Бейнелеу өнерінің түрлері және жанрлары

Бейнелеу өнерінің түрлері және жанрлары.
Қарастырылатын мәселелер.
1.Живописъ, графика, мүсін өнері.
2.Қол өнері,сәулет өнері.
3.Жанрларға тоқталу.
Бейнелеу өнері алуан қырлы да алуан түрлі.Онда жұмыс істеудің методтары мен техникасы туралы практикалық мағлұматтар берместен бұрын оның түрлерімен және жанрларымен танысқан жөн. Сәулет өнері ,скулъптура , живописъ өнердің басты үш түрі болып есептелінеді. 19 ғ. Аяғына қарай өнердің бір түрі графика дербес түрге айналды. Соңғы жиырма жылдықта өнердің дизайн сияқты түрі де айқын бейнесін тапты.Сәулет өнері
әрқашан да пластикалық өнердің ішінде ең бастысы болып келеді.
Ол дәуір идеясы мейлінше күшті өз заманының бейнелеу өнерлерінің мүсін мен сұңғаттың стилъін анықтап отырды.мұның өзі әрі ұзақ жасайтын өнер. Египеттік пирамидалар немесеАмерикан үндістері ежелгі храмдары сан мың жылдаған тұрып
бізге дейін жетті.Сәулет өнері бұл адам қызметінің ерекше түрі мұнда техника мен өнер пайда мен әсемдік бірге өрілген.
Бейнелеу өнерінің барлық түрлерінің ішінде біздің сезімізге әсер етуге мейлінше қабілетті өнер болып табылады. Дарынды архитекторлар жасаған әрбір құрылыста әрбір ғимаратта өзіндік бет-бейне бар оған ерекше көңіл күй берілген.Ленинградтағы қысқы сарай ол парадтық салтанаттылық құлпырған сәнділік пен байлық әсерін туғызады. Үйдің композициясымен оның құрылысының логикасымен бөліктерімен пропорцияларымен оның деталъдары мен әшекей сипатымен және суретімен анықталады. Мүсін өнері-бұл еш толқымастан бейнелеу өнері деп атауға болатын өнер.Ол шынында адамдарды ,хайуанаттарды ,түрлі заттарды бейнелейді. Оның архитектурамен ортақ қатты әрі ұзақ сақталатын материалдардан ағаштан тастан металъдан жасалады. Бюст, статуя немесе бейнелер тобын жасау үшін көп уақыт және көп еңбек әсіресе скулъптураны тастан шапқан кезде тіпті жай дене күшінің өзі көп қажет.Оның есесіне ол,архитектура сияқты ұзақ сақталады. Сондықтан көптеген скулъптуралық туындылар ғасырды емес мыңдаған жылдарды басып өтіп мысалға ежелгі Мысырдың патша әйелі Нефертитидің басы сияқты күні бүгінге дейін біздерді толғандырып келеді.Скулъптураның әсерлік құралдары графикамен және живописъпен салыстырғанда өте шектеулі. Мүсінші композицияға қоршаған ортаны кіргізе алмайды, кеңістік тереңдігін бере алмайды фигуралардың өзімен олардың формаларының жинақталуымен немесе өңделуімен қимылымен материалмен фактурамен білдіруге тиіс.Скулъптурада материалды таңдау да ешқашан кездейсоқ болмайды.Бұл образдың құрама сипаттамаларының бірі.
Суретші жұмысты ой елегінен өткізе отырып оған арналған белгілі материалды да міндетті түрде есте ұстайды. Живописъ –бейнелеу өнерінің неғұрлым бай әрі толысқан түрі онда бейнелеудің сан алуан мол құралдары қолданылады. Суретшілер өнердің ұшы-қиырсыз осы саласының көбіне өздері сүйген әуендер мен тақырыптарды таңдап алады.Біреулер портретті,екіншілер пейзажды үшіншілер тарихи , соғыс немесе тұрмыстық көріністерді бейнелеуге құштар.Бейнелеу өнерінің бұлай сапталуы жанрларға бөліну деп аталады.Жанр сөзі француздың түр немесе тек сөзінен шыққан.Живописъті мынадайЖанрларға бөлінеді. Натюрморт, пейзаж, портрет және тақырыптық картина. Натюрморт жанры өнердің дербес жанры ретінде Голландияда туды. Натюрморт бізге онда бейнеленген заттарды пайдаланған адамдардың өмірін де суретшінің оларға
деген көзқарасын ашып берді.«Пейзаж » бұл табиғатты бейнелеу дербес жанр ретінде Қытайда Жапонияда және басқа Шығыс елдерінде Еуропадан ерте қалыптасты. Еуропалық живописъте ол алдымен Италияда пайда болды. Содан кейін Голландияда ерекше жоғары дамыды.Орыс өнерінде пейзаждың гүлденуі 19ғ. Соңына тура келді. Пейзаж-қайсібір жерлерді жәй айнытпай бейнелей салу емес онда суретшінің сезімдері мен ойларын берудің үлкен мүмкіндіктері жатыр. Адам өмірімен салыстырып қарағанда табиғат өмірі мәңгілік сияқты. Бұлт торлаған аспан теңіз толқындары ормандар мен таулар жүздеген мыңдаған жылдар бұрын қандай болса сондай күйінде қалады. Бірақ осы бір өзгермейтін табиғатты алуан дәуір суретшілері түрліше керіп түрліше бейнеледі. Голландсуретшілерінің картиналарында теңіз үнемі дерлік романтикалық сарынсыз болып келеді. Олар табиғат сұлулығын іңкарлықпен қызықтауға бейім емес. Олар үшін теңіз сауда мен жұмыс орны тіршілік арекеті іздестіретін кеңістік.
Біздің атақты Маринисіміз Айвазовскийде теңіз-әрдайым дерлік үрейлі дүлей күш , мөлдірлеу құпия сырлы тұңғиық . Орасан зор толқындар қия жартастарға лап қояды. Адамдар, тіпті кемелердің өзі де -осынау қаһарлы, өлшеуміз қуатты стихияда өте кішкентай, дәрменсіз де қорғансыз . Оның картиналары әсем стихияға деген тәнтілікке, романтикалық сүйіспеншілікке бөленген.
Бір табиғи мотивтің өзі суретшінің қылқаламнан мүлде басқа толысуға, басқаша түске ие бола отырып , шебердің талғамын, көз-қарастарын, көңіл күйін береді.Оның үстіне , «Мәңгілік» табиғат тіршілігіне уақыт өтуімен бірге жаңа әуендер енеді, табиғат адамның әсерімен өзгеріп отырады. Темір жолдар автомобилъ жолдары, жоғары волътті электр желілерінің сорайған діңгегтері мен сымдары, аспанда ұшқан реактивтік самолеттің будақтаған ізі – осының бәрі бүгінгі күннің көрінісі мұны қазіргі заманға суретші аңғармай тұра алмайды.
Пейзаж және натюрморт-әлбетте, тақырыптың картинаның құрамдас бөліктері болуы мүмкін. Бұл жерде олар көркем образды жасауға белсенді қосалқы ролъ атқарады. Портрет-бұл жанр басқалардан бұрын пайда болды. Үш мың жылдан астам уақыт бұрын жасалған скулъптуралық Египет портреттері ,екі мың жыл бұрынғы мозайкалық Рим жәек темпаралық фаюм портреттері белгілі. Адамдар әрдайым өз бейнесін көргісі келеді. Ол ежелгі Египеттіктерге тіпті қайтыс адамның жаны портретке көшеді деп есептеді. Үлкен шебердің шабытты қолмен жазылған әрбір портрет шынындыда рухтанғандай болады. Портретке түсірілген бет-әлпетке ой қайғы-күйініш, қуаныш күрделі кейде және қиын бүкіл өмір жолының көрінісі жатады. Портреттің бірінші және қажетті сапасы –оның түп нұсқасымен ұқсастығы.Бірақ бұл математиктер айтатындай қажетті бірақ жеткіліксіз шарт. Адамның сыртқы белгілерінің арғы жағынан біз бейнелеушінің ой-арманын қуаныш-күйінішін , ішкі жан дүниесін тап басып, сезінуге тиіспіз.Біз суретшінің оған қатынасын сезінуге тиіспіз.Тек бұлардың бәрі ғана бейнені портрет етеді. Осыған ғана бейнеленген адамдар тіпті бізге мүлдем бейтаныс болғанын өзінде бізге көз салуға ,ой шомуға және тебіренуге мәжбүр етеді. Портреттер өзінің сипатты жағынан алуан түрлі болады.
Бір портреттер адамды дәріптеу, оның барынша әсемдікпен сәндікте көру үшін жасалады. Бұл 18ғ. Орыс өнерінде мейлінше кең тараған парадтың портреттері. Екінші портреттер адамды әдептегі күнделікті кейіпте көрсетеді. Бұл интимдік , психологиялық портреттер деп аталады. Портреттік жанрдың ерекше түрі топтық портрет болып табылады.Портрет бейне бір портрет картина сияқты болып, өз композициясына портретеліп отырған адамнан басқа , пейзажды алуан тіпті әйгілі картинадағыдай алыс пландағы басқа адамдардың бейнесін енгізу

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *