабатының саны:
а) үш+
б) екі
в) төрт
г) бір
д) бес
165.Жүрек … орналасқан.
а) алдыңғы көкірекаралықта+
б) алдыңғы көкірекаралық ортаңғы
в) артқы көкірекаралықта
г) жоғарғы көкірекаралықта
д) бүйір көкірекаралықта
166.Жүректің оң жақ жүрекше- қарынша тесігінде … орналасқан.
а) үшжармалы қақпақ+
б) қолқалы қақпақ
в) митралдық қақпақ
г) жартыайлы қақпақ
д) өкпе сабауының қақпағы
167.Микроциркуляторлық ағын дегеніміз:
а) тіндердегі жергілікті қан айналымның тамырлық торы+
б) көз алмасының түбіндегі лимфокапиллярлар торы
в) бүйрек денешігіндегі гемокапиллярлар
г) иреленген шәует өзекшелерінің торы
д) бүйректің тік өзекшелерінің торы
168. Ерлер жүрегінің орташа салмағы:
а) 300 г.+
б) 400 г.
в) 350 г.
г) 250 г.
д) 370 г.
169. Әйелдер жүрегінің орташа салмағы:
а) 220 г.+
б) 200 г.
в) 300 г.
г) 350 г.
д) 380 г.
170. Жүрек көкірекаралықтың … бөлігінде орналасқан.
а) алдыңғы+
б) жоғарғы
в) артқы
г) алдыңғы-жоғарғы
д) төменгі
171. Кіші қанайналым шеңбері … басталады.
а) өкпе сабауынан+
б) иық-бас сабауынан
в) қолқадан
г) бронх артерияларынан
д) көкірекаралық артерияларынан
172. Сол қарыншаның қабырғасында … тесігі орналасқан.
а) қолқа+
б) тәждік қойнаудың
в) өкпе веналарының
г) өкпе сабауының
д) төменгі қуысты вена
173. Оң қарыншаның қабырғасында … тесігі орналасқан.
а) өкпе сабауының+
б) төменгі қуыс вена
в) қақпа венасының
г) қолқа
д) митралды қақпақша
174,.Жүрек қабырғасының сыртқы қабығы … саналады.
а) эпикард+
б) фиброзды қабық
в) шырышты қабық
г) сірлі қабық
д) шырышасты қабық
175. Жүрек қабырғасының ішкі қабығы … саналады.
а) эндокард+
б) қыртыстық
в) милық
г) жүрекқап
д) дәнекертінді қабық
176. Жүректің өткізгіш жүйесінің элементі:
а) жүрекше-қарыншалық түйін+
б) жеке түйін
в) үшкіл түйін
г) жүрек шиыршығы
д) проприоцептивтік шоғыр
177. Жүректегі оң жақ жүрекше-қарынша аралық тесікті жабатын қақпақша:
а) үш жармалы қақпақ+
б) веноздық қақпақ
в) митралды қақпақ
г) екі жармалы қақпақ
д) сол жүрекше-қарынша аралық қақпа
178. Жүрек … орналасқан.
а) көкірекаралықта+
б) көкірек қуысында
в) іш қуысында
г) плевра қуысында
д) іш қуысының артында
179. Жүректі … артерия қанмен қамтамасыз етеді.
а) тәждік+
б) ұйқы
в) шажырқайлық
г) омыртқалық
д) мықын
180. Үлкен қанайналым шеңбері … басталады.
а) сол қарыншадан+
б) сол жүрекшеден
в) оң қарыншадан
г) оң жүрекшеден
д) оң құлақшадан
181. Жүректің сол қарыншасындағы тесіктер саны:
а) 2+
б) 1
в) 3
г) 4
д) 5
182. Жүректің оң қарыншасындағы тесіктер саны:
а) 2+
б) 3
в) 1
г) 4
д) 5
183. Сол жүрекшедегі тесіктер саны:
а) 5+
б) 1
в) 4
г) 2
д) 6
184.Жүректің ортаңғы қабығының атын атаңыз:
а) миокард+
б) перикард
в) эндокард
г) плевра
д) эпикард
185. … жүректің сол жақ қарыншасынан шығады.
а) Қолқа+
б) Тәждік артерия
в) Ұйқы артериясы
г) Иық артериясы
д) Мойындырық венасы
186. … жүректің оң жақ қарыншасынан шығады.
а) Өкпе сабауы+
б) Тәждік артерия
в) Қолқа
г) Ұйқы артериясы
д) Бұғанаасты венасы
187. Сол жақ жүрекшеге … құяды.
а) өкпе веналары+
б) мойындырық венасы
в) жоғарғы қуыс вена
г) қақпа венасы
д) бұғанаасты венасы
188. Жүректің митралдық қақпағы … арасында орналасқан.
а) сол жақ жүрекше мен қарыншаның+
б) сол қарынша мен қолқаның
в) оң жүрекше мен қарыншаның
г) оң қарынша мен өкпе сабауының
д) жоғарғы қуыс вена мен оң жүрекшенің
189. Ішкі ұйқы артериясы өтетін самайлық сүйектің өзегі:
а) ұйқы өзегі+
б) бұлшықеттүкті өзегі
в) бет өзегі
г) ұлу өзегі
д) дабыл өзекшесі
190. Қолқа доғасынан … артериясы шығады.
а) сол жақ жалпы ұйқы+
б) оң жақ жалпы ұйқы
в) қолтық
г) омыртқа
д) иық
191. Қолқа доғасынан шығатын ірі тамырлар:
а) иық-бас сабауы, сол жалпы ұйқы және сол бұғанаасты артериялары+
б) иық-бас сабауы, сол жалпы ұйқы және оң бұғанаасты артериялары
в) иық-бас сабауы, оң жалпы ұйқы және сол бұғанаасты артериялары
г) иық-бас сабауы, оң жалпы ұйқы және оң бұғанаасты артериялары
д) иық-бас сабауы, омыртқа және қолтық артериялары
192. Микроциркуляторлық ағын дегеніміз:
а) тіндердегі жергілікті қан айналымның тамырлық торы+
б) көз алмасының түбіндегі лимфокапиллярлар торы
в) бүйрек денешігіндегі гемокапиллярлар
г) иреленген шәует өзекшелерінің торы
д) бүйректің тік өзекшелерінің торы
193. Іш қолқасының жұп тармағына … артериясы жатады.
а) бүйрек+
б) кәрі жілік
в) бауыр
г) жоғарғы шажырқайлық
д) төменгі шажырқайлық
194. Иық-бас сабауының тармағы:
а) оң бұғанаасты артериясы+
б) сол жалпы ұйқы артериясы
в) сол бұғанаасты артериясы
г) сол ішкі ұйқы артериясы
д) сол сыртқы ұйқы артериясы
195. Жүректің тәждік артериялары … шығады.
а) қолқа буылтығынан+
б) қолқа доғасынан
в) өкпе сабауынан
г) сол қарыншадан
д) оң қарыншадан
196. Қолқаның кеуделік бөлігінен … артерия шығады.
а) артқы қабырғааралық+
б) алдыңғы қабырғааралықлық
в) шүйделік
г) төменгі көкеттік
д) көмейлік
197. Сыртқы ұйқы артериясының алдыңғы тармағы:
а) бет артериясы+
б) көкбауыр артериясы
в) құлақ артериясы
г) емізіктік артерия
д) кеуде артериясы
198. Миды … артериясы қанмен қамтамасыз етеді.
а) ішкі ұйқы+
б) мойындырық
в) қалқанша
г) беттік
д) тіл
199. Миды қанмен қамтамасыз етуге … артериясы қатысады.
а) омыртқа+
б) жалпы ұйқы
в) қалқанша
г) көзұяасты
д) көзұяүсті
200. Бұғанаасты артериясының тармағы …
а) омыртқа артериясы+
б) торлық артерия
в) таңдай артериясы
г) көз артериясы
д) тіл артериясы
201. Ішкі ұйқы артериясының тармағы …
а) көз артериясы+
б) тіл артериясы
в) омыртқа артериясы
г) құлақ артериясы
д) біз-емізік артериясы
202. Жоғарылаған қолқаның тармағы:
а) оң және сол тәждік артериялар+
б) иық-бас сабауы
в) сол жалпы ұйқы артериясы
г) оң жалпы ұйқы артериясы
д) торлық артерия
203. Алдыңғы дәнекер артерия … байланыстырады.
а) оң және сол алдыңғы ми артерияларын+
б) алдыңғы және ортаңғы ми артерияларын
в) ортаңғы және артқы ми артерияларын
г) оң және сол ішкі ұйқы артерияларын
д) алдыңғы және артқы ми артерияларын
204. Омыртқа артериясының бассүйек ішіндегі тармағы:
а) алдыңғы жұлын артериясы+
б) бұғанаасты артериясы
в) алдыңғы
г) жоғарғы ми артериясы
д) артқы дәнекер артерия
205. Дельтатәрізді бұлшықетті … артериясы қанмен қамтамасыз етеді.
а) кеуде-акромион+
б) жауырынасты
в) латералді кеуде
г) мойынның көлденең
д) жоғарғы кеуде
206. Қолтық артериясының тармағы:
а) латериалды кеуде артериясы+
б) иық
в) иықтың терең артериясы
г) мойынның терең артериясы
д) шынтақ жілік артериясы мойынның беткей артериясы
207. Иықтың терең артериясының тармағы:
а) ортаңғы жанама артерия+
б) кәрі жіліктік қайтарма артерия
в) иық артериясы
г) шынтақ жіліктік төменгі жанама артерия
д) жоғарғы жанама артерия
208. Кәрі жілік артериясының тармағы:
а) кәрі жіліктік қайтарма артерия+
б) кәрі жіліктік жанама артерия
в) ортаңғы жанама артерия
г) жалпы сүйекаралық артерия
д) иықтың терең артериясы
209. Іш қолқасының тармағы:
а) жалпы мықын артериясы+
б) төменгі құрсақүсті артериясы
в) төменгі бүйрекүсті артериясы
г) жоғарғы көкет артериясы
д) бел артериясы
210. Іш қолқасының висцералды тақ тармағы:
а) құрсақ сабауы+
б) жоғарғы бүйрекүсті артериясы
в) бел артериясы
г) жоғарғы қуық артериясы
д) жоғарғы құрсақүстілік артерия
211. Құрсақ сабауынан … артериясы шығады.
а) сол асқазан+
б) оң асқазан
в) жоғарғы шажырқай
г) төменгі шажырқай
д) меншікті бауыр
212. Іш қолқасының тақ висцералды тармағы:
а) жоғарғы шажырқай артериясы+
б) оң асқазан-шарбылық артерия
в) сол асқазан-шарбылық артерия
г) көкбауыр артериясы
д) сол асқазан артериясы
213. Іш қолқасының тақ висцералды тармағы:
а) төменгі шажырқай артериясы+
б) асқазан-он екі елі ішектік артерия
в) жалпы бауыр артериясы
г) меншікті бауыр артериясының сол тармағы
д) меншікті бауыр артериясының оң тармағы
214. Жоғарғы шажырқай артериясы … қанмен қамтамасыз етеді.
а) аш ішекті және тоқ ішектің бастапқы бөлімін+
б) бауырды
в) бүйректерді
г) тік ішекті
д) сигматәрізді ішекті
215. Төменгі шажырқай артериясы … қанмен қамтамасыз етеді.
а) ортаңғы және тоқ ішектің соңғы бөлімін+
б) соқыр ішекті
в) жоғарылаған жиек ішекті
г) мықын ішекті
д) жіңішке ішекті
216. Іш қолқасының париеталды тармағы:
а) төменгі көкет артериялары+
б) құрсақ сабауы
в) бүйрек артериясы
г) көкбауырлық артерия
д) жоғарғы көкет артериялары
217. Іш қолқасының жұп висцералды тармағы:
а) ортаңғы бүйрекүстілік артерия+
б) жалпы бауыр артериясы
в) көкбауырлық артерия
г) жоғарғы тік ішектік артерия
д) жиектік артерия
218. Іш қолқасының жұп висцералды тармағы:
а) бүйрек артериясы+
б) ортаңғы жиектік артерия
в) оң жиектік артерия
г) құрсақ сабауы
д) төменгі көкеттік артерия
219. Іш қолқасының жұп висцералды тармағы:
а) атабез (анабез) артериясы+
б) жоғарғы тік ішек артериясы
в) жоғарғы шажырқай артериясы
г) төменгі шажырқай артериясы
д) сыртқы мықын артериясы
220. Қолқа доғасынан шығатын ірі тамырлар:
а) иық-бас сабауы, сол жалпы ұйқы және сол бұғанаастыартериялары+
б) иық-бас сабауы, сол жалпы ұйқы және оң бұғанаасты артериялары
в) иық-бас сабауы, оң жалпы ұйқы және сол бұғанаасты артериялары
г) иық-бас сабауы, оң жалпы ұйқы және оң бұғанаасты артериялары
д) иық-бас сабауы, омыртқа және қолтық артериялары
221.Іш қуысының тақ ағзаларынан … венасы қан жинайды.
а) қақпа+
б) ішкі мықын
в) көкеттік төменгі
г) төменгі қуыс
д) жоғарғы қуыс
222. Қақпа венасы … кіреді.
а) бауырға+
б) көкбауырға
в) асқазанға
г) ұйқы безіне
д) бүйрекке
223 … венасы бас пен мойын ағзаларынан қан жинайды.
а) Ішкі мойындырық+
б) Бұғанаасты
в) Қолтық
г) Төменгі қуысты
д) Қақпа
224.Төменгі қуысты вена … қосылуынан түзіледі.
а) жалпы мықын веналарының+
б) қақпа веналарының
в) сан веналарының
г) ішкі және сыртқы мойындырық веналарының
д) шажырқайлық және көкбауыр веналарының
225. Оң жүрекшеге … кіреді.
а) жоғарғы қуыс венасы+
б) өкпе венасы
в) қақпа венасы
г) жүрекқап венасы
д) жоғарғы көкеттік вена
226. Қолтық венасына … құяды.
а) латералды кеуде венасы+
б) ішкі кеуде венасы
в) артқы төменгі жақсүйек венасы
г) иықтың терең венасы
д) мойынның көлденең венасы
227. Кеуденің ішкі венасына … құяды.
а) алдыңғы қабырғааралық веналар+
б) қосымша сыңар вена
в) жартылай сыңар вена
г) төменгі көкеттік вена
д) латералды кеуде венасы
228. Көз веналары …. құяды.
а) ішкі мойындырық венаға+
б) беткей самай венасына
в) үңгірлі қойнауға
г) сигматәрізді қойнауға
д) сыртқы мойындырық венасына
229. Жоғарғы құрсақүсті венасы …. құяды.
а) ішкі кеуде венасына+
б) сыртқы мықын венасына
в) сан венасына
г) қолтық венасына
д) бұғанаасты венасына
230. Қолдың латералды теріасты венасы …. құяды.
а) қолтық венасына+
б) сыртқы мойындырық венасына
в) иық венасына
г) иық-бас венасына
д) ішкі мойындырық венасына
231. Қолдың медиалды теріасты венасы …. құяды.
а) иық венасына+
б) қолтық венасына
в) бұғанаасты венасына
г) сыртқы мойындырық венасына
д) алдыңғы мойындырық венасына
232. Қолдың терең венасы:
а) иық венасы+
б) латералды теріасты венасы
в) медиалды теріасты венасы
г) шынтақтың аралық венасы
д) иық-бас венасы
233. Төменгі қуыс венаға … құяды.
а) бел веналары+
б) төменгі шажырқай венасы
в) жоғарғы шажырқай венасы
г) көкбауыр венасы
д) құрсақ сабауы
234. Төменгі қуыс венаға келіп құйылатын висцералды вена:
а) бүйрек венасы+
б) төменгі көкет веналары
в) төменгі шажырқай венасы
г) жоғарғы шажырқай венасы
д) бел венасы
235. Төменгі қуыс венаға келіп құйылатын висцералды вена:
а) бауыр веналары+
б) төменгі көкеттік вена
в) жоғарғы шажырқай венасы
г) төменгі шажырқай венасы
д) бел венасы
236. Төменгі қуыс венаға келіп құйылатын висцералды вена:
а) оң атабез (анабез) венасы+
б) төменгі көкеттік вена
в) жоғарғы шажырқай венасы
г) төменгі шажырқай венасы
д) бел венасы
237. Қақпа венасына … келіп құяды.
а) жоғарғы шажырқай венасы+
б) бүйрек венасы
в) бауыр венасы
г) атабез (анабез) венасы
д) төменгі көкеттік вена
238. Организмдегі ірі лимфа тамыры:
а) кеуде түтігі және оқу жақтағы лимфа түтігі+
б) кеуде түтігі және сол жақтағы лимфа түтігі
в) кеуде және іш түтігі
г) іш және жамбас түтігі
д) кеуде және мықын түтігі
239.Лимфа түйіні – …
а) қыртыстық және милық заттектен түзілген құрылым+
б) лимфоциттердің пішінсіз жиынтығы
в) жекеленген лимфа түйіншелерінен түзілген құрылым
г) лимфа тәждерінен тұратын құрылым
д) ретикулярлық талшықтардың үш бағыттағы торынан түзілген құрылым
240. Кеуде қуысының париеталды лимфа түйіндеріне … жатады.
а) қабырғааралық түйіндер+
б) алдыңғы көкірекаралық түйіндері
в) артқы көкірекаралық түйіндері
г) кеңірдек-бронх түйіндері
д) өкпелік түйіндер
241. Мойынның алдыңғы терең лимфа түйіндеріне … жатады.
а) көмейалды лимфа түйіндері+
б) жақасты лимфа түйіндері
в) төменгі жақсүйектік лимфа түйіндері
г) иекастылық лимфа түйіндері
д) ұрт лимфа түйіндері
242. Сүт безінің лимфа тамырлары … лимфа түйіндеріне бағытталады
а) қолтық+
б) трахеобронхиалдық
в) қабырғааралық
г) көкірекаралық
д) өкпелік
243. Бүйректің екі полюсі дегеніміз:
а) жоғарғы және төменгі шеттері+
б) вентралдық және каудалдық шеттері
в) жоғаpғы және медиалдық шеттері
г) медиалдық және артқы шеттері
д) төменгі және вентралдық шеттері
244. Бүйректің құрылымдық-қызметтік бірлігі:
а) нефрон+
б) ацинус
в) бүйрек бүртігі
г) бүйрек денешігі
д) кіші тостаған
245.Несеп ағардың ұзындығы:
а) 25-30 см+
б) 5-7 см
в) 10-15 см
г) 10-20 см
д) 8-10 см
246. Несеп қуық … орналасқан.
а) қасаға симфизінің артында+
б) қасаға симфизінің алдында
в) сегізкөздің алдында
г) сегізкөз-мықын буынының артында
д) ұршық буынының жанында
247. Несеп қуық … қабырғасынан түзілген.
а) шырышты, шырышасты негізі, бұлшықетті, дәнекер тінді (адвентициялық) қабықтардан+
б) шырышты қабықтан, шырышасты негізінен
в) шырышасты негізінен, бұлшықетті қабықтан
г) бұлшықетті, дәнкер тінді қабықтардан
д) эпителийлі, сірлі, бұлшықетті қабықтардан
248. Несеп қуықтың шырышасты негізі … болмайды.
а) несеп қуық үшбұрышында+
б) алдыңғы қабырғасында
в) ұшында
г) артқы қабырғасында
д) бүйір қабырғасында
249. Несепағардың бөліктері:
а) іштік, жамбас астаулық+
б) кеуделік және іштік
в) іштік және сегізкөздік
г) жамбас астаулық және құйымшақтық
д) кеуделік және құйымшақтық
250. … несеп өндіретін ағза болып саналады.
а) Бүйрек+
б) Бауыр
в) Көкбауыр
г) Жатыр
д) Несепқуық
251. Бүйректің милы заты … құралған.
а) пирамидалардан+
б) бағаналардан
в) кіші тостағаншалардан
г) үлкен тостағаншалардан
д) түбектен
252. Бүйрек ішастармен … жабылған.
а) экстраперитонеалды+
б) интраперитонеалды
в) мезоперитонеалды
г) ретроперитонеалды
д) интра-, мезо- және экстраперитонеалды
253. Тамырлы шумақ …. орналасқан.
а) Шумлянский-Боумен қапшығында (капсуласында)+
б) ілмекте
в) проксималды иреленген өзекшеде
г) дисталды иреленген өзекшеде
д) ендірме бөлігінде
254. Бүйрек түбегін … несепқуықпен байланыстырады.
а) несепағар+
б) шәует шылбыры
в) несеп шығаратын өзек
г) шәует шығаратын өзек
д) жатыр түтігі
255. Қасаға қосылысының артында … орналасқан.
а) несепқуық+
б) үлкен шарбы
в) тік ішек
г) жатыр
д) жіңішке ішек
256. Несепқуық … қызметін атқарады.
а) резервуарлық+
б) несеп жасау
в) қорғаныш
г) фагоцитарлық
д) секреторлық
257. Несепқуықтың ішкі қысқышы … орналасқан.
а) несеп шығаратын өзектің ішкі тесігі аймағында+
б) ұшында
в) денесінде
г) несепағардың кіретін жерінде
д) несеп шығаратын өзектің сыртқы тесігі аймағында
258. Әйелдердің несеп шығаратын өзегі … ашылады.
а) қынап тесігінен жоғары және алдында+
б) қынап тесігінің артында
в) деліткінің алдында
г) қынаптың бүйір жағында
д) деліткінің оң жағында
259. .. овуляция нәтижесінде анабезде пайда болатын құрылым.
а) Сары дене+
б) Қоңыр дене
в) Ақшыл дене
г) Сүйелді дене
д) Емізіктәрізді дене
260.Жатырдың бөліктері:
а) түбі, денесі және мойыны+
б) түбі, денесі және құйрығы
в) денесі, мойны және басы
г) басы, денесі және түбі
д) басы, денесі және құйрығы
261.Жатырдың қабықтары:
а) эндометрий, миометрий және периметрий+
б) эндометрий, параметрий және сірлі
в) эндометрий, миометрий және сірлі
г) эндометрий, эндоневрий және эндомизий
д) эндометрий, периметрий және эпимизий
262.Еркектің сыртқы жыныс ағзасы:
а) ұма+
б) қуықасты безі
в) шәует шығаратын түтік
г) бульбоуретралдық бездер
д) шәует қуықшалары
263. Әйелдің сыртқы жыныс ағзасы:
а) деліткі+
б) анабез
в) жатыр
г) жатыр түтігі
д) қынап
264. Еркектің жыныс жасушалары… дамып жетіледі.
а) иреленген шәует өзекшелерінде+
б) атабез қосалқысында
в) қуықасты безінде
г) шәует қуықшасында
д) буылтық-несеп шығаратын өзек бульбоуретралдық безінде
265. Анабездің шеттері … .
а) түтікті және жатырлық+
б) жатырлық және қуықтық
в) жатырлық және бүйректік
г) түтікті және жамбасты
д) түтікті және іштік
266. Атабездің … сперматозоидтар түзеді.
а) иреленген шәует өзекшелері+
б) шығаратын өзекшелер
в) тік шәует өзекшелері
г) атабез торының өзекшелері
д) атабез қосалқысының өзекшелері
267. Атабездің … ішастардың туындысы болып табылады
а) қынаптық қабығы+
б) ішкі шәует шандыры
в) сыртқы шәует шандыры
г) көтеретін бұлшықеттің шандыры
д) атабезді көтеретін бұлшықет
268. Әйелдер несеп шығаратын өзегінің сыртқы тесігі … орналасқан.
а) қынап тесігінің, жоғарыда+
б) деліткінің алдында
в) қынап тесігінің артында
г) деліткіден артында
д) қынап тесігінен алдында
269. Шәует шылбырының құрамына … түтік жатады.
а) шәует шығаратын+
б) экскреторлық
в) шәует лақтыратын
г) қосалқы
д) шығарушы
270. Қуықасты безінің қызметі:
а) секреторлық+
б) трофикалық
в) қорғаныш
г) резервуарлық
д) фагоцитарлық
271. Аналық клетка … жасалады.
а) анабезде+
б) атабезде
в) жатырда
г) жатыр түтігінде
д) қынапта
272. Орталық нерв жүйесі … түзілген.
а) ми мен жұлыннан+
б) жұлын мен сезім ағзаларынан
в) жұлын мен мидың сабаулық бөлігінен
г) ми мен түйіндерден
д) тек қана мидан
273. … мидың сыртқы пішіні жұлынға ұқсайды.
а) Сопақша+
б) Соңғы
в) Ортаңғы
г) Аралық
д) Артқы
274. Торлы түзіліс … орналасқан.
а) жұлын мен мидың сабауында+
б) сүйек майында
в) ми қыртысында
г) ми қабықтарында
д) көру қиылысында
275. Ортаңғы мидың жоғарғы төбешіктері … орталығы болып табылады.
а) көру қыртысасты+
б) дәм сезудің қыртысасты
в) есту қыртысасты
г) тепе-тендік сақтау қыртысасты
д) иіс сезу қыртысасты
276. Ортаңғы мидың қуысы … саналады.
а) ми суқұбыры+
б) IV қарынша
в) ІІІ қарынша
г) орталық өзек
д) бүйір қарынша
277.Таламус – бұл:
а) сезімталдықтың барлық түрлерінің қыртысастылық орталығы+
б) естудің қыртысастылық орталығы
в) тепе-тендік сақтаудың қыртысастылық орталығы
г) дәм сезудің қыртысастылық орталығы
д) иіс сезудің қыртысастылық орталығы
278. Аралық мидың қуысы… саналады.
а) ІІІ қарынша+
б) ми суқұбыры
в) бүйір қарынша
г) орталық өзек
д) IV қарынша
279. … талшықтар сүйелді дененің негізін түзеді.
а) Комиссуралық+
б) Ассоциативтік
в) Меншікті
г) Төмендеген проекциялық
д) Жоғарлаған проекциялық
280. Соңғы ми қыртысының қабатына … қабат жатады.
а) пирамидалық+
б) шумақтық
в) таяқшалар мен тостағаншалар қабаты
г) эпителийлік
д) тістік
281. Шүйделік үлесті мишықтан … жүлге бөледі.
а) көлденең жүлге+
б) латериалдық жүлге
в) қиғаш саңылау
г) белдеулік
д) көру
282. Адамда … өте жақсы дамыған.
а) маңдайлық үлес+
б) шекелік үлес
в) шүйделік үлес
г) ми аралшығы
д) иіс сезу миы
283. Иіс сезу миының орталық бөлігі … қатпарда орналасқан.
а) белдеулік+
б) самайлық жоғарғы
в) орталық алдындағы
г) орталық артынғы
д) самайлық ортаңғы
284.Ми қыртысы қабаттарының саны:
а) 6+
б) 5
в) 2
г) 4
д) 1
285. Қимыл анализаторының қыртыстық шеті … қатпарда орналасқан.
а) орталық алды+
б) орталық арты
в) самайлық жоғарғы
г) самайлық ортаңғы
д) күмбездік
286. Бүйір қарыншалар … мидың қуысы болып саналады.
а) соңғы+
б) ортаңғы
в) аралық
г) артқы
д) сопақша
287. Жұлын нервтерінің тармақтары:
а) дорсалды, вентральдық, қабықтық, дәнекерлеуші+
б) жоғарғы, төменгі, медиалдық және латералдық
в) жоғарғы, төменгі, вентралдық және дорсалдық
г) дорсалдық, латералдық, қабықтық және симпатикалық
д) дорсалдық, медиалдық, қабықтық және симпатикалық
288. Көкеттік нерв … өрімінің тармағы болып саналады.
а) мойын+
б) иық
в) бел
г) сегізкөз
д) құйымшақ
289. Иық өрімінен … нерві шығады.
а) кәрі жілік+
б) көкеттік
в) жапқыш
г) қабырғааралық
д) теріастылық
290. Жұлыннан кететін мойын сегменттерінің саны:
а) 8 жұп+
б) 5 жұп
в) 9 жұп
г) 7 жұп
д) 12 жұп
291. Бел өрімінің тармақтары … бұлшықеттерін нервтендіреді.
а) санның алдыңғы+
б) санның артқы
в) қабырғааралық
г) арқаның
д) кеуденің
292. Сегізкөз өрімінің тармақтары … бұлшықеттерін нервтендіреді.
а) санның артқы+
б) санның алдыңғы
в) санның медиалдық
г) іштің
д) арқаның
293. Бөксенің бұлшықеттерін … өрімінің нервтері нервтендіреді.
а) сегізкөз+
б) мойын
в) бел
г) құйымшақ
д) иық
294. … нерві жүрек соғуының ырғағын (ритмін) реттейді.
а) Кезбе+
б) Үшкіл
в) Әкететін
г) Қосымша
д) Шығыршық
295. Вегетативтік нерв жүйесіне … талшықтар жатады.
а) түйінге дейінгі+
б) жоғарғы ганглионарлық
в) төменгі түйіндік
г) түйінжанындағы
д) түйінастындағы
296. … нерві симпатикалық сабаудың мойындық бөлігінен кетеді.
а) Ішкі ұйқылық+
б) Ішкіағзалық үлкен
в) Беттік
г) Жұтқыншақ
д) Үлкен тастақ
297. Жұлынның … нерв түтігі қуысының қалдығы.
а) орталық өзегі+
б) төртінші қарыншасы
в) бүйір қарыншалар
г) торлы қабық астындағы кеңістігі
д) үшінші қарынша
298. Жұлынның алдыңғы мүйізі құрамында … ядро орналасқан.
а) қозғалтқыш+
б) кеуделік
в) меншікті
г) іркілдек
д) сезімтал
299. Жұлынның артқы мүйізі құрамында … ядро орналасқан.
а) іркілдек зат+
б) орталық
в) артқы-латералды
г) алдыңғы-медиалды
д) алдыңғы-латералды
300. Үлкен ми сыңарына … жатады.
а) соңғы ми+
б) жұлын
в) аралық ми
г) аралық ми
д) сопақша ми
301. Ми сыңарларын … байланыстырады.
а) сүйелді дене+
б) ми аяқшалары
в) ми сыңарындағы жүлгелер мен қатпарлар
г) ассоциативті талшықтар
д) Варолий көпірі
302. Ми сыңарының дорсолатералды бетінде … жүлге орналасқан.
а) орталық+
б) иіс сезу
в) шүйде-самай
г) белдеулік
д) шеке-шүйде
303. Ми сыңарының медиалды бетінде … қатпар орналасқан.
а) белдеулік+
б) төменгі маңдайлық
в) парагиппокамптық
г) бұрыштық
д) орталықарты
304. Нерв жүйесінің орталық бөлігін … құрайды.
а) ми мен жұлын+
б) ми
в) жұлын
г) вегетативтік нервтер
д) жұлын нервтері
305.Рефлекторлық доғаның бастапқы бөлігі … саналады.
а) рецептор+
б) сезімтал нейрон
в) қозғалтқыш нейрон
г) ендірме нейрон
д) эффектор
306. Ми сыңарының базалды ядроларына …. жатады
а) жолақты дене+
б) қызыл ядро
в) олива ядросы
г) шатыр ядросы
д) тісті ядро
307. Ми сыңарының базалды ядролары құрамына … жатады.
а) құйрықты ядро+
б) тісті ядро
в) қара зат
г) тығынтәрізді ядро
д) көпірлік ядро
308. Мишық жоғарғы аяқшасы арқылы … байланысады.
а) ортаңғы мимен+
б) сопақша мимен
в) таламуспен
г) көпірмен
д) аралық мимен
309.Мишық төменгі аяқшасы арқылы … байланысады.
а) сопақша мимен+
б) көпірмен
в) аралық мимен
г) ортаңғы мимен
д) жұлынмен
310.Жоғарғы сілекей бөлетін ядро … орналасқан.
а) көпірде+
б) аралық мида
в) ортаңғы мида
г) мишықта
д) соңғы мида
311. Төменгі сілекей бөлетін ядро … орналасқан.
а) сопақша мида+
б) мишықта
в) ортаңғы мида
г) аралық мида
д) соңғы мида
312. Үлкен мидың сүйелді денесінің құрамында …
а) комиссуралық талшықтар+
б) түйінге дейінгі талшықтар
в) түйіннен кейінгі талшықтар
г) Бурдах шоғыры
д) Голь шоғыры
313. Ми аяқшасының медиалды жағынан … бассүйек нерві шығады.
а) III жұп+
б) VI жұп
в) IV жұп
г) V жұп
д) XII жұп
314. Үшкіл нервтің І тармағы … өтеді.
а) жоғарғы көзұя саңылауынан+
б) жыртық тесіктен
в) мойындырық тесіктен
г) қылқанды тесіктен
д) төменгі көзұя саңылауынан
315. Сопақша мидың арасынан … бассүйек нерві шығады.
а) XII жұп+
б) IX жұп
в) XI жұп
г) X жұп
д) V жұп
316. Мидың ақ затын … түзеді.
а) нейрондардың өсінділері+
б) нейрон денелері
в) тек дендриттер
г) тек аксондар
д) нейрология
317. Шығыршық нерві … бұлшықетін нервтендіреді.
а) көздің жоғарғы қиғаш+
б) көздің төменгі қиғаш
в) көздің латералды тік
г) көздің медиалды тік
д) жоғарғы тік
318. Әкететін нерв … бұлшықетін нервтендіреді.
а) көздің латералды тік+
б) көздің медиалды тік
в) көздің төменгі қиғаш
г) көздің жоғарғы қиғаш
д) көздің төменгі тік
319.Бет терісін … нервтендіреді.
а) үшкіл нерв+
б) бет нерві
в) әкететін нерв
г) тіласты нерві
д) қосымша нерв
320.Жұлынның жоғарғы шекарасы … саналады.
а) шүйделік тесіктің сыртқы шетінен+
б) көпірдің төменгі жиегі
в) V мойын омыртқасының төменгі жиегі
г) VІІ мойын омыртқасының жоғарғы жиегі
д) жұлын нервтерінің І жұбының шыққан жері
321. Жұлынның мойындық және кеуделік бөліктерінің сегментері:
а) 8 және 12+
б) 7 және 10
в) 6 және 12
г) 9 және 11
д) 10 және 8
322. Жұлын түйіндерінде … нейрон орналасқан.
а) сезімтал+
б) қозғалтқыш
в) симпатикалық
г) ассоциативтік
д) парасимпатикалық
323. Жұлынның сұр заты … түзілген.
а) нерв жасушаларының денелерінен+
б) түйіннен кейінгі талшықтардан
в) түйінге дейінгі талшықтардан
г) симпатикалық талшықтардан
д) ассоциативтік талшықтардан
324. Жұлынның төменгі шекарасы … саналады.
а) ІІ бел омыртқасының деңгейі+
б) ІV бел омыртқасының деңгейі
в) V бел омыртқасының деңгейі
г) ХІІ кеуде омыртқасының деңгейі
д) ІІ құйымшақ омыртқасының деңгейі
325. Көз алмасының құрамына … кіреді.
а) ядро мен қабықтар+
б) ядро мен қыртыс
в) ядро мен көру нерві
г) қыртыс пен сулы ылғал
д) қыртыс және милық заттектер
326. Көз алмасының қабығы:
а) ақ қабық (склера)+
б) миелиндік
в) синовиалдық
г) эпителийлік
д) адвентициалдық
327. Көз алмасының тамырлық қабығының құрамына … жатады.
а) меншікті тамырлы қабық, нұрлы қабық және кірпікті дене+
б) меншікті тамырлы қабық, мөлдір қабық, ақ қабық
в) меншікті тамырлы қабық, торлы қабық, кірпікті дене
г) нұрлы, торлы және меншікті тамырлы қабықтар
д) фиброздық, ақ және мөлдір қабықтар
328. Көз алмасының … қабығы құрамында биполярлық нейрондар орналасқан.
а) торлы+
б) нұрлы
в) ақ
г) мөлдір
д) меншікті тамырлы
329.Есту ағзасының бөлігі:
а) ортаңғы құлақ+
б) есту сүйекшелер
в) есту нерві
г) кіреберіс нерві
д) дабылдық саты
330. Көз алмасының … камералары бар.
а) алдыңғы және артқы+
б) алдыңғы және латералдық
в) алдыңғы және медиалдық
г) медиалдық және латералдық
д) алдыңғы және ортаңғы
331. Кірпіктік бұлшықеттің қызметі:
а) көзбұршақтың көлемін өзгертеді+
б) көз алмасын бұрады
в) көз қарашығын көлемін өзгертеді
г) қабақтарды жабады
д) қасты түйеді
332. Сыртқы ортадан тітіркенулерді … қабылдайды
а) экстерорецепторлар+
б) интерорецепторлар
в) проприорецепторлар
г) хеморецепторлар
д) висцерорецепторлар
333. Көру анализаторының қыртыстық шеті … қатпарда орналасқан.
а) топшылық жүлгенің айналасында+
б) латералдық жүлгенің айналасында
в) шеке-шүйделік жүлгенің айналасында
г) самайлық ортаңғы қатпарда
д) тілдік қатпарда
334. Есту анализаторының қыртыстық шеті … қатпарда орналасқан.
а) самайлық жоғарғы+
б) орталық алдыңғы
в) орталық артындағы
г) жоғарғы маңдайлық
д) белдеулік
335.Гипофиз гормонын белгіле:
а) соматотропты+
б) адреналин
в) окситоцин
г) паратгормон
д) тироксин
336. Бүйрекүсті гормонын белгіле:
а) адреналин +
б) окситоцин
в) соматотропты
г) паратгормон
д) тироксин
337. Қалқанша жанындағы без гормонын белгіле
а) паратгормон +
б) адреналин
в) окситоцин
г) соматотропты
д) тироксин
338. Бой өсу гормонын белгіле
а) соматотропты +
б) адреналин
в) окситоцин
г) паратгормон
д) тироксин
339.Айырша без … орналасқан.
а) алдыңғы көкірекаралықта+
б) артқы
в) жоғарғы
г) ортаңғы
д) төменгі
340.Қалқанша жанындағы бездердің қызметі:
а) эндокриндік+
б) ас қорыту
в) қан айналдыру
г) иммундық
д) гемопоэздық
341.Эндокриндік бездердің басқа бездерден айырмашылығы:
а) шығаратын түтіктері жоқ+
б) қақпалары бар
в) шығаратын түтіктері бар
г) ақ және қызыл ұлпаларға бөлінеді
д) майлық қапшығы болмайды
342. Аралас секрециялық безге … жатады.
а) ұйқы безі+
б) гипофиз
в) қалқанша безі
г) бүйрекүсті безі
д) сілекей безі
343.Эндокриндік қызметтерді реттейтін жоғарғы орталық:
а) гипоталамуc+
б) мишық
в) метаталамус
г) эпиталамус
д) таламус
344. … атабезде өңдірілетін гормон.
а) Тестостерон+
б) Эстроген
в) Прогестерон
г) Адреналин
д) Тироксин
345.Бүйрекүсті безінің қыртыстық заттегінде … аймақ бар.
а) шумақтық+
б) дөңгелек
в) радиарлық
г) аралас
д) ала (зона)
346. Айырша без … бөлігінде орналасқан.
а) көкірекаралықтың алдыңғы+
б) көкірекаралықтың артқы
в) көкірекаралықтың жоғарғы
г) көкірекаралықтың ортаңғы
д) көкірекаралықтың алдыңғы-артқы
347. Иммундық жүйенің орталық ағзасы … болып табылады.
а) айырша без+
б) көкбауыр
в) лимфа түйіндері
г) бадамшалар
д) құрттәрізді өсінді
2. Ситуациялық тапсырмалар:
№1.Көшеде алған жарақаттан кейін зардап шеккен адамда жүрек жұмысы тоқталды. Алғашқы көмекті қалай көрсетеміз және қаңқаның қай бөліктеріне зақым келді?
Жауап: Төс сүйегі аймағында ритімді қозғалыс арқылы жүрекке жасанды массаж жасау керек.
№2. Көшеде алған жарақаттан ұйқы артериясының тармақтарынан мойын аймағынан қан ақты, қан ағуын уақытша тоқтатуға бола ма?
Жауап: Мойын аймағындағы ұйқы артерияларының қан ағуын тоқтату үшін оны VI мойын омыртқасының көлденең өсіндісіндегі төмпешікке басады.
№3. Омыртқалардың қысқа қырқа өсіндісінде және көлденең өсіндісінде кішкене тесіктер бар. Омыртқаны анықта
Жауап: Типтік мойын омыртқасы
№4. 7 жастағы баланың табан сүйектерінің рентгенограмасында дәрігер өкше сүйегі аймағында көптеген сынықтарды көрді. Себеп неде?
Жауап: 7- 9 жас аралығындағы балада өкше төмпешігі сүйектерінің сүйектенуі бірнеше нүктеде дамиды, олар 12-15 жасқа келген кезде ғана денесімен бітеседі.
№5. Баланың жасын білу үшін дәрігерге сан сүйегінің рентгенограммасын әкеліп көрсеткен, ал онда сан сүйегінің басында тек бір ғана сүйектену нүктесі көрінеді. Бала неше жаста?
Жауап: Бала 1 жаста.
№6. .Көшеде жарақат алудың нәтижесінде жүрек тоқталды. Алғашқы жәрдемді қалай өткізуге болады және қаңқаның қай бөліктеріне әсер етуге болады?
Жауап: Төстің алдыңғы бөлімінде ырғақты қозғалыспен жүрекке жасанды массаж жасау керек.
№7. Кенеттен құлағаннан адамның білек сүйектерінің біреуі сынды. Сонда білектің алдыңғы – латеральды қырында патологиялық қозғалыс байқалады. Зардап шеккен адамның қай сүйегі сынды?
Жауап: Зардап шеккен адамның кәрі жілік сүйегі сынды.
№8. Автомобиль авариясынан адам басының бүйір беті жарақаттанды. Самай сүйегінің қабыршығы пирамидадан бөлінді. Бұндай жағдайда самай сүйегінің қай каналы бұзылды?
Жауап: Бұлшықет-түтікті өзек зақымдалады.
№9. Операция кезінде хирург самай сүйектің астыңғы бетіндегі пирамидасында мойындырық тесікке бағытталған. Оператордың дұрыс емес әрекетінде қандай канал бұзылуы мүмкін?
Жауап: Оператордың дұрыс емес әрекетінде ұйқы артериясының өзегі бұзылуы мүмкін, арты қан кетуге соқтыруы ықтимал
№10. Бір жасар балада рентгенологиялық суретте бассүйектің маңдай бөліміндегі ортаңғы сызығында саңылау байқалады. Оның себебі неде?
Жауап: Маңдай сүйек екі бөліктен дамиды, 2 жасқа таман метопикалық тігіспен бітіседі.
№11. Жол апатынан кейін зардап шеккен адамда мұрын жарақаттанды. Бұл жерде мұрын пердесінің сынуы байқалды. Бұл жағдайда қай сүйек зақымданған?
Жауап: Торлы сүйек пен өре сүйек.
№12. Қабыну процессі кезінде көз алмасының төменгі қабырғасында іріңді процесс пайда болды. Емдеуші дәрәгер қабыну процессінің көз алмасынан қанат таңдай шұңқырына дейін жайылып кетуін күдіктенеді. Қандай тесік арқылы қабыну процессі қанат таңдай шұңқырына өтіп кетуі мүмкін?
Жауап: Қабыну процессінң қанат таңдай шұңқырына төменгі көздік саңылау арқылы өтуі мүмкін
№13. Мойындырық тесік бас қаңқасының төменгі бөлігінде орналасқан. Ол арқылы нервтер мен ірі вена тамырлары өтеді. Егер де осындай ірі вена тамырлары жарылатын болса бас қаңқасының қай қуысына қан құйылу болады?
Жауап: Вена тамырларының қан ұйылу артқы ми шұңқырына таралады.
№14. Коньюктивит нәтижесінде көз ұясынан ірің шыға бастады мұрын қуысына қабыну процесі көз ұясында мұрын қуысынан қай өзек бойына қатысады?
Жауап:Қабынудың қанат-таңдай шұнқырына өтуі төменгі көз шарасы саңылауынан.
№15. Самай-астыңғы жақ буынында бірнеше қозғалыстар болады: жақты көтеру, түсіру, алға, артқа қозғалу, оң-солға қозғау. Кейде артық қозғалғанда осы шығып кету болады. Бұның болмауына қандай анатомиялық құрылым кедергі жасайды?
Жауап: Самай-астыңғы жақ буынның алға шығып кетуіне кедергі жасайтын самай сүйегінің буындық төмпешігі.
№16. Биіктіктен вертикальді құлаған адамда бел омыртқасында компрессиондық сынық болады. Омыртқа бағанасының бел бөлігіндегі лордоз үлкейеді. Бұл иілімнің үлкеюіне омыртқа бағанасының қай жалғамасының жарақаттануы әкеліп соқты.
Жауап: Омыртқа бағанасының бел бөлігінің лордозының үлкеюіне алдыңғы ұзына бойлы жалғаманың жарақаттануынан болады.
№17.Шопар буынының сызығымен жарақатқа ұшыраған аяқты хирург алынуын жүргізу керек. Бұл белгіленген операцияны жүргізу үшін қай жалғаманы кесі керек?
Жауап:Аяқтың шопар буынында сызық жүргізу үшін екі айырық жалғаманы кесу керек (өкше-ладья тәріздес және өкше-текше тәріздес).
№18.Спортшы ұзындыққа секіру кезінде жамбас сан буынында қатты ауырсыну байқалды биіктіктен жерге қонар сәтінде Травматологтың қарауында болғанда, науқас санның бүгу қиынға соқты. Дәрігер диагностикасында жамбас сан буынының шығуы байқалды. Бұл жарақатта жамбас сан буынында қандай жалғамалар зардап шекті.
Жауап: Айтылған жағдайларда көбінесе мықын сан жалғамалары зардап шекті.
№19. Кәріжлік білезік буынының рентген суреттемесінде медиальды бөлігінде «рентгендік саңылау» кеңейген. Бұл патолгияға жатады ма?
Жауап: Рентген суреттемесінің кәріжілік білезік буынының медиальды бөлігінде саңылау кеңейген себебі, онда буындық диск орналасқан.
№20.Қолда ең көп кездесетін жарақат, иық буынының шығып кетуі.Қандай анатомиялық факторлар шығып кетуге себеп болатынын көрсет.
Жауап:Жиі шығып кетуге себепкер болатын: жақсы дамыған жалғаманың болмауы, буындық қапшықтың бостығы, буындық беттерінің бір бірімен сәйкес келмеуі.
№21. Шешесі 7 жасар қызын хирургқа әкелді. Әкелген себебі: қызының білегі шынтақ буынынан 1800 –тан көпке жазылады. Бірақ хирург патология таппады, шешесін жұбатты.Неге хирург 1800 жазылатынын патология деп таппады?
Жауап:Балаларда және кейбір әйелдерде аса көп білектің жазылатыны, жалғамалар аппаратының осалдығынан, шынтақ өсіндісінің мөлшерінің кішкентайлығынан болады.
№22. Мимикалық бұлшық еттердің ерекшеліктерін жасайтын: олардың фасциясының болмауы, сүйектен басталып, теріге байланатыны.
Қай бұлшық еттің фасциясы болсын, сүйектен басталып, сүйекке байланады.
Жауап: Бұл бұлшық ет-ұрт бұлшықеті.
№23. Басы жарақаттанған адамда астыңғы жағы алға қозғала алмай қалды. Бұл қай бұлшық еттің жарақатынан болады?
Жауап: Астыңғы жақтың алға жылжымай дамуы. Латеральді қанаттың бұлшық етінің жарақаттануынан болады.
№24. Мойын аймағы жарақат алғанда қатты қан ақты, бұл ауалы эмболия асқынуымен аяқталды. Бұндай мойын аймағында жарақат болғанда не әсер етеді. Кеуде қуысындағы терең тыныстың болуы мойын ауа тамырлары
Жауап: Мойын аймағы жарақат алғанда мұндай асқынулардың пайда болуындағы ерекшеліктер
— мойын аймағында көп вена және артерия орналасқан.
— тыныс алуға көптеген бұлшықеттер қатысады.
— көп шандыр, тамырдың солуына жол бермейді.
— кеуде қуысының теріс тыныстың болуы, мойын тамырларының ауаны тартуға қажеттілік етеді.
№25. Емдеу денешынықтыру дәрігері іштің формасын қалыпты ұстау үшін іштің тік бұлшықетін нығайтуды ұсынады. Қандай жаттығу жасауға ұсынуға болады?
Жауап: Омыртқа жотасын бүгу және жазу жаттығуларын жасауға болады.
№26. науқас құрсақүсті аймағында ауырсынумен шағымданған. Бұл хирург айтуынша жыланкөз құрылымдарының дамуымен түсіндіреді. Бұл аймақта әлсіз жерлерді және құрсақішілік қысымының жоғары болуы және жыланкөздердің шығатын жерлерін ата.
Жауап: Іштің ақ сызығындағы саңылаулар.
№27. Гимнастың жаттығу кезінде жетекшісі одан жауырынды түсіретін бұлшық етінің осал екенін байқады. Жетекшінің айтуымен қай бұлшық етті шынықтыру керек.
Жауап: Кіші кеуде бұлшық етімен бұғана асты бұлшық етін шынықтыру керек.
№28. Жарақаттың нәтижесінде зардап шеккен адамда иықтың артқы тобындағы бұлшықеттердің қызметі зақымдалды. Шынтақ буынының қандай қызметі зақымдалды.
Жауап: Бұл жағдайда білекті жазу қызметінің бұзылуы байқалады.
№29. Орманда құлаған бала өткір тасқа білегімен соққы алды. Хирург қарағанда төменгі төрттен бір бөлігі білектің жарақаты байқалды. Зақымданған адам қол ұшын ішке қарай бұра алмады. Қандай бұлшықет зақымдалған?
Жауап: Жарақат кезінде төртбұрышты білек пронаторы зақымдалды.
№30. Науқаста үлкен саусақтың панарициясымен кішкене саусақтың іріндік қабынуымен аяқталды. Неге асқыну байқалды және қасында жатқан саусақ қабынды.
Жауап: Білек өзектерінің синловиалды қынаптарына іріндік процессі тарады, саусақтарының бүккіштерінің синовиалды қынаптарының орналасқан жері, сол арқылы ірің шынашаққа жетті, Ү- тәріздес қабыну байқалды. Көршілес саусаққа өткен жоқ, себебі екінші саусақта жеке синовиалды қынабы бар.
№31. Емдеу денешынықтыру дәрігері іштің формасын қалыпты ұстау үшін іштің тік бұлшықетін нығайтуды ұсынады.Қандай жаттығу жасауға ұсынуға болады.
Жауап: Омыртқа жотасын бүгу және жазу жаттығуларын жасауға болады.
№32. Науқас құрсақүсті аймағында ауырсынумен шағымданған. Бұл хирург айтуынша жыланкөз құрылымдарының дамуымен түсіндіреді. Бұл аймақта әлсіз жерлерді және құрсақішілік қысымының жоғары болуы және жыланкөздердің шығатын жерлерін ата.
Жауап: Іштің ақ сызығындағы саңылаулар.
№33. Гимнастың жаттығу кезінде жетекшісі одан жауырынды түсіретін бұлшық етінің осал екенін байқады. Жетекшінің айтуымен қай бұлшық етті шынықтыру керек.
Жауап: Кіші кеуде бұлшық етімен бұғана асты бұлшық етін шынықтыру керек.
№34. Хирург кішігірім ота жасағанда сан тамырларындағы сан үшбұрышында кесінді жасау керек. Сан үшбұрышының шекара белгілерін ата?
Жауап: Жоғарғы шекара – шап байламы, латералды шекара-тігінші бұлшықет, медиалды шекара-санның ұзын әкелуші бұлшықеті
№35. Науқаста шонданай нервісінің қабынуынан кейін санның артқы топ бұлшықетінің параличі асқыну берді. Берілген асқыну төменгі аяқ белдемесінде қандай қозғалыс бұзылғаны байқалған?
Жауап: Науқасқа бүгу және санды сыртқа қарай аудару қиындау түседі.
№36. Футбол ойыны кезінде доппен тепкен кезде сирақ буынын тез түрде аяқ ұшымен жазылады. Бұл аяқтың қозғалысын қандай бұлшықеттер жүзеге асырады?
Жауап: Бұл қозғалысты санның төртбасты бұлшықеті жүзеге асырады
№37. Стоматолог-дәрігер ауыз қуысын қарайды. Жұмысқа кіресер алдында тіл
астына тампон салады. Неге бұл манипуляцияны жасайды?
Жауап: Сілекейді азайту мақсатында.
№38. Дәрігер-стоматолог тіске пломб салады. Ауыз қуысында слекейдің
жиналуын азайту үшін шықшыт безінің өзегінің тесігін жабу үшін
тампонды қайда салуы керек?
Жауап: Дәрігер тампонды немесе дренаждық трубканы ауыз кіреберісіне салады.
№39. Балада үстіңгі және астыңғы күрек тістер түгелімен шықты. Баланың жасын анықта.
Жауап: 10-12 айлық бала
№40. Балада мұрынмен дем алу қиындады. Дәрігер қай бадамшаның үлкейгені туралы ойлау керек?
Жауап: Жұтқыншақтық бадамша үлкейген
№41. Балада үстіңгі және астыңғы күрек тістер түгелімен шықты. Баланың жасын анықта.
Жауап: 10-12 айлық бала
№42. Балада мұрынмен дем алу қиындады. Дәрігер қай бадамшаның үлкейгені туралы ойлау керек?
Жауап: Жұтқыншақтық бадамша үлкейген
№43. Инфекциондық гепатит диагнозымен аурухананың инфекциялық бөліміне ауру түсті. Ауруда терісінің сарғайғаны , несебі қара, нәжісі ақ екені байқалады. Дұрыстап қарағаннан кейін ауру хирургиялық бөлімге ауыстырылады да өт қапшы тасы бойынша тез операция жасалынды.Диагноз холастаз шақырған тастар қай анатомиялық құрылымда болғанын көрсет.
Жауап: Жалпы өт өзегі
№44. Операцияда аурудың ұйқы безінің басы үлкейгені байқалады. Неге бұл патологияда өт 12 елі ішекке түспейді?
Жауап: Жалпы өт өзегінің онекіелі ішекке өт құйылуында бұзылыстар байқалған
№45. Ауруда – қапшықталған немесе қоршалған перитонит деген диагноз қойылды. Ортаңғы қабаттың қай анатомиялық құрылымында инфекция жиналуы мүмкін.
Жауап: Шажырқайлық қойнаулар
№46. Аурудың асқазанынының артқы қабырғасында ісік бар. Қойған диагноздың дұрыстығын тексеру үшін хирург қай анатомиялық құрылыс арқылы саусағын тығып тексереді ?
Жауап: Шарбылық тесік
№47. Тыныс жолдарына бөгде зат түскен адамды жарақатбөліміне әкелді. Басты бронхтардың анатомиялық ерекшелігін ескере отырып заттың қай бронхта тұрып қалғанын айт.
Жауап: Оң басты бронхта.
№48. Ауруда қабыну процесімен кеңірдектің артқы қабырғасы бұзылған. Бұл
Жағдайда қабыну процесі қай ағзаға өтуі мүмкін екендігін көрсет.
Жауап: Кеңірдектің артқы қабырғасының қабыну процесі өңешке өтеді.
№49. Интубациялық түтікті көмейге салу үшін дәрігер тамақ арқылы көмей
кіреберісі қолмен табады. Көмейге кіретін тесік немен қоршалған?
Жауап: Көмейге кіретін тесіктің алдын көмей үсті шеміршегі, артын ожау тәрізді шеміршектердің ұштары бүйірінде ожау – көмей үсті қатпарлы қоршаған
№50. Дәрігер әншінің көмейін қарады. Қалыпты жағдайда дыбыс саңлауы сау адамда пішіні қандай болады.
Жауап: Жәй тыныс алғанда дыбыс саңлауының пішіні үш бұрышты болады.
№51. Плевритпен ауратын ауруды рентгеноанатомиялық тексерістен өткізгенде, оның плевра қуысынан сұйықтықтық табылды. Сұйықтықтың жиналуы плевраның қай бөлігінде болды?
Жауап: Сұйықтықтың жиналуы, оның салмағына байланысты қабырға-диагфрагмалық синусында болды.
№52. Кеуде қуысының рентген суретінен дәрігер сол өкпенің «өкпелік алаңы»оң өкпеге қарағанда кіші екенің байқалды. Оң және сол өкпелердің көлемі бірдей еместігін немен түсіндіруге болады?
Жауап: Сол өкпенің кішілігі жүрекке байланысты, ол кеуде қуысының сол жағында көп орын алып жатыр.
№53. Ауруды қараған кезде, жүректің оң жақ шекарасы төстен 3 см оң жаққа қарай ығысқан. Жүректің қай шекарасы үлкейген?
Жауап: оң қарынша
№54. Жүрек ұшының соғуы 5- қабырғааралықта ортаңғы бұғана сызығында сыртқа қарай сезіледі. Жүректің қай камерасы үлкейген?
Жауап: сол қарынша
№55. Ауруға III сол қабырға шеміршегінің төске байланатын жерінде систоликалық шу естіледі. Осы жерде қандай ірі тамырдың проекциясы орналасқан?
Жауап: truncus pulmonalis (өкпе сабауы)
№56. Ауруда III қабырға аралығында төстің сол жиегінде систоликалық шу естіледі. Осы жерде қандай ірі тамырдың проекциясы орналасқан?
Жауап: aorta (қолқа)
№57. Жүрекке операция жасағанда перикардтың қандануын күшейту керек. Бұғана асты артериясының қай тармағын байлау керек екенін көрсет
Жауап: Хирург ішкі кеуде артериясын, перикардио – диафрагмальды артерия шыққаннан кейін байлау керек, сонда қан перикардқа қарай жүреді, жүректің қандануы жақсарады.
№58. Жұлынның қандануы бұғана асты артериясынан шыққан жұлын артерияларынан болады. Жұлынның қандануын күшейту үшін тағы қандай тармақтар баратынын көрсет.
Жауап: Жұлынның қандануы артқы қабырға аралық артериялардан, бел және сегізкөз артерияларының тармақтары алады.
№59. Ауруханаға басынан жарақат алған жігіт түсті. Қарау кезінде оның мұрнынан көп қан ақты. Ішкі ұйқы артериясының қай тармағынан қан аққанын көрсет.
Жауап: Көздік артериясының алдыңғы мұрындық артериясы болуы мүмкін.
№60. Тілге операция жасағанда, тіл артериясын байлау керек. Хирург қай жерден байлайды, және неге?
Жауап: Хирург маңайындағы Пирогов ұшбұрышында байлайды, бұл тіл асты – тіл бұлшық етінің ішкі бетінде. Артерия тіл түбіріне кіргенде көптеген тармақтарға бөлініп кетеді сондықтан оларды байлау қиынға түседі.
№61. Бетінен жарақат алған адамда көп қан ағуы басталды. Жедел жәрдем келгенше қан ағуын қалай тоқтатуға болады?
Жауап: Қан ағуын бет артериясының астыңғы жақтың сыртқы бетіне жиегінің тұсында саусақпен басқанда тоқтайды.
№62. Емханаға самай бөлігі жарақаттанған жас жігіт түсті. Ауруды қарағанда одан субдуральды гематома байқалады. Сыртқы ұйқы артериясының қай тармағы жарақаттанғанын айт және неге?
Жауап: Жарақаттанғанда ортаңғы менингиальды артериядан қан ақты, ол ми қатты қабатына самай маңынан өтеді.
№63. Эндоартеритпен науқас адамның аяқ ұшын қандануын тексеру керек. Қай жерде пульсацияны және артерияны тексеру керек.
Жауап: Аяқ ұшының табандық бөлімінде артерияның пульсациясын және артерияны тексеру керек. Табанның қандануын артқы асық жілік артериясының медиалды асық жілікті өзекте пульсін тексеруге болады.
№64. Науқаста қолтық асты артериының аневризмасы байқалады, ота жасау керек. Лигатураны қай орынға істеу керек, жоғарғы қол сүйектернің қандануы бұзбас үшін және неге?
Жауап: Жауырынасты артерияның шығыуына бекіту керек лигатураны, себебі мықты жауырын анастомоз бұғанаасты артериясының және қолтық асты артериясының жүйелері арасында байқалады.
№65. Операция кезінде хирург асқазан шарбымай артериясымен бірге бір артериялық бағананы кесіп жіберді, осының салдарынан ауруда айналма ішектің көлденең бөлігінде және төмен түскен бөлігінде қан келуі бұзылды. Қай артерияны кесіп жіберді, неге?
Жауап: хирург ортаңғы айналма артерияны кесті, өйткені ол көлденең ішектің шажырқайынан артерияны ажыратпаған.
№66. Сан жарығына операция кезінде, жарық қапшығын бөліп шығару кезінде хирург артериальды анастомозды кесіп жіберді, ол ауруда жақсы дамыған болатын, қорытындысында күшті қан ағуы болды, оны тоқтату қиын болды. Қандай анастомоз кесілді, ол қай артериялардың арасында және неге күшті қан ағуы болды?
Жауап: Мүмкін «Corona mortis анастомозы кесілген болуы керек, ол төменгі құрсақ үсті артериясымен жапқыш артериясының арасында болады, қанның күшті ағуы ірі артериялардың бағаналардың жақын жатқандығынан болды, сонымен бірге оған лигатура жасау қиынға түседі, өйткені анастомоздар тармақтары ажырап кеткендіктен.
№67. Хирург бас сүйегіне трепанация жасағанда сүйектердің жиегін қан ақпау үшін замазкалайды. Қанның қайдан шығатынын көрсет.
Жауап: Қан ағу диплоэтикалық веналардан шығады. Ол бас сүйектердің
кемікті затында болады.
№68. Хирург трахеостома жасаған кезде көп қан ағуына әкеледі ол қандай анастомозды кесті.
Жауап: Мүмкін хирург мойындырық вена доғасына кесті, ол төс үстінде
апоневротикалық қуыста орналасқан
№69. Варикоцеллемен ауыратын адамда сол аралық бездің тесігі оңнан үлкен болады?
Жауап: Сол аталық без венасы сол бүйрек венасына құяды, ал оң аталық без төменгі қуыс венасына құяды, сондықтан бұнда қан ағымы жеңіл болады
№70. Дәрігер аурудың құрсақ қуысының алдыңғы қабырғасынан веноздық торды көрді. Веналары жоғарыдан төмен қарай, кіндіктен төмен қарай түскен. Бұл симптом қалай аталады және қандай потологияны ойлау керек. Қандай анастомоздар қатысқан?
Жауап: Клиникада бұл симптом «Медуза Горгонаның басы» деп аталады, бұл бауыр циррозының белгісі. Бұл жоғары, төменгі қуыс веналар және қақпа венасының арасындағы анастомоздар.
№71. Науқаста аяқтарының қатты ісіктері байқалады, былайша айтқанда «піл аяғы». Қандай жүйенің бұзылғаны туралы дәрігер не ойлау керек?
Жауап: Дренажды функцияны атқаратын лимфа жүйесінің бұзылғаны туралы ойлау керек
№72. Эндоартеритпен науқас адамның аяқ ұшын қандануын тексеру керек. Қай жерде пульсацияны және артерияны тексеру керек.
Жауап: Аяқ ұшының табандық бөлімінде артерияның пульсациясын және артерияны тексеру керек. Табанның қандануын артқы асық жілік артериясының медиалды асық жілікті өзекте пульсін тексеруге болады.
№73. Науқаста қолтық асты артериының аневризмасы байқалады, ота жасау керек. Лигатураны қай орынға істеу керек, жоғарғы қол сүйектернің қандануы бұзбас үшін және неге?
Жауап: Жауырынасты артерияның шығыуына бекіту керек лигатураны, себебі мықты жауырын анастомоз бұғанаасты артериясының және қолтық асты артериясының жүйелері арасында байқалады.
№74. Науқаста аяқтарының қатты ісіктері байқалады, былайша айтқанда «піл аяғы». Қандай жүйенің бұзылғаны туралы дәрігер ойлау керек.
Жауап: Дренажды функцияны атқаратын лимфа жүйесінің бұзылғаны туралы ойлау керек.
№75. Науқаста үлкен саусақтың қабынуы байқалады. Науқаста қандай лимфа түйіндерінің үлкейгені байқалады?
Жауап: Қолтықасты лимфа түйіндерінің қабынуы болады, мүмкін шынтақ лимфа түйіндерінің үлкеюі байқалмайды.
№76. Дәрігер-рентгенолог бүйрек рентгенограммасын қарағанда оның түбекшесі қап тәрізді, кіші табақшалар бірден түбекшеге құятыны (үлкен табақшалар жоқ) көрінді. Даму варианттарын ескере отырып дәрігер бүйректің экскреторлық жолдарының қай пішініні көрді?
Жауап эталоны: Дәрігер рентгенолог бүйрек экскреторлық ағашының эмбриональдық пішінін тапты.
№77. Ауруда несеп-тас ауруы. Несеп ағардың қай жерлерінде тас тұрып қалып тесікті жабуы мүмкін.
Жауап эталоны: Түбекшеден шыққан жерінде, кіші жамбасқа өткен жерінде, қуыққа кірген жерінде.
№78. Шат сүйектерінің жарақатынан кейін, симфиз маңында жылжу байқалды. Қай ағзаның қызметі бұзылуы мүмкін?
Жауап эталоны: Бұндай жарақатта қуық бұзылады.
№79. Несеп шығаратын өзектің өткізбейтіндігінен, несепті қуықты тесіпшығару керек. Бұл манипуляцияны іш пердесін жарақаттамай жасауға бола ма?
Жауап эталоны: Балада, тесіп кіргізу құрсақтың алдыңғы қабырғасында симфиздің үстіңгі жиегіне жасалынады.
№80. Ауруда қабыну процесінде бүйректің милық заты зақымданған. Бұндай жағдайда нефронның қай бөлігі өзгереді.
Жауап эталоны: Бұндай жарақатта нефронның Генле ілмегі зақымданады.
№81. Бір бүйректің экскреторлық ағашының рентгендік суретін алу үшін контрасты затты сәйкес несеп ағарға салады. Қандай ориентирлер бойынша несеп ағардың тесігін қуықтың шырышты қабатынан табады?
Жауап эталоны: Несеп ағарлардың тесіктері үш бұрышты алаңының бүйір бұрыштарында орналасқан, қуықтың шырышты қабатында қатпарлар болмайды.
№82. Қынап арқылы жатыр мойнын қарағанда гинеколог онда көлденең саңлауды көрді. Әйел бұрын босанған ба?
Жауап эталоны: Гинекология келген әйел бұрын бала тауып босанған.
№83. Жатыр түтігін алу үшін гинеколог жатырың кең жалғамасының қай жерін хирург кесуі керек?
Жауап эталоны: Хирург жатыр түтігін алу үшін түтіктің шажырқайын кеседі.
№84. Босанудан кейін несеп-жыныс диагфрагмасы жарақаттанды, оның кесірінен несепті ұстау қабілеті бұзылды. Бұл жағдайда қай бұлшық ет жарақаттанды.
Жауап эталоны: Шат аралығы жарақатынан кейін несеп шығару өзегінің сфинктері бұзылды.
№85. Баланы қарағанда дәрігер оның сол аталық безі құрсақ қуысының ішінде екенін байқайды. Бұндай орналасуы аномалия ма немесе даму вариантты ма?
Жауап эталоны: Аталық бездің шат каналының тереңгі сақинасында орналасуы аномалия деп саналады.
№86. Қуық асты безі секрет шығарып қана қоймайды. Сонымен бірге несеп шығаратын өзектің сфинктірі қызметін атқарады. Адам өмірінің қай периодында тек несеп шығаратын өзектің сфинктері болып саналады?
Жауап эталоны: Жыныстық қабілетке жеткенше несеп шығаратын өзектің сфинктері болып саналады.
№87. Ауру еркектің қуық асты түбірің маңайында ісік пайда болды. Қуықтың синтопиясын ескергенде ісік қай ағзаға көшуі мүмкін?
Жауап эталоны: Ісік қуық асты безіне ауысуы мүмкін. Өйткені ол қуықтың түбінде орналасқан.
№88. Басынан жарақат алған ауру түсті , оның миында ісік бар екені байқалады. Операция – басқа трепанация жасауға дайындау үшін жұлынға пункция жасау керек. Омыртқа бағанасының қай бөлігінде пункция жасалынды.?
Жауап: 3-4 бел омыртқаларының арасында.
№89. Ауруда тері сезімі – стереогноз бұзылғалы байқалады.
Жұлынның қай жіпшелерінің тұсында өткізгіштік бұзылған?
Жауап эталоны: Жұлынның артқы жіпшелерінің Голл және Бурдах шоғырларында.
№90. Ауруда қол, аяқ бұлшық еттерінің жұмысы бұзылғаны байқалды. Мишықтың қай анатомиялық құрылысы бұзылғанын көрсет.
Жауап: Мишықтың жарты шары мен тісті ядросы жарақаттанғанда.
№91. Аурудың тынысы мен қан айналымы тоқтады. Ромба тәрізді мидың қай анатомиялық құрылымы бұзылғанын көрсет.
Жауап: Сопақша мидағы тыныс алу және қан айналым орталықтары.
№92. Науқас ауруханаға жедел менингитпен түсті. Ауру бас мидың шеменімен асқынды. Ромб миының қандай тесіктері торлы қабықасты кеңестікпен жұлын сұйығының циркуляциясының бұзылуына әкеп соқтырады.
Жауап: Ортаңғы тесік (Magendi) және екі бүйір (Luschka) 4-ші қарыншаның жоғарғы тамырлы қабықшасы .
№93. Босану кезінде нәрестеде бас – ми жарақаты байқалды мишықтың жұлынуымен. Қатты ми қабықшасының қандай өсіндісі зақымдалған.
Жауап: Мишық шатырының үзілуі байқалады.
№94. Ауруда иықтың бүгу қызметі бұзылған және білектің латеральды жағындағы терісінің сезімталдығы бұзылған. Ауруда қай нервтің жарақаттанғаны болады.
Жауап: Ауруда бұлшықет-тері нерві жарақаттанған.
№95. Ауруда санның артқы бетіндегі терісінің сезімталдығы бұзылған. Ауруда қай нерв бұзылған.
Жауап: Ауруда артқы санның тері нервінің қызметі бұзылған.
№96. Ауруда санды ішкі әкелу бұзылған, сонымен бірге санның медиальды бетінде тері сезімі бұзылған. Ауруда қай нервтің бұзылғаны байқалады.
Жауап: Ауруда жапқыш нервтің бұзылғаны байқалады
№97.Ауруда көп қозғалғанда тепе-теңдігі бұзылатыны байқалады, тыныш отырса тоқталады. Ауруда қай тепе-теңдік бұзылғанын көрсет.
Жауап: Ауруда кинетикалық тепе-теңдіктің бұзылғаны байқалады.
№98. Туристер тауға көтерілгенде құлақтары бітіп қалады, сондықтан олар тұтынады. Неге?
Жауап: Жұтыну қозғалысын жасағанда есту түтігі кеңіп, дабыл қуысында атмосфералық қысым теңселеді.
№99. Өте жарықта көз қарашығы тарылады. Бұл реакция қай бұлшық еттің арқасында болатынын көрсет.
Жауап: Көз қарашығын тарылтатын бұлшық ет.
№100. Ауруда екі көзінде медиальді көру алаңы жоғалатыны байқалады. Ауруда көру жолының қай деңгейінде бұзылғанын көрсет:
Жауап: Көру қиылысының маңында.
№101. Науқас Д, 25 жастағы жүрек соғысына, ашушаңдық, күйгелек, ұйқысыздық, азып кетуіне, қолдың дірілдеуіне (жазуы өзгерген) осындай белгілерге шағымданады. Тәбеті жоғары, дене салмағының бір уақытта өзгеруі. Теріс азот балансы байқалады, дене температурасы жоғары, тері ылғалды, қалқанша безі үлкейген. Пульс 118/мин. Бұл қандай патология?
Жауап: Диффузды токсикалық зоб (Базед ауруы) – қалқанша без гормондарының гиперфункциясы (тироксин, трийодтиронин).
№102. Науқас Р, 58 жасар дәрігерге солғындық, апатия, баяулықпен шағымданған. Жоғары және төменгі қабақтың қалтатәріздес ісікпен, еріндердің, ұрттың ісігі байқалады. Ісік тіндерді басқанда шұңқырдың ізі қалмайды. Негізгі алмасу төмендеген. Бұл қандай патология?
Жауап: Қалқанша бездің гипофункциясына (микседема) орын берілген.
№103. Профилактикалық тексеру кезінде Солтүстік Кавказдың тұрғындарында көптеген тұрғынында қалқанша безінің үлкеюі байқалған. Қан анализі көрсеткендей Т4 және Т3 төменгі деңгейі көрсетілген. Көптеген жағдайларда тұншығу ұстамасы, құрғақтық, жөтел, дауыстың қарлығуы байқалады. Бұл қандай патология?
Жауап: Эндемиялық зоб. Эндемиялық зобтың негізгі себебі тамақ өнімдерінде йодтың тапшылығы, оның топырақта және суда жетіспеушілігі. Тиреоидты гормондардың тапшылығы гипофиздегі тиротропты гормондардың секрециясының жоғарылауына әкеледі, қалқанша безінің тіндерінің гиперплазиясына зобтың дамуына әкеліп соқтырады.
№104. Қалқанша безінің резекциясында кездейсоқ қалқанша жанындағы бездер алынып тасталынды. Операциядан кейін науқаста тетания ұстамасы басталды. Тетанияның белгілері алдында аяқ-қолдың мұздауы, жансыздануы, шымылдауы дененің тітіркенуі, түйілу сезімі байқалады. Осы белгілерден соң, әр түрлі ауыр тонусты қалтырау байқалады.
Жауап: Паратгормонның жетіспеушілігі сүйек тінінен қанға кальции иондарының келуін азайтады және бүйректің жекеленген проксимальды бөліктеріндегі фосфордың реабсорбциясын жоғарылатады. Осының нәтижесінде гипокальцемия байқалады және гиперфосфатемия. Гипокальцемияның нәтижесінде Na және K, сонымен қатар Са және Mg иондарының арасындағы тепе-теңдік бұзылады. Нәтижесінде нерв бұлшықет қозуының бірден жоғарылауы туындайды. Са бұлшықеттің жиырылу механизміне қатысады.
№105. 7 жасар балада физикалық және ақыл есіндегі кемістік байқалады. Бойы кіші, дене құрылысы пропорционалды емес. Негізгі зат алмасу және дене температурасы төмен. Бұл қандай патология? Сіз себебін қалай түсіндіресіз?
Жауап: Бұл жағдайда қалқанша безінің гипофункциясы орын алады, немесе гипотиреоз, басқаша кретинизм деп аталады. Бұл аурудың белгілері, ең бастысы, иодтирониндердің жасушаның бөлінуіне және дифференцировкаға әсерінің төмендеуімен түсіндіріледі. Бұның нәтижесінде сүйек тіні өсуі баяулайды және дұрыс өспейді, нейрондардың дифференцировкасы бұзылады. Нәтижесінде нейрондар өздерінің арнайы функцияларын орындай алмайды.
№106. Науқас дене массасының артық салмағына, шөлге, әрдайым аш болуына, шаршаңқы, бұлшықеттің әлсіздігіне шағымданады. Тексеріп байқағанда науқастың беті ай тәрізді. Зерттеу барысында гипергликемия, гипертония, АКТГ және кортизол гормондарының жоғары секрециясы байқалған. Бұл қандай патология?
Жауап: Бүйрек үсті безінің қабығының гиперфункциясы байқалады. (Иценко-Кушинга ауруы) немесе стероидты диабет.
№107. Науқас әйелдің шағымы: ауыз қуысы құрғап, шөлдеп, тәбеті жоғары, әлсіз. Тәулігіне бөлінетін зәрдің көлемі 3 литр дейін жоғарылаған. Зәрге жасалған талдау 1,032 тығыздықты глюкозаның мөлшері 9,0 ммоль/л екендігін көрсетті. Бұл қандай патология?
Жауап: Науқас әйелде қант диабеті. Бұл ауруда қандағы қанттың мөлшері жоғары (гипергликемия), себебі инсулиннің абсолютті немесе салыстырмалы түрде жеткіліксіздігі байқалады. Глюкоза – осмостық белсенді зат, қанға бөлінген кезде өзімен бірге суды тартады, диурез жоғарылайды (полиурия), шартты түрде шөлдеу пайда болады (полидипсия). Қандағы глюкозаның мөлшері жоғары болуына қарамастан, ол клеткаға өтпейді және бауырда гликогенге айналмайды, тіндерде энергетикалық материал ретінде пайдаланылмайды, «тоқтық арасында аштық» (полифагия) байқалады. Глюкозаның мөлшері сонымен бірге, глюконеогенездің есесінен де жоғарылайды, яғни бұл жағдайларда майлар мен белоктар (глицерин, аминоқышқылдар) глюкозаға айналады.
№108 Жынысы жетілмеген жануарда эксперимент кезінде эпифиз алынып тасталынды. Жануардың жыныстық жетілу жылдамдығы қалай өзгереді?
Жауап: Жыныстық жетілу жылдам болады.
№109. Босану кезінде екі қабат әйелге жатырдың жиырылуын үлкейтетін гормон салды. Екі қабат әйелге қандай гормон енгізді?
Жауап: Окситоцин.
3. Сынақ, емтихан сұрақтары:
1. Қаңқаға анықтама беріңіз.
2. Сүйектердің жіктелуі.
3. Бассүйектердің милық және беттік бөлімдерге бөлінуі.
4. Ми сауытының сүйектерін атап, көрсетіңіз.
5. Бет сүйектерін атап, көрсетіңіз.
6. Тұлға сүйектердің құрылысының ерекшеліктерін айтып беріңіз.
7. Қол және аяқтың сүйектерінің белдеуінің құрылысының ерекшеліктерін айтып беріңіз.
8. Қол сүйектерінің белдеуінің құрылысының ерекшеліктерін айтып беріңіз.
9. Аяқ белдеу сүйектерінің құрылысының ерекшеліктерін айтып беріңіз.
10. Аяқтың еркін бөлігінің қаңқасының құрылысының ерекшеліктерін айтып беріңіз.
11. Сүйектердің буындарының түрлері.
12. Буындардың жіктеліуі және оларға жалпы сипаттама.
13. Бас бұлшықеттері.
14. Мойын бұлшықеттері.
15. Кеуде бұлшықеттері.
16. Іш бұлшықеттері.
17. Арқа бұлшықеттері.
18. Иық белдеу бұлшықеттері.
19. Қол сүйектерінің еркін бұлшықеттері.
20. Аяқ сүйектерінің еркін бұлшықеттері.
21. Аяқтың еркін бұлшықеттері.
22. Асқорыту жүйесіне анықтама беру.
23. Ауыз қуысы және оның қабырғалары.
24. Тістің құрылысы.
25. Таңдай және оның құрамдық бөліктері, бұлшықеттер.
26. Тіл, тілдің бөліктері, құрылысы, бүртіктердің түрлері.
27. Сілекей бездері, топографиясы, құрылысы, функционалдық маңызы.
28. Жұтқыншақ және оның бөліктері, топографиясы, құрылысы, қызметі.
29. Өңеш және оның бөліктері, топографиясы, құрылысы, қызметі.
30. Асқазан және оның бөлімдері, топографиясы, құрылысы, қызметі.
31. Жіңішке ішек, топографиясы, құрылысы, функционалдық маңызы.
32. Тоқ ішек, топографиясы, құрылысы, функционалдық маңызы.
33. Бауыр, құрылысы, топографиясы, қызметі.
34. Өтқуық, құрылысы, топографиясы, қызметі.
35. Ұйқыбез құрылысы, топографиясы, қызметі.
36. Ішастар және оның туындылары.
37. Іш қуысына түсінік беру.
38. Іш қуысының қабырғаларының құрылысы.
39. Тыныс алу жүйесіне анықтама беру.
40. Мұрын қуысы, оның қабырғалары.
41. Мұрын жанындағы қойнаулар, оның мұрын қуысымен байланысы.
42. Көмей құрылысы, топографиясы, қызметі.
43. Кеңірдек құрылысы, топографиясы, қызметі.
44. Бронхтар құрылысы, топографиясы, қызметі.
45. Өкпе құрылысы, топографиясы, қызметі.
46. Өкпеқап және оның қойнаулары.
47. Қан тамырлар жүйесіне анықтама беріңіз.
48. Жүректiң сыртқы құрылысы.
49. Жүрекшелердiң құрылысы.
50. Қарыншалардың құрылысы.
51. Жүрек қабырғаларының құрылысы.
52. Үлкен және кіші қанайналым шеңберлері.
53. Коллатеральды қан айналымы.
54. Жүрекқап құрылысы.
55. Аорта және оның бөліктері.
56. Өрлемелі аорта, топографиясы, тармақтары, қанмен жабдықтау аймақтары.
57. Аорта доғасы, топографиясы, тармақтары, қанмен жабдықтау аймақтары.
58. Төмендемелі аорта, топографиясы және оның бөліктері.
59. Кеуде аортасы, топографиясы, тармақтары, қанмен жабдықтау аймақтары.
60. Құрсақ аортасы, топографиясы, тармақтары, қанмен жабдықтау аймақтары.
61. Қолтықасты артериясы, топографиясы, тармақтары, қанмен жабдықтау аймақтары.
62. Иық артериясы, топографиясы, тармақтары, қанмен жабдықтау аймақтары.
63. Кәріжілік артериясы, топографиясы, тармақтары, қанмен жабдықтау аймақтары.
64. Шынтақ артериясы, топографиясы, тармақтары, қанмен жабдықтау аймақтары.
65. Қол ұшы артериялары, топографиясы, тармақтары, қанмен жабдықтау аймақтары.
66. Сан артериясы, топографиясы, тармақтары, қанмен жабдықтау аймақтары.
67. Тақымасты артериясы, топографиясы, тармақтары, қанмен жабдықтау аймақтары.
68. Сирақ артериясы, топографиясы, тармақтары, қанмен жабдықтау аймақтары.
69. Аяқ ұшы артериялары, топографиясы, тармақтары, қанмен жабдықтау аймақтары.
70. Жоғарғы қуыс венасы, құрылысы, топографиясы, құятындары.
71. Тақ және жартылай тақ веналар, топографиясы, құятындары.
72. Омыртқа бағанасының веноздық торлары.
73. Иық бас венасы, құрылуы, құятындары.
74. Алдыңғы мойындырық венасы.
75. Сыртқы мойындырық венасы.
76. Iшкi мойындырық венасына бастың iшiнен келiп құятын веналар.
77. Iшкi мойынтырық венасына бастың сыртынан келiп құятын веналар.
78. Кава-кавальдi, порто-кавальдi анастомоздар.
79. Төменгi қуыс вена, құрылысы, топографиясы.
80. Төменгi қуыс венаның париетальдi келiп қүятын веналар.
81. Төменгi қуыс венаның висцеральдi келiп құятын веналар.
82. Кақпа венасы,құрылысы,топографиясы.
83. Лимфа жүргізетін жолдар.
84. Лимфа капилярлары.
85. Лимфа тамырлары.
86. Лимфа түйіндері.
87. Кеуде лимфалық өзегі.
88. Оң лимфалық өзегі.
89. Бүйректiң макроскопиялық құрылысы.
90. Бүйректiң скелетопиясы, синтопиясы, голотопиясы.
91. Бүйрек қабаттары.
92. Бүйрек фиксациясы.
93. Нефрон, құрамдық бөлiктерi.
94. Бүйректiң форникальдi аппараты.
95. Несепағар, бөлiктерi, қысыңқылары.
96. Қуық, құрылысы, функциональдi маңызы.
97. Несепшығаратын өзек.
98. Аталық без, құрылысы, функциясы, қабаттары.
99. Тұқым жүргiзетiн жол.
100.Аталық без қосымшасы.
101.Тұқым шылбыры, бөлiктерi.
102.Қуық асты безi, жасқа байланысты ерекшiлiктерi.
103.Купер безi, функциональдық маңызы.
104.Еркек жыныс мүшесi. Еркектiң несеп шығаратын каналы, бөлiктерi, тарылған, кеңiген жерлерi.
105.Аналық без, құрылысы, топографиясы, жасқа байланысты ерекшiлiктерi.
106.Жатыр түтiгi бөлiктерi, топографиясы.
107.Жатыр, орналасуы, фиксациясы, қабырғасының құрылысы.
108.Қынап, құрылысы, қынап күмбезi.
109.Сыртқы жыныс ағзалары.
110.Жұлынның жалпы құрылысы.
111.Жұлынның сұр заты.
112.Жұлынның бүйiр жiпшелерiндегi өткiзгiш жолдар.
113.Жұлынның артқы жiпшелерiндегi өткiзгiш жолдар
114.Жұлынның алдыңғы жiпшелерiндегi өткiзгiш жолдар
115.Жұлын қабықтары
116.Мидың жалпы құрылысы, оның бөлiктерге бөлiнуi.
117.Сопақша мидың құрылысы.
118.Артқы мидың құрылысы.
119.Ортаңғы мидың құрылысы.
120.Аралық мидың құрылысы.
121.Соңғы мидың құрылысы.
122.Мидың қабықтары.
123.Көздiң склерасымен мүйiздi қабатының құрылысы.
124.Көздiң тамырлы қабатының құрылысы.
125.Көздiң торлы қабатының құрылысы.
126.Көздiң iшкi ядросы.
127.Көз алмасының бұлшық еттерi.
128.Көз жасы аппараты, көздiң қосымша аппаратының элементтерi.
129.Есту ағзасы және оның бөліктері.
130.Құлақ қалқанының құрылысы.
131.Құлақ сыртқы жолының құрылысы.
132.Дабыл қуысының құрылысы.
133.Құлақ сүйекшелерiнiң құрылысы.
134.Есту түтiгiнiң құрылысы.
135.Жартылай айналма каналдардың құрылысы.
136.Кiреберiстiң құрылысы.
137.Сүйектi ұлудың құрылысы.
138.Статокинетикалых анализатор.
139.Көру анализаторының өткізгіш жолдары.
140.Есту анализаторының өткізгіш жолдары.
141.Дәм сезу ағзаларының өткізгіш жолдары.
142.Иіс сезу ағзаларының өткізгіш жолдары.
143.Эндокрин бездеріне анықтама беру.
144.Эндокрин бездерінің жіктелуі.
145.Қалқанша бездерінің құрылысы және функциясы.
146.Қалқанша маңы бездерінің құрылысы және функциясы.
147.Айырша безінің құрылысы және функциясы.
148.Гипофиз құрылысы және функциясы.
149.Эпифиз құрылысы және функциясы.
150.Бүйрек үсті безінің құрылысы және функциясы.
151.Хромаффинді денешіктерінің құрылысы және функциясы.
152.Ұйқы безінің эндокринді бөлігінің құрылысы және функциясы.
153.Жыныс бездерінің эндокринді бөлігінің құрылысы және функциясы, аналық без, аталық без.
4. Тәжірибелік дағдылар тізімі:
ОҚТЕ әдісі бойынша тәжірибелікті дағдыны жүргізу үшін әрбір кезеңде студентке 15 тапсырмалы билетті таңдау ұсынылады. Әр қайсысы 2 «қадамнан» тұрады. Әр «қадам» балды жүйеде бағаланады.
1- кезең
Билет № 1
1. Бет сүйектерін атаңыз, көрсетіңіз.
2. Ми сауытының сүйектерін атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 8
Билет № 2
1. Жоғарғы белдеу сүйектерін атаңыз, көрсетіңіз.
2. Төменгі белдеу сүйектерін атаңыз, көрсетіңіз және жіктеңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 8
Билет № 3.
1. Аяқтың еркін бөлігінің сүйектерінің қаңқасын атаңыз, көрсетіңіз.
2. Қолдың еркін бөлігінің сүйектерінің қаңқасын атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 8
Билет № 4.
1. Білезік сүйектерін атаңыз, көрсетіңіз.
2. Тілерсек сүйектерін атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 8
Билет № 5.
1. Кеуде торының сүйектерін атаңыз, көрсетіңіз.
2. Омыртқа жотасының бөліктерін атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 8
Билет № 6.
1. Ми сауытының жұп сүйектерін атаңыз, көрсетіңіз.
2. Беттің жұп сүйектерін атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 8
Билет № 7.
1. Ми сауытының тақ сүйектерін атаңыз, көрсетіңіз.
2. Беттің тақ сүйектерін атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 8
Билет № 8.
1. Төс-бұғана буынының байламдарын атаңыз, көрсетіңіз.
2. Акромион – бұғана буынының байламдарын атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 8
Билет № 9.
1. Иық буынының байламын атаңыз, көрсетіңіз.
2. Ұршық буынының байламдарын атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 8
Билет № 10.
1. Тізе буынының ішкі байламдарын атаңыз, көрсетіңіз.
2. Шынтақ буынының байламдарын атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 8
Билет № 11.
1. Шайнау бұлшықеттерін атаңыз, көрсетіңіз.
2. Мойынның беткей бұлшықеттерін атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 8
Билет №12.
1.Иық бұлшықеттерінің алдыңғы тобының бұлшықеттерін атаңыз, көрсетіңіз.
2. Иық белдеуінің алдыңғы тобының бұлшықеттерін атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 8
Билет №13.
1. Арқаның беткей бұлшықеттерін атаңыз, көрсетіңіз.
2. Кеуденің жергілікті, меншікті бұлшықеттерін атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 8
Билет № 14.
1. Жамбас белдеуінің артқы тобының бұлшықеттерін атаңыз, көрсетіңіз.
2. Іштің бұлшықеттерін атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 8
Билет №15.
1. Сан бұлшықеттерінің алдыңғы тобының бұлшықеттерін атаңыз, көрсетіңіз.
2. Сан бұлшықеттерінің артқы тобының бұлшықеттерін атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 8
2-кезең
Билет № 1
1. Ас қорыту жүйесінің мүшелерін атаңыз, көрсетіңіз.
2. Жуан ішектің бөлімдерін атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 6
Билет № 2
1. Жіңішке ішектің бөлімдерін атаңыз, көрсетіңіз.
2. Ауыз қуысының бездерін атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 6
Билет № 3
1. Жұтқыншақ бөлімдерін атаңыз, көрсетіңіз.
2.Тыныс алу жүйесінің мүшелерін атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 6
Билет № 4
1. Өкпенің беттерін атаңыз, көрсетіңіз.
2. Көмейдің шеміршектерін атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 6
Билет № 5
1. Зәр шығару мүшесін атаңыз, көрсетіңіз.
2. Бүйрек қабықтарын атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 6
Билет № 6
1. Ерлердің зәр шығару өзегінің бөлімдерін атаңыз, көрсетіңіз.
2. Бүйректен зәрдің шығу жолдарын атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 6
Билет № 7
1. Аталық жыныс мүшелерін атаңыз, көрсетіңіз.
2. Ұманың қабықтарын атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 6
Билет № 8
1. Әйел ішкі жыныс ағзаларын атаңыз, көрсетіңіз.
2. Әйел сыртқы жыныс ағзаларын атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 6
Билет № 9
1. Жатырдың құрылысының ерекшеліктерін атаңыз, көрсетіңіз.
2. Жатыр қабырғасының қабықтарын атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 6
Билет № 10
1. Жамбас астауы көкетінің терең бұлшықеттерін атаңыз, көрсетіңіз.
2. Несеп жыныс көкетінің беткей бұлшықеттерін атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 6
Билет № 11
1. Жүрек камераларын атаңыз, көрсетіңіз.
2. Жүрек қабырғасының құрылысын атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 6
Билет № 12
1. Қолқа доғасының тармақтарын атаңыз, көрсетіңіз.
2. Қолқа бөліктерін атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 6.
Билет № 13
1. Сыртқы ұйқы артериясы тармақтарын атаңыз, көрсетіңіз.
2. Ішкі ұйқы артериясының тармақтарын атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 6.
Билет № 14
1. Қолқаның іштік бөлімінің тақ висцеральды тармақтарын атаңыз, көрсетіңіз.
2. Қолқаның кеуделік бөлігінің тармақтарын атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 6.
Билет № 15
1. Қолқаның іштік бөлігінің қабырғалық тармақтарын атаңыз, көрсетіңіз.
2. Қолқаның іштік бөлігінің жұп висцеральды тармақтарын атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 6.
3- кезең
Билет № 1
1. Беткей (тері асты) қол веналарын атаңыз, көрсетіңіз.
2. Қақпа венасы, қандай веналардың бірігіуінен пайда болатындығын атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 6.
Билет № 2
1. Оң жақ лимфа түтігіне келіп түсетін лимфалық сабауларды атаңыз, көрсетіңіз.
2. Кеуде түтігіне келіп түсетін лимфалық сабауларды атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 6.
Билет № 3
1. Жұлынның қабықтарын атаңыз, көрсетіңіз.
2. Жұлын буылтықтарын атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 6.
Билет № 4
1. Ми жартышарларының үлестерін атаңыз, көрсетіңіз.
2. Бас сүйек нервтерін атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 6.
Билет № 5
1.Ромбы тәрізді мидың немесе артқы мидың бөліктерін атаңыз, көрсетіңіз.
2. Ортаңғы мидың бөліктерін атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 6.
Билет № 6
1. Үшкіл нервтің, перифериялық тармақтарын атаңыз, көрсетіңіз.
2. Тіл жұтқыншақ нервінің тармақтарын атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 6.
Билет № 7
1. Көз алмасының қабықтарын атаңыз, көрсетіңіз.
2. Көз алмасының тамырлы қабығының құрылысын атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 6.
Билет № 8
1. Көздің қосымша ағзаларын атаңыз, көрсетіңіз.
2. Көздің ішкі ядросының орталарын атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 6.
Билет № 9
1. Сыртқы құлақтың құрамын атаңыз, көрсетіңіз.
2. Есту ағзасының бөлімдерін атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 6.
Билет № 10
1. Сүйекті лабиринттің құрылысын атаңыз, көрсетіңіз.
2. Дабыл қуысының қабырғаларын атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 6.
Билет № 11
1. Ортаңғы құлақтың дыбыс сүйектерін атаңыз, көрсетіңіз.
2. Ортаңғы құлақтың бөлімдерін атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 6.
Билет № 12
1. Орталық иммундық жүйе ағзаларын атаңыз, көрсетіңіз.
2. Шеткі иммундық жүйе ағзаларын атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 6.
Билет № 13
1. Бронхиогендік топқа кіретін ішкі секреция бездерін атаңыз, көрсетіңіз.
2. Неврогендік топқа кіретін ішкі секреция бездерін атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 6.
Билет № 14
1. Мезодермалық бездер тобына жататын ішкі секреция бездерін атаңыз, көрсетіңіз.
2. Адреналды жүйе тобына кіретін ішкі секреция бездерін атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 6.
Билет № 15
1. Микроциркуляторлы арнаның бөліктерін атаңыз, көрсетіңіз.
2. Бас лимфа түйіндерін атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 6.
Емтихан қабылдаушыға бақылау материалдары
(дұрыс жауап эталондары)
1-кезең
Билет № 1
1. Жоғарғы жақ сүйек, төменгі мұрын қалқаны, таңдай сүйегі, әлпет (бет) сүйегі, мұрын сүйегі, көз жасы сүйегі, өре сүйегі, төменгі жақ сүйек, тіл асты сүйек.
2. Шүйде сүйек, сына тәрізді сүйек, маңдай сүйек, торлы сүйек, самай сүйек, шеке сүйек.
Билет № 2
1. Жауырын, бұғана.
2. Жамбас сүйек: мықын сүйек; қасаға сүйек; шонданай (отырықшы) сүйек.
Билет № 3
1. Ортан жілік, асықты жілік, асықты жілік шыбығы, тілерсек сүйектері, табан сүйектері, аяқ ұшы бақайларының сүйектері.
2. Тоқпан жілік, кәрі жілік, шынтақ сүйек, білезік сүйектері, алақан сүйектері, саусақ сүйектері.
Билет № 4
1. Қайық тәрізді сүйек, жартыай тәрізді сүйек, үшқырлы сүйек, бұршақ тәрізді сүйек, трапеция сүйек, трапеция тәрізді сүйек, басты сүйек, ілмек тәрізді сүйек.
2. Асық топай сүйек, өкше сүйек, қайықтәрізді сүйек, медиальды, латеральды және аралық сына тәрізді сүйектер, текше сүйек.
Билет № 5
1. Қабырға, төс, кеуде омыртқалары.
2. Мойын омыртқалары, кеуде омыртқалары, бел омыртқалары, сегізкөз омыртқалары, құйымшақ омыртқалары.
Билет № 6
1. Шеке сүйек, самай сүйек.
2. Жоғарғы жақ сүйек, төменгі мұрын қалқаны, таңдай сүйек, әлпет (бет) сүйек, мұрын сүйек, көз жасы сүйегі.
Билет № 7
1. Шүйде сүйек, сынатәрізді сүйек, маңдай сүйек, торлы сүйек.
2. Өре сүйек, төменгі жақ сүйек, тіласты сүйегі.
Билет № 8
1. Алдыңғы төс-бұғана байламы, артқы төс-бұғана байламы, қабырға — бұғана байламы, бұғана аралық байлам.
2. Акромион-бұғана байламы, құстұмсық-бұғана байламы.
Билет № 9
1. Құстұмсық – иық байламы.
2. Мықын-ортан жілік байламы, қасаға (шат) – ортан жілік байламы, шонданай (отырықшы) – ортан жілік байламы, ортан жілік басының байламы, ұршық ойығының көлденең байламы.
Билет № 10
1. Тізе буынының көлденең байламы, алдыңғы крест тәрізді байлам, артқы крест тәрізді байлам.
2. Кәрі жілік коллатеральді байлам, кәрі жілік коллатеральді байлам, кәрі жілік сүйектің сақиналы байламы.
Билет № 11
1. Шайнау бұлшықеті, самай бұлшықеті, бүйір қанаттәрізді бұлшықет, ортаңғы қанаттәрізді бұлшықет.
2. Мойынның тері астындағы бұлшықеті, төс-бұғана – емізікті бұлшықет.
Билет № 12
1. Иықтың екі басты бұлшықеті, иық бұлшықеті.
2. Үлкен кеуде бұлшықеттері, кіші кеуде бұлшықеттері, құстұмсық – иық бұлшықеті.
Билет № 13
1. Трапеция тәрізді бұлшықет, арқаның аса жалпақ бұлшықеті, ромбы тәрізді бұлшықет (үлкен және кіші), жауырынды көтеретін бұлшықет, артқы жоғарғы тісті бұлшықет, артқы төменгі тісті бұлшықет.
2. Сыртқы қабырғааралық бұлшықет, ішкі қабырғааралық бұлшықет, қабырғаастылық бұлшықет, кеуденің көлденең бұлшықеті.
Билет № 14
1. Үлкен бөксе бұлшықеті, ортаңғы бөксе бұлшықеті, жалпақ шандырды көтеретін бұлшықет, кіші бөксе бұлшықеті, алмұрт тәрізді бұлшықет, ішкі жапқыш бұлшықет, санның шаршы бұлшықет, сыртқы жапқыш бұлшықет.
2. Іштің тік бұлшықеті, пирамидалық бұлшықет, іштің сыртқы қиғаш бұлшықеті, іштің ішкі қиғаш бұлшықеті, іштің көлденең бұлшықеті, белдің шаршы бұлшықеті.
Билет № 15
1. Санның төрт басты бұлшықеті, тігінші бұлшықет.
2. Жартылай сіңірлі бұлшықет, жартылай жарғақты бұлшықет, ортан жіліктің екібасты бұлшықеті, тақым бұлшықеті.
2-кезең
Билет № 1
1. Ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, жіңішке ішек, жуан ішек.
2. Соқыр ішек, жоғарылаған жиек ішек, көлденең жиек ішек, төмендеген иек ішек, сигматәрізді жиек ішек, тік ішек.
Билет № 2
1. Он екі елі ішек, аш ішек, мықын ішек.
2. Шықшыт безі, төменгі жақсүйек асты безі, тіласты безі.
Билет № 3
1. Мұрын бөлімі, ауыз бөлімі, көмей бөлімі.
2. Мұрын қуысы, көмей, кеңірдек, бронхтар, өкпе.
Билет № 4
1. Қабырғалық беті, көкеттік беті, медиалді беті.
2. Сақинатәрізді шеміршек, қалқанша шеміршек, бөбешік шеміршек, ожаутәрізді шеміршектер, мүйізтәрізді шеміршектер, сынатәрізді шеміршектер.
Билет № 5
1. Бүйрек, несеп ағар, несеп қуық, зәр шығару өзегі.
2. Талшықты қабық, май қабатының капсуласы, дәнекер тінді шандырлы қабат.
Билет № 6
1. Қуық асты безі бөлімі, жарғақтық бөлімі, кеуекті бөлімі.
2. Кіші шөлмек, үлкен шөлмек, түбек, несепағар, қуық, зәр шығару өзегі.
Билет № 7
1. Аталық жыныс бездері, ұрық шығаратын өзек, шәует көпіршіктері, қуық асты безі, бульбоуретальды бездер, жыныс мүшесі, ұма.
2. Ұма терісі, етті қабық, сыртқы шәует шандыры, атабезді көтеретін бұлшықет шандыры, атабезді көтеретін бұлшықет, ішкі шәует шандыры, атабездің қынапты қабығы.
Билет № 8
1. Анабездер, жатыр түтікшелері, жатыр, қынап.
2. Үлкен жыныс ернеуі, кіші жыныс ернеуі, деліткі (шошақай), қыздық перде.
Билет № 9
1. Жатыр түбі, жатыр денесі, жатыр мойны, жатырдың алдыңғы беті, жатырдың артқы беті.
2. Сыртқы қабық, периметр, ортаңғы қабық, миометр, ішкі қабық, эндометр.
Билет № 10
1. Артқы өтісті көтеретін бұлшықет, құйымшақ бұлшықеті.
2. Буылтық-кеуек бұлшықеті, шоңданай-үңгір бұлшықеті, беткей көлденең шат бұлшықеті.
Билет № 11
1. Оң жақ жүрекше, оң жақ қарынша, сол жақ жүрекше, сол жақ қарынша.
2. Ішкі эндокард, ортаңғы миокард, сыртқы перикард.
Билет № 12
1. Иық-бас сабауы, сол жақ жалпы ұйқы артериясы, сол жақ бұғана асты артериясы.
2. Қолқаның жоғары көтерілетін бөлігі, қолқа доғасы, қолқаның төмен кететін бөлігі.
Билет № 13
1. Жоғарғы қалқанша артериясы, тіл артериясы, бет артериясы, шүйде артериясы, артқы құлақ артериясы, төс-бұғана-емізік артериясы, жоғарылаған жұтқыншақ артериясы, беткей самай артериясы, жоғары жақ сүйек артериясы.
2. Ұйқы дабыл тармағы, көз артериясы, алдыңғы ми артериясы, ортаңғы ми артериясы, тамырлы өрім артериясы, артқы дәнекер артериясы.
Билет № 14
1. Құрсақ сабауы, жоғарғы шажырқай артериясы, төменгі шажырқай артериясы.
2. Бронхиалды артерия, өңеш артериясы, кеудеаралық артерия, жүрек қап артериясы, артқы қабырғааралық артерия, жоғарғы көкет артериясы.
Билет № 15
1. Төменгі көкет артериясы, бел артериялары, орталық сегізкөз артериясы, жалпы мықын артериялары.
2. Ортаңғы бүйрек үсті артериясы, бүйрек артериясы, аталық (аналық) жыныс бездерінің артериясы.
3-кезең
Билет № 1
1. Қолдың латералды теріасты венасы, қолдың медиалды теріасты венасы, қолдың шынтақ венасы.
2. Көкбауыр венасы, жоғарғы шажырқай венасы, төменгі шажырқай венасы.
Билет № 2
1. Оң жақ мойындырақ лимфалық сабау, оң жақ бұғана асты лимфалық сабау, оң жақ бронхокөкірекаралық лимфалық сабау.
2. Оң және сол жақ бел лимфалық сабаулары, сол жақ бронх көкірекаралық лимфалық сабау, сол жақ бұғана асты лимфалық сабау, сол жақ мойындырық лимфалық сабау.
Билет № 3
1. Жұлынның қатты қабығы, жұлынның торлы қабығы, жұлынның жұмсақ қабығы.
2. Мойын буылтығы, бел-сегізкөз буылтығы.
Билет № 4
1. Маңдай үлесі, шеке үлесі, самай үлесі, шүйде үлесі, аралша.
2. Иіс сезу нерві, көру нерві, көз қозғалтқыш нерві, шығыршық нерві, үшкіл нерві, әкететін нерв, бет нерві, кіреберіс-ұлу нерві, тілжұтқыншақ нерві, кезбе нерв, қосымша нерв, тіласты нерві.
Билет № 5
1. Сопақша ми, көпір, мишық, ІҮ-қарынша.
2. Ортаңғы ми шатыры, мидың аяқшалары, су құбыры.
Билет № 6
1. Көз нерві, жоғарғы жақсүйек нерві, төменгі жақсүйек нерві.
2. Дабыл нерві, біз жұтқыншақ нерві, таңдай бадамша нерві, жұтқыншақ нерві, тіл нерві, ұйқы қойнау нерві.
Билет № 7
1. Талшықты қабық, көз алмасының тамырлы қабығы, көз алмасының торлы қабығы.
2. Меншікті тамырлы қабық, кірпікті дене, нұрлы қабық.
Билет № 8
1. Көз алмасының бұлшықеттері, көзұясының шел май мен көз алмасының қынабы, қабақтар, көз жас аппараты.
2. Шынытәрізді дене, көзбұршақ
Билет № 9
1. Құлақ қалқаны, сыртқы есту өтісі, дабыл жарғағы.
2. Сыртқы құлақ, ортаңғы құлақ, ішкі құлақ.
Билет № 10
1. Кіреберіс, сүйекті жартылай дөңгелекті өзектер, ұлу.
2. Латералды-жарғақты, медиалды-лабиринттік, артқы-емізікті, алдыңғы-ұйқы, жоғарғы-шатыр, төменгі-мойындырық.
Билет № 11
1. Балғашық, төс, үзеңгі.
2. Дабыл қуысы, есту түтігі
Билет № 12
1. Жілік майы, айырша безі.
2. Ішкі ағзалардың лимфалық түйіндері, лимфа түйіндері, көкбауыр.
Билет № 13
1. Қалқанша безі, қалқанша жанындағы бездер, айырша без.
2. Гипофиз, томпақ дене.
Билет № 14
1. Атабездің эндокринді бөлігі, анабездің эндокринді бөлігі.
2. Бүйрекүсті безі, параганглилер (түйін жанындағы денелер).
Билет № 15
1. Артериола, прекапилляр, капилляр, посткапилляр, венула.
2. Шүйде түйіндері, емізіктәрізді түйіндер, шықшыт түйіндері, төменгі жақ сүйекасты түйіндері, бет түйіндері, иекасты түйіндері.