Вавилон өнері.
Қарастырылатын мәселелер.
1.Вавилон өнері
2.Қалашық.
Вавилон өнері Шумер,Аккад өнерінен кейін б.э.дейінгі екінші мыңжылдықта осы аймақта әр түрлі мәдени орталықтар пайда болды.Осы тұста Оңтүстік Қосөзен аймағы Вавилонның қол астына қарап бір мемлекет құрады, кезінде тек аудандық кішігірім қалашық болып табылатын Вавилон қалашығы ірі аумақты күшті мемлекеттің астанасы болды. Қала жан-жақты өркендеп дүниенің әр түрлі елдерімен қызу қарым-қатынас орнатты.
Мәдениет пен өнер өркен жайды, бірақ та өкініштісі сол дәуірдегі вавилонның өнер ескерткіштері бізге жетпейді.Олардың болғанын тек қана тарихи шежіре деректерден ғана оқып білеміз.Соған қарамай кейінгі археологиялық қазбалардан кейін біраз өнер көздері аршылып алынды. Соның бірі вавлон қаласының жанындағы көрші мемлекет –қала. Сузакта табылған тас тақтайшада бедермелі шығарма. Онда патша хаммапуридің шамаш құдайдың алдында тұрған бейнесі қашалған осы бедерлеме бейнелеу әдісінде де шумер мен аккад өнерінің ықпалы тиді. Соған қарамй вавилон өнеріне тән нәрсе сабырлық басымдау оқыс қимыл жоқтың қасы. Керісінше сарай адамдарына тән тәкәппар салтанаттық қалыптасқан.Вавилондық мүсіндерде шумерлік ықпалмен жасалғанмен оның өзіне тән нәрсе кескіндеу әдісі. Осындай өзіндік табиғаты бар өнерді махаббат пен сұлулық және құнарлық құдайы иштардың өн бойына байқауға болады. Мұнда мүсін шумерлік иннаны ұқсатып сомдағанмен әиелге тән нәрсе әсем ырғақты дене бітімі бал-бұл жанған жас бетәлпеті өзгеше бір ойнақылықпен өрілген. Сонымен қоса мүсіншінің жетік білімділігі де айқын сезілді.Қосөзен алқабында тағы бір мемлекет хеттер патшалығы өмір сүрді,кіші азияда таулы аймақты жайлаған бұл ел өзіндік ағыммен дербес дамыды. Олардың қаласы оның ішінде астанасы хаттуса биік әрі мықты қорғандармен дамыды. Хеттердің өнері мүсін өнері олардың сәулетінің ықпалымен қақпаларын біте қайнасып ауыр әсер қалдырды. Және тілсіз табиғаттың дүлей үстемдігі сезілді. Соның бір айғағы ескерткіш Хаттус қаласындағы арыситанда қақпа. Хет павтшалығы аймақтағы мықты әрі соғы техникасы ең озық мемлекет болды. Патшалық ірі тұрақты армия ұстады қос дөңгелекті соғыс арбамен жабдықталды.
Жан-жағы қалқандармен қымтырылған ішінде мерген садақшалары бар қару арба өз дәуірінде жауларынга тажалдай болып көрінді. Сондықтан да болар Хет патшалығы жаугершілік соғыста көбінесе жеңіске жетіп отырды.Тіпті кезінде мыср перғауыны рамсес мен соғыста хет патшасы муватали осындай күшті соғыс техникасының күшімен басым түскен болатын.