- Тентектің тобасы болмас,
Ақымақтың обасы болмас. - Тентектің түбі теңіз.
- Тентекті тентек десең,
Бөркі қазандай болады. - Тентек өзін дәу санайды,
Жантақ өзін бау санайды. - Тентек отты тебемін деп,
Аяғын күйдірер.
Ділмәр шындықты жеңемін деп,
Тілін күйдірер. - Тентек жұртқа тентек,
Өзіне мақұл. - Тентек шоқпар жинар.
- Тигенге тиіп,
Тимегенге сідігін шашады. - Тентекті тентек десең,
Телпегі қалпақтай болады. - Тебегеннен тер,
Қашағаннан қан жаудырады. - Тұщы тәнге ащы таяқ.
- Тентекке күнде той.
- Тентекке тіл жаңғырақ.
- Тозбас жасау болмас,
Бас білмес асау болмас. - Түйедей бой бергенше,
Түймедей ой бер. - Үгітті ұққанға, ақылды жұққанға айт.
- Үлкен үй- ортақ,
Кіші үй- бұлтақ. - Ұрысқақ қоразға шыр бітпес.
- Ұлы дүбірдегі ұрыншақ,
Ұрыншақ болса құлыншақ. - Ұялған тек тұрмас.
- Ұят қатты дегенше,
Етегін ашты дей бер. - Ұялмаған ұялтады.
- Үйрене алмаған ұстазынан көреді.
- Үгіті келіссе үміті жанады.
- Шақпақ, шақпаққа от берген ақымақ.
- Шариғат ағып бір жатқан бұлақ
Бұрынғының сөздері жағалай біткен құрақ. - Шешеннің нақылы ортақ,
Көсемнің ақылы ортақ. - Міселі- абырой сақтайды,
Місесіз- аруақ аттайды. - Ойын түбі шынға кетеді,
Шайтан түбі жынға кетеді. - Түн кезе берген түбінде,
Шайтанға жолығар. - Ажалды шошқа орда оттайды,
- Ажалды киіктің аяғы тыныш жатпайды.
- Ажалды киік адырға қашады.
- Айыр құйрық шаяннан,
Айыр тілді адам жаман. - Ақсұңқардың баласы,
Алдына қоймай ас жемес.
Анық жақсы баласы,
Адамнан туса жат жемес. - Аққу- құстың төресі.
- Аққу көлін аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды. - Арпа арасындағы бөдененің көкейінтары теседі.
- Арыстан ауыздағысын алдырмас.
- Аң бар жерде ашуы да болады.
- Аспандағы сұңқардан, қолдағы тұрымтай артық.
- Арқар құлжасымен,
Өзен жылғасымен. - Ақбөкенді жатыр деме, көшпелі елді отыр деме.
- Аспандағы тырнаны ұстаймын деп,
Қолындағы шымшығынан айырылыпты. - Аюдың қасында шошқа жіптіктей.
- Аюға намаз үйреткен таяқ.
- Әр татудың басын аңсаған арқар аштан өледі.
- Әупілдек деген бір құс бар:
Дауысы жер жарады,
Қасына барсаң торғайдай. - Бір тау- бір арқарды асырайды.
- Бір оқты бұлан көтереді,
Екі оқты ұлан көтереді.