30-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: 16желтоқсан –Тәуелсіз Қазақстан күні
2. Сағат саны: 2 90 (100%)
3. Сабақтың түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:
• оқыту: Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгендігімізді. Осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын көрерменге жете ұғындыру, оқушылардың дүниетанымын кеңейту. Жалпы және жалқы есімді түсіндіру.
• тәрбиелік: Отанды сүюге, құрметтеуге, желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге, адамгершілікке, әділеттілікке, ел мен жердің қадір-қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.
• дамыту: Тәуелсіздік күнінің мәнін аша отырып «Желтоқсан» қозғалысының саяси орнын анықтап, оқушылардың өз елін, жерін, Отанын сүюге баулу.
5. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мультемедиялық жабдықтар
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:
1. Негізгі (н)
8. Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.
9. Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.
10. Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006
11. Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006
12. Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007
13. Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002
14. Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993
2. Қосымша (қ)
1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002
2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994
4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007
5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006
6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997
7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997
8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004
9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002
10. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999
11. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004
12. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005
13. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998
14. К.О. Өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6% )
• Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
• Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
• Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15 %)
1. Мәншүктің ерліктері туралы
2. Сөз таптарының түрлерін ата
3. Әлия Молдағұлова туралы өлеңдер
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Желтоқсан оқиғасы
Республикамыздың егемендігін құрметтеу, ұлттық тіл мен мәдениеттің қарқынды дамуын қамтамасыз ету, саяси қайраткерлердің жергілікті тұрғындар арасынан жоғарылауына кедергі жасамау талаптарымен 1986 жылы желтоқсан айында Алматыдағы Республика алаңына халық жиналды. Олардың дені студенттер мен жұмысшы жастар еді. Олар орталық өкілдерін маңызды мәселелерді шешуде жергілікті билік органдарымен есептесуге шақырды. Жастар ойындағысын толық айтып қалуға тырысты. Мәскеудегі орталықтың жергілікті халықпен санаспастан Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы Д.А.Қонаевтың орнына Г.В.Колбинді тағайындауы көтерілістің басталуына түрткі болды. 17 желтоқсан күні таңертең 300-дей адам жиналған алаң кешке 20 мыңға толды.
Қазақстан астанасына ІІМ-нің арнаулы әскері жіберілді. 18 желтоқсан күні алаңға әскери училищенің бөлімдері енгізілді. Орталық комитеттің үйі қоршалды. КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті шекара училищесінің курсанттары да әкелінді. Митингіге шыққан халықты ұстап, жазалай бастады. Олардың біразы арнаулы орындарға, тергеу изоляторларына қамалды. Көтерілісшілерге қарсы сапер күректері қолданылып, үйретілген иттер жіберілді.
Көтеріліске «қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деген баға беріліп, оған қатысқандар қуғын-сүргінге ұшырады. 8500-ге жуық адам ұсталып, жазаланды. Желтоқсан оқиғасына қатысқандардың бірнешеуі қаза тапты. Олардың қатарында Е.Сыпатаев, С. Мұхаметжанова, Қ. Рысқұлбеков, М. Әбдіқұлов, Л. Асанова сынды ержүрек қазақ жастары бар еді.
Қазақ елі өз тәуелсіздігін алғаннан кейін Желтоқсан оқиғасының барлық шындығы ашылып, ол жөнінде жинақтар, кітаптар жарық көріп, кинофильм түсірілді.
Тәуелсіздік
Қазақ халқы – болмысынан еркіндікті сүйетін, кең дала төсінде табиғатпен туыстасып, еркін өмір сүрген халық. Ата-бабаларымыз сонау көне түркі заманынан ХҮІІІ ғасырдың бел ортасына дейін өз билігі өзінде болып, дербес мемлекет ретінде тіршілік етіп келді. 1731 жылы алдымен Ресейге тақау тұрған Қазақстанның батыс өңірлері, кейінірек басқа аймақтары Ресейдің бодандығына кірді. Содан бері қазақ даласын орыс отаршылдығының билеп-төстеуі басталды. Бірақ намысты ата-бабаларымыз осы отаршылдыққа қарсы сан көтеріліске шықты. Олардың ішіндегі ірісі Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс еді.
ХХ ғасыр басында қазақ зиялылары бастаған ұлт-азаттық көтерілісі өрістеді. Ол тарихқа «Алаш қозғалысы» деген атпен енді. Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлы, Ж.Досмұхамедұлы, М.Дулатов, Ә.Ермеков, М.Тынышбаев, М.Шоқай т.б. ұлы қайраткерлер 1917 жылы шілде, желтоқсан айларында өткен жалпықазақ сиездерінде «Алаш» партиясын және Алаш автономиясын құрды. Кеңес үкіметінің орнауы бұл шын мәніндегі мемлекеттік құрылымның қалыптасуына мүмкіндік бермеді. Сөйтіп халқымыз кеңес үкіметінің құрамында алдымен автономия (1920), кейінірек одақтас республика (1936) болып енді.
Әр ұлт үшін тәуелсіз ел болу ұлы арман. Дүние жүзінде алты мыңға жуық ұлттар мен ұлыстар бар екен. Солардың ішінде екі жүздей ұлт қана тәуелсіз мемлекет болып отыр. Бұл үлкен ұлттар, егемендік бақыты бұйырған халықтар. Сондықтан тәуелсіздік әрбір азаматқа қымбат болуы тиіс. Еліміз жерінің аумағы жағынан бүкіл әлемде тоғызыншы орын алса, қазақ халқы саны жағынан шамамен жетпісінші орындарда. Бұл халқымыздың дүниедегі үлкен ұлттардың бірі екендігін көрсетеді. Тәуелсіздіктің арқасында біз өз саясатымызды еркін жүргізіп, мемлекет мүддесіне орай саяси, халықаралық, экономикалық байланыстарымызды дамыту үстіндеміз. Қазақ жерінің байлығы, мол табиғи ресурстары еліміздің әлеуметтік өркендеуіне бастап келеді. Осының бәрі тәуелсіздік тұсында қол жеткен табыстар.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
Сөз таптарына талдау жасау, мәтінмен жұмыс жасау, тапсырмалар.
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
1) Табиғат көрінісіне қарап, зат есімдерді қатыстырып, қысқаша мәтін құрау. Сөйлем мағыналы, әдемі болсын. Қаланың табиғаты қандай? Несімен танымалы.
2) Оқулықпен жұмыс.
3) Тақтамен жұмыс. Екі оқушы екі сөзге морфологиялық талдау жасайды.
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
16желтоқсан –Тәуелсіз Қазақстан күні.