34-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Сапалық сын есім және қатыстық сын
2. Сағат саны: 2 90 (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:
• оқыту: Сын есім туралы түсініктерін қалыптастыру. Сөйлем ішінен сын есімдерді табу, олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын анықтау. Сын есімнің сындық қасиеттерін ашу.
• тәрбиелік: Қазақ билерін оқыта отырып, оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
• дамыту: Әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушылардың ой –қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту, тез ойлауға, жүйелі сөйлеуге, салыстыра білуге дағдыландыру.
5. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мультимедиялық жабдықтар
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары.
б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:
1. Негізгі (н)
1. Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.
2. Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.
3. Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006
4. Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006
5. Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007
6. Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002
7. Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993
2. Қосымша (қ)
1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002
2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994
4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007
5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006
6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997
7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997
8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004
9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002
10. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999
11. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004
12. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005
13. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998
14. К.О. өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (3% )
• Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
• Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
• Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 25 мин (14 %)
1. Сын есімнің жұрнақтарын атаңдар.
2. Ұлттық теңге қай жылы пайда болды?
3. Ұлттық теңгенің түрлерін атаңдар.
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Cын есім
Заттың немесе құбылыстың сынын, сапасын, көлемін, сипатын, түрін, түсін, дәмін т.б. қасиеттерін білдіретін сөздер тобын сын есім деп атаймыз.
Қазақ тіліндегі сын есімдер мағынасына қарай екі топқа бөлінеді:
Сапалық сын есім; Қатыстық сын есім.
Ешбір қосымша жалғанбай жеке өз алдына тұрып, заттардың сынын, сапасын, көлемі мен аумағын, түрі мен түсін, дәмін білдіретін сөздерді сапалық сын есімдер деп атаймыз. Сапалық сын есімдерді шырайы арқылы түрлендіруге болады. Мысалы: әдемі, сұлу, үлкен, ақ, көк, ұзын, тәтті т.б. сөздер. Сапалық сын есімдер жалпы сын есім атаулының негізгі ұйытқысы болып есептеледі.
Қатыстық сын есім деп белгілі бір заттың сапасын басқа бір зат есімнің немесеғ етістіктің қатысымен білдіретін сөздерді айтамыз. Қатыстық сын есімдерді шырай арқылы түрлендіруге болмайды. Мысалы: ақыл-ды, бой-шаң, су-лы т.б. сөздер.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31мин (35%)
Сын есімнің түрлеріне талдау жасау, жаттығу жұмыстары.
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
1. Сын есімнің түрлерін ата.
2. Сын есімнің жұрнақтары.
3. Төле бидің қандай нақыл, шешендік сөздерін білесіңдер.
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Сапалық сын есім және қатыстық сын есім