Қазақ билері. Төле би. Сын есімнің шырайлары.

35-сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Қазақ билері. Төле би. Сын есімнің шырайлары.


2. Сағат саны: 2 90 (100%)

3. Сабақ түрі: тәжірибелік

4. Сабақтың мақсаты:
• оқыту: Сын есім туралы түсініктерін қалыптастыру. Сөйлем ішінен сын есімдерді табу, олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын анықтау. Сын есімнің сындық қасиеттерін ашу.
• тәрбиелік: Қазақ билерін оқыта отырып, оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
• дамыту: Әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушылардың ой –қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту, тез ойлауға, жүйелі сөйлеуге, салыстыра білуге дағдыландыру.

5. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс

6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мультимедиялық жабдықтар
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары.
б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы

7. Әдебиеттер:

1. Негізгі (н)

8. Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.
9. Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.
10. Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006
11. Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006
12. Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007
13. Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002
14. Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993

2. Қосымша (қ)
1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002
2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994
4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007
5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006
6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997
7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997
8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004
9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002
10. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999
11. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004
12. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005
13. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998
14. К.О. өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005


8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6% )
• Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
• Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
• Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15 %)

1. Сын есімнің жұрнақтарын атаңдар.
2. Ұлттық теңге қай жылы пайда болды?
3. Ұлттық теңгенің түрлерін атаңдар.

10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)

Төле би

Қазақ халқының бірлігін нығайтуға зор үлес қосқан атақты үш бидің бірі, көрнекті мемлекет қайраткері. Көш бастаған көсем, сөз бастаған шешен. 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысы, Шу ауданының Жайсаң жайлауында дүниеге келген. Он бес жасынан ел билігіне араласып, ақыл-парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түседі. Тәуке хан Төле биді ұлы жүздің бас биі еткен. Абылай ханды азамат қатарына қосуда Төле бидің қызметі орасан. Хандық пен мемлекет тұтастығын, тәуелсіздігін сақтауға үлкен үлес қосты. Дұшпан қолында қалған қалалар мен жерлерді қайтаруға күш салды. Төле бидің артында кейінгі ұрпаққа көптеген өсиет, шешен, асыл сөздер, жырлар мен нақылдар қалған.

 

Сын есімнің шырайлары

Заттың белгісі, сипаты мен сапасы үнемі біркелкі бола бермейді, яғни белгілі бір сипаттың бір затта артық, екінші бір затта кемдеу болуы мүмкін. Заттың сипатының сондай түрлі дәрежеде болуын сын есімнің шырайлары деп атаймыз. Қазақ тілінде шырайдың төрт түрі бар:
1. Жай шырай; 2. Салыстырмалы шырай; 3. Күшейтпелі шырай; 4. Асырмалы шырай.
Салыстырмалы шырай бір заттың сынын бір заттың сынын екінші бір заттың сынына салыстырып, сол салыстырылатын белгілердің бір-бірінен я кем, яартық екенін білдіреді. Салыстырмалы шырайлар төмендегідей жұрнақтар арқылы жасалады:
1. –рақ, -рек, -ырақ, -ірек мысалы: көгірек, ағырақ, ұзынырақ;
2. –лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу мысалы: кісілеу, ұзындау, қаралау;
3. –қыл, -ғыл, -қылт, -ғылт, -тым, -шыл, -шіл, -қай мысалы: сұрғылт, ақшыл, сарғылтым.
Күшейтпелі шырай заттың бастапқы сынын қасиетін күшейте түседі. Бұл шырай негізгі сын есімге күшеткіш буынның қабаттасуы арқылы жасалады. Мысалы: үп-үлкен, тәп-тәір, шап-шақ т.б.
Асырмалы шырай заттың сын-сипатын я тым асырады, я тым асыра төмендетеді. Шырайдың бұл түрі аса, өте, тым, ең, орасан т.б. күшейткіш үстеулер арқылы жасалады. Мысалы: тым оңай, ал қызыл, өте жақсы, ең әйгілі т.б.


11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)

Сын есімнің түрлеріне талдау жасау, жаттығу жұмыстары.

12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)

Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.

13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)

1. Сын есімнің түрлерін ата.
2. Сын есімнің жұрнақтары.
3. Төле бидің қандай нақыл, шешендік сөздерін білесіңдер.

14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Қазақ билері. Төле би. Сын есімнің шырайлары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *