- Батпаққа батқан пілді- піл ғана шығара алады.
- Барыстың құйрығынан алма, алсаң айырылма.
- Бақа да аяғын бір нәрсеге тіреп тұрып бақылдайды.
- Битке өкпелеп, тоныңды отқа жақпа.
- Битке пышақ суырма.
- Балақтағы бит басқа шықты.
- Борсық ұрған сайын семіреді.
- Бозбала бастаған ел оңбас,
Құралай бастаған киік оңбас. - Бұлбұл гүлдің ашылғаның көрем деп сайрайды.
- Бұлбұлдың да жемсауы бар.
- Бұтаға паналаған торғай да аман қалды.
- Бақа да батпағын сағынар.
- Бүркіт ұя басса, тышқан тыншығанына қуанады.
- Бүркіт саңқылдаса, киік күбектейді.
- Баба бүркіт барлап ұшса, бала бүркіт парлап ұшады.
- Бүркіт қартайса тышқаншы болады,
Ер қартайса қазаншы болады. - Дәніккен қарсақ құлағымен ін қазады.
- Есті сұңқар енесінен үш бұтақ төмен қонады.
- Жаралы киік жата алмас.
Жалғыз жатып оттамас.
Қас жақсының белгісі,
Қара сөзді қостамас. - Жапалақ көрсең сатып ал,
Жаманнан басыңды ашып ал. - Жапалақты тасқа ұрсаң да- жапалақ өледі,
Таспен жапалақты ұрсаң да- жапалақ өледі. - Жапалақ керекке жараса, мерген неге менсінбесін?!
- Жапалаққа күннен түн жарық.
- Жапалақ сипағанмен сұңқар болмас,
Жабыны мақтағанмен тұлпар болмас. - Жер жүзін топан су қаптаса,
Үйрек несіне қайғырсын?! - Жолбарыстың үстінде келе жатып тебінбейді.
- Жомарт жүрекке иман қонады,
Жомарт қолға аспандағы лашын қонады. - Жұғын бар жерде- шыбын бар.
Шыбын бар жерде- шығын бар. - Ителгі баласы ілмей қалмас.
- Ителгі салған ет жейді,
Атының етін ит жейді. - Ителгінің қызығына қызыұсаң,
Қаршығаңды қамшы етерсің. - Күндіз бүркіт алса, түнде үкі алады.
- Киікті құралай бүлдірер,
Елді күрегей бүлдірер. - Көп суыр ін қазбас,
Ін қазса, кең қазбас. - Көш басшысы жоқ болса ел оңбайды.
Құралай бастаған киік оңбайды. - Көршілестің тауығы
Қаз болып көрінеді. - Көлмін деп мақтанасың,
Суында бір балық жоқ. - Керекейді өлтірме,
Қонжығы қор болмасын. - Киікті көрінбеген атады,
Не ерінбеген атады. - Кімнің тарысы піссе,
Соның тауығы. - Көкек өз атын өзі шақырады.
- Керуеннің түнгі жүрісін бозторғай біледі.
- Кенді жерде жылан бар,
Шөлді жерде қыран бар. - Кептер болып тусаң,
Қарға болып өлме. - Көрмеген көлде,
Естімеген құстың үні бар. - «Кімнің басы әдемі?» десе,
Тасбақа мойнын созыпты. - Кәрі араның балы тәтті болады.
- Көп құмырсқа жабылса түйені де өлтіреді.
- Қарға қарқылдаса,
Қысты шақырады.
Қаз қаңқылдаса,
Жазды шақырады. - Құстың қайдан екенің сұрама, сайрағанын сұра.