Қызылорда облысы Шиелі ауданы
№153 Ш.Есенов атындағы мектеп-лицейдің тарих пәні мұғалімі
Битаева Салтанат Есенгелдіқызы
Пәні: Адам. Қоғам. Құқық.
Сыныбы: 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сайлау –қоғам өмірінің айнасы.
Сабақтың мақсаты:
а)Білімділік: Оқушылардың құқықтық сана сезімін қалыптастыруда Қазақстанның қазіргі
сайлау жүйесінің бағыттарынан түсінік беру арқылы заң алдындағы
жауапкершіліктерін арттыру, халықтық ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді
жолдарын түсіндіріп, теориялық білімдерін толықтыруда бейнелі түсінік беру.
ә)Тәрбиелік: Конституция т.б.құқықтық нормативтік актілерді құрметтей білуге үйрету,
оқушылардың қоғамдық саяси көзқарастарын қалыптастырып, адамгершілікке,
құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.
б)Дамытушылық: 1.Оқушылардың құқықтық білімін дамыту.
• 2.Деректер бойынша тұжырым жасай білу дағдысына үйрету.
• 3.Түсініктерін саяси дәйек сөздермен дәлелдеуге жаттықтыру
• 4.Сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
• 5.Өз пікірін қорғай білу дағдыларын шыңдау.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, пікір-талас.
Жаңа технология стратегиялары: интерактивті әдістер, тірек- сызбалар, 5 жолдық өлең әдісі,
ой толғаныс, зерттеу және топтық әдіс.
Көрнекілігі: Тірек сызбалар, үлестірмелі карточкалар, үгіт материалдары, сайлау тасымал
жәшігі, Қ.Р «Сайлау туралы» Заңы.
Сабақ жоспары:
1.Кіріспе.
2.Қазақстанның сайлау жүйесінің қалыптасуы
3.Сайлау құқығы мен бостандығы
4.Сайлау алдындағы үгіт
5.Сайлауды қаржыландыру
6.Сайлау органдары
7.Дауыс беру тәртібі, санау қорытындылары, электронды дауыс беру.
8.Халықаралық бақылаушылар.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа бетбұрыс, сабақ мақсатымен таныстыру
ІІ.Мұғалім кіріспесі тірек – сызба арқылы түсіндіріледі.
Қазақстан Тәуелсіздік алған кезден бастап қоғамдық демократияландыру мақсатында жүргізілген жұмыстар, оның ішінде сайлауды ашық әрі әділ өткізу тұрғысында еліміздің сайлау жүйесінің қалыптасуы мен жетілдіру жолындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы айтқанымыз жөн. Қазақстанның қазіргі сайлау жүйесінің қалыптасуы 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда Қ.Р–ның Конституциясын қабылданған сайлау заңы 2 бөлімнен 15 тараудан 133 баптан тұрады.
І. Мағынаны тану. Барлық бөлімге регламент белгіленеді.
Сынып оқушылары 5 топқа бөлінеді, оқушыларға алдын-ала берілген зерттеу тапсырмалары бойынша өз топ аттарын, тірек-сызба, т.б.арқылы қорғайды.
І-топ. Сайлаушылар
ІІ-топ. Үгітшілер
ІІІ-топ. Сайлау органдары.
ІV-топ Сарапшылар
V-топ Бақылаушылар
1. «Сайлаушылар» тобы: Сайлау құқықтары және түрлеріне тоқталады.
2. «Үгітшілер» тобы: Сайлау алдындағы үгіт қалай, қай уақыттан басталып, аяқталу мерзіміне түсінік береді.Үгітшілердің және сайлау комиссия мүшелерінің үгіт жүргізу құқықтары мен тәртіптеріне мағлұмат береді.
3. «Сайлау органдары» тобы:
4. «Сарапшылар» тобы:
Дауыс беру тәртібі санау қорытындылары туралы мәлімет береді.
5 «.Бақылаушылар тобы»: Халықаралық бақылаушылардың сайлау уақытындағы тәртіпті, заңдылықтың сақталуын қадағалайды.
ІV.Пікірталас: Қазақстандағы сайлау жүйесіне көзқарасың қандай?
1.-топ — жастар көзқарасымен.
2-топ — жұмыссыздар көзқарасымен
3-топ — мемлекеттік қызметкерлер көзқарасымен
4-топ — балалар көзқарасымен
Әр топқа берілген тапсырмалар бойынша мына сұрақтар төңірегінде пікір таластырылады.
1.Сайлауға қатысу неліктен маңызды?
2.Президент қандай болу керек?
3.Сен үміткерсің, ҚР Президенттігіне үміткер ретінде сайлау алды бағдарламаңды шығар.
V.Тіл өнері. Әр топқа құқықтық сөз жасырылған 3 мақал беріледі.
Жасырылған сөзді табу керек.
І-топ:
1.Бір қазаға екі———жоқ. (жаза)
2.Мен———қылған күні ай жарық болды (ұрлық)
3.Би екеу болса,———төртеу. (дау)
ІІ топ:
1.Әр елдің ——-басқа, итттері қара қасқа (заңы)
2.Тақыр жерге су төксең, жүруге тайғақ болар,
Жаманға сырыңды айтсаң көпке ——-болар (айғақ)
3.Жолға шықсаң сайлан, бес——- байлан (қару)
ІІІ топ:
1.Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің,
Анық достың қадірін——- болғанда білерсің (жалалы)
2. У ішкен бір өледі, ——-ішкен мың өледі (ант)
3.Әзіл айтсаң да,——бол (әділ)
ІҮ топ:
1.Елшіге ——жоқ. (өлім)
2.——істің – арты игі (әділ)
3. Тура ——, туған жоқ. (биде)
VІ. «5 жолдық өлең»
Сайлау, Президент, үгітші, үміткер сөздеріне талдау жасау
VІІ.Үйге тапсырма.
Тақырыпты мазмұндау
Деректер жинау
Мәтін жазу « Егер де мен Президент болсам»
VІІІ.Бағалау: Белсенді топты және белсенді оқушыларды бақылаушы топ мүшелері
анықтайды, білімдері марапатталып, бағаланады.