Ежелгі Қытай мәдениеті.
Жоспар
1.Қытай өнеріне жалпы шолу.
2.Боялған керамика.
3.Ұлы Қытай дуалы.
Қытайдың көркемдік мәдениетінде кескіндеме өнері мен әдебиеттің арасында үзілмес сабақтастық байқалады. Өйткені қытай поэзиясы кескіндемелік сипатта болса кескіндеме өнері поэтикалық сарывнда болып келеді. Қытайдың көркемдік мәдениеті элиталық сипатта болады. Ал бұл қасиет көне Шығыс елдерінің көпшілігіне тән екендігін ешкім жоққа шығара алмайды.Қытайдың сәулет өнері де өзіңнің әсерлігімен , әсемдігімен өзіндік ерекшелігімен таң қалдырған.Солардың ішінде шоқтығы биік Пекинде 1420ж салынған «Аспан ғибадатханасы » деп аталатын сонау көне заман сәулет өнері саласындағы үлгілерді сақтаған «ғибадатханалар ансамблі ».3ғ.Қытайда 700ден астам императорлар сарайы салынған екен. Қытайдың бір орталықтың мемлекетке біріге бастаған кезеңінде қытай қорғанының негізгі бөлігінің салынуы да –сәулет өнерінің айтарлықтай табыстарының бірі болды.ҰлыҚытай қорғаны –Қытай императорларының адам айтқысыз байлығы мен шексіз билігін паш ететін ең бастысы дүние жүзіндегі ең үлкен керемет болып саналатын осы бір таңғажайып алып құрылысты салған қытай шеберлерінің еңбекқорлығы мен шыдамын әйгілейтін талай адамдардың өмірін өксіткен қанды да қасіретті ескерткіш болып табылады. Ал осы бір тарихи мәдени ескерткіш толық күйінде болмаса да біраз бөлігі осы кезеңге дейін сақталып қалған.Жоғарыда атвап өтілген он мың адам сияқты император сарайында төменгі қабатының биіктігі соншалық мұндағы ілінген сырықтың биіктігі елу қар болған бірақ өкінішке орай бұл тамаша әсем ғимарат император сарайы бүгінгі күнге келіп жетпеген.Оны салдырған Қытайдағы дербес князъдіктер өзіне бағындырып және өзінің жас мемлекет Қытайдың күш-қуатын арттырған.Ол ЦинШихуанди болатын.Ол көзінің тірісінде биіктігі бес жүз қар, айналасы бес мың қар келетін кесене салдырған.Оның төбесіне жұлдыздар әлемі бейнеленіп еденімен аққан сынап өзені сынап теңізіне құйылып жатқан.Кесене құрылысына 700мың адам қатысқан.Ежелгі заманда салынған Ұлы Қытай қорғаны сияқты алып құрылыстардың барлығы шындап келгенде осындай адамдардың күшімен тұрғызылған.Сәулет өнерінің дәл осындай қарқынды дамуына математика ғылымының дамуы өз әсерін тигізді. Жер бетіндегі алғашқы мемлекеттердің бірі – ежелгі Қытай елінің тұрғындары – ерекше материялдық және рухани мәдениетті жасаушылар болды. Олар өмірді – құдайдың табиғаттан тыс күштерінің сыйы екендігіне кәміл сеніп, дүниедегінің бәрі де ұдайы қозғалыста болады және жарық пен қараңғылық атты бір-біріне қарама-қарсы екі космостық күштердің өзара қақтығысының нәтижесінде әлем ұдайы өзгерістерге ұшырап отырады деп санады. Көне заманда қытайлықтар жер жүзіндегі басқа да халықтар сияқты табиғат күштеріне, яғни жердің, күннің, айдың, таулардың, өзендердің, желдің, жаңбырдың және т.б. рухына табынды және олардың құрметіне құрбандықтар шала отырып, халықтың қажеттілігіне байланысты игі өтініштер жасады. Солардың ішінде барлық рухтар мен о дүниедегі адамдардың жандарын өз ырқында ұстайтын «жоғарғы құдай» ерекше бағаланды.
Кейіннен қоғамдық өмірде болған өзгерістерге байланысты патша билігін дәріптеушілік пайда болды. Патша «аспанның ұлы» деп танылып, ол – құдайдың жер бетіндегі өкілі ретінде мойындалды. Б.з.б. XIII ғ. бастап-ақ бұрын тек қана «жоғарғы құдайды» белгілеуге арналған иероглифтермен жаңа патшаларды да белгілей бастады. Ерекше атап өтетін бір жәйт, Қытайда ата-баба рухына табынуға үлкен мән берген. Бұл дәстүрлі наным-сенімнің негізінде адам өлгеннен кейін де оның жаны өмір сүруін жалғастыра береді, тіпті ол тірілердің істеріне араласа береді деген ұғым жатыр. Қытайлықтардың бұл қағидаларға кәміл сенгендігі соншалық, олар өлген уақытта адамдар мен құлиеленушілердің қызметшілерін, құлдарын, тіршілікте пайдаланған заттарын (қару-жарақтарын, әсемдік бұйымдарын және т.б.) қоса көмдірген.
Б.з.б. бір мыңжылдықтың ортасында Қытай елінде кейіннен философиялық жүйеге айналған үш басты идеологиялық бағыт қалыптасты. Олар: даосизм, Конфуций ілімі және Үндістанда пайда болып, кейіннен Қытайға кеңінен тараған – буддизм. Бұл ілімдердің Қытай мәдениетінде алатын орны өте зор және осы заманға дейін қытайлықтардың қоғамдық өмірінің барлық жақтарына өз ықпалын сақтауда.