Орта ғасыр Қытай мәдениеті мен өнері.
Қарастырылатын мәселелер.
1.Мәдениеті.
2.Өнері.
Б.з.б. XIII ғ. бастап-ақ бұрын тек қана «жоғарғы құдайды» белгілеуге арналған иероглифтермен жаңа патшаларды да белгілей бастады. Ерекше атап өтетін бір жәйт, Қытайда ата-баба рухына табынуға үлкен мән берген. Бұл дәстүрлі наным-сенімнің негізінде адам өлгеннен кейін де оның жаны өмір сүруін жалғастыра береді, тіпті ол тірілердің істеріне араласа береді деген ұғым жатыр. Қытайлықтардың бұл қағидаларға кәміл сенгендігі соншалық, олар өлген уақытта адамдар мен құлиеленушілердің қызметшілерін, құлдарын, тіршілікте пайдаланған заттарын (қару-жарақтарын, әсемдік бұйымдарын және т.б.) қоса көмдірген.
Қытайдың көркемдік мәдениеті элиталық сипатта болады. Ал бұл қасиет көне Шығыс елдерінің көпшілігіне тән екендігін ешкім жоққа шығара алмайды.Қытайдың сәулет өнері де өзіңнің әсерлігімен , әсемдігімен өзіндік ерекшелігімен таң қалдырған.Солардың ішінде шоқтығы биік Пекинде 1420ж салынған «Аспан ғибадатханасы » деп аталатын сонау көне заман сәулет өнері саласындағы үлгілерді сақтаған «ғибадатханалар ансамблі ».3ғ.Қытайда 700ден астам императорлар сарайы салынған екен. Қытайдың бір орталықтың мемлекетке біріге бастаған кезеңінде қытай қорғанының негізгі бөлігінің салынуы да –сәулет өнерінің айтарлықтай табыстарының бірі болды.ҰлыҚытай қорғаны –Қытай императорларының адам айтқысыз байлығы мен шексіз билігін паш ететін ең бастысы дүние жүзіндегі ең үлкен керемет болып саналатын осы бір таңғажайып алып құрылысты салған қытай шеберлерінің еңбекқорлығы мен шыдамын әйгілейтін талай адамдардың өмірін өксіткен қанды да қасіретті ескерткіш болып табылады. Ал осы бір тарихи мәдени ескерткіш толық күйінде болмаса да біраз бөлігі осы кезеңге дейін сақталып қалған.Жоғарыда атвап өтілген он мың адам сияқты император сарайында