Грек архайкасы өнері.
Қарастырылатын мәселелер.
1.Архайка.
2.Ордерлер.
Грек тарихының б.э.дейінгі 6-8 ғасырды қамтитын бұл кезең «көне»ұғымды білдіретін «архойс» деген сөзінен шыққан «архайкалық»кезең деп аталады.Көне дәуірде Евразия кеңістігінде Кіші Азия мен Шығыс Азияда әлемдік өркениет дамуының жаңа ғасыры басталды.Евразия қаласында сақ-скиф ғұндар әкелген әшекей өнер «аң бейнесі»әдіс өмірге келді.Қосөзен алқабында атақты қорғандармен қалалармен аспалы бақтармен әйгіленген Вавилон ахмениттер патшалығы тарих төріне шықты. Өркениетті осындай елдермен қызу қарым-қатынаста болған гректер олардың мәдениетінің ең озық үлгілерін саралай сіңіре отырып жоғары жетістікке жетті. Ежелгі Мысмыр сәулетшілерімен бағаналы сарай храмдар салуды үйренді.Қосөзен аңғары елдерінен бнтон жасауды беті жылтыр су өткізбейтін түрлі-түсті кірпіш мозайка өруді дарытты ал көшпенділер алтыннан түйін түйген зергерлікті қабылдады.
Осының арқасында б.э.д. VIIIғасырда Грецияда материалдық мәдениет да- мыды. Темір қару-жарақ соғылып, металлургия мен құйма тәсілі жетілді. Ірі-ірі көпірлер , жолдар салыныып, қалалар айналасында қорғандари бой көтерді. VII ғасырда тұңғыш рет теңге сомдалды.
Экономикалық, әскери әл-қуатын нығайтқан гроектер б.э.д. VIII-VII ғасырларда жан-жағындағы елдернді, оңтүстік Франция, Сицилия, Апенин түбббббегін, Мысырдың солтүстік бөлігін басып алды.Сөйтіп бүкіл Жерорта теңізі маңайын өз иелігіінддей билеп-төстеді.
IX ғасырда негізі қаланған финикалық жазу одан әрі дамып, VI ғасырда жалпы гректік алфавиттік жазудың шығуына игі ықпал етті. Өзіінің қол астына қараған елдердің ең озық ғылымы мен өнерін пайдалана отырып грек шеберлері мен ойшылдары математика мен медицинаны, астронломияны және басқа салаларды дамытып, толықтырып отырды. Гректер, негізі Мысыр сәулетшілерінің туындыларынан алынған, сәулет ғимаратына сән беретін ордерлерді ойлап тапты. Ордерлер Гректердің сәулеттік құрылымының негізгі айшықты бөлігіне айналды.Алғаш дорлық ордер ойлап табылды. Ол Италияның оңтүстігі мен Сициляда дамыды, кейіннен Иония қаласында ионикалық ордер өмірге келді. Грек сәулетінде бағаналы сарай-храмдардың бірнеше тірі тұрғызылды. Солардың ішіндегі кең тарағаны-пернпті бағаналы кешендер. Бағаналы құрылыстар әдетте биік тас тағанға тұрғызылды, сондықтан да олар өте асқақ, әдемі көрінетін . Жалпы грек бағаналы кешендері Мысыр құрылыстарына қарағанда өте нәзік, шағын, сүйкімді болып келеді. Сондықтан кейінгі дәуірлерде грек бағаналы кешендері көптеген елдердің ынтызарын аударып, оның кең тарауына себепші болды.
Архайка кезеңіндегі ең еселі сәулет кешенінің бірі – Коринфтегі Аполлон сарайы. Құм қайрақ тастармен тұрғызылған сарайдың қарсы бетінде – алты,бүйір жанында – 15 бағана төбесіне тіреу болған. Сарай айналасындағы табиғатпен жарасымды, жымдаса салынған. Дәл осындай жобамен тұрғызылған Гера сарайы да өзінің еңселі бейнесімен көзге түседі.
Жалпы ежелгі гректер тайсалмас жауынгер халық болды. Олар жастарды сәби кезінен батылдыққа, ептілікке үйретіп отырды. Ұдайы жаттығу шымыр да сымбатты етіп өсірді. Батылдық пен шымырлықты шыңдайтын түрлі ойындар, оның ішінде Олимпиадалық жарыстар мезгілінде өтіп тұрды. Сондай жарыстарға түсіп, құрметке бөленгендер жан-жақты марапатталып, кейбір жампоздар тіпті құдайларға теңестірілді. әдетте атлеттер жарысқа жалаңаш түсетін. Бұл грек суретшілеріне үлкен мүмкінндік ашты. Олар жалаңагш атлеттерді жіті қадағалау арқылы адам денесінің анатомиялық жаратылысын, әр түрлі қимыл-қозғалыстардағы өзгерісті, дене сұлулығын зерттеп, бейнелеуде үлкен жетістіктерге жетті.ара қатынас сәйкестік өлшемдерін дұрыс алуға көп көмегін тигізді. Тамаша көркемдіктерге ие болған грек мүсіншілері шабытпен жмыс ічстеді. Соның аорқасынла талайә мүчіндерді-куростарды тудырды. Ол кезде жалаңаш мүсіндерді «курос» деп атады. Сондай мүсіндер-Генеядн, Аттикалан табылған сомдама денелер. Осындайайтулы жетістіктерге қарамай, Архпайка мүчсіндерінде шарттылықтың көптеген белгілері сақтаклды.шеберлер әлі де болса адамның табиғи қимыл-қозғалысын батыл бейнелей алмады.