Қазақ батырлары. Бөгенбай батыр.

22-сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Қазақ батырлары. Бөгенбай батыр.

2. Сағат саны: 2 90 (100%)

3. Сабақ түрі: тәжірибелік

4. Сабақтың мақсаты:
• оқыту: Оқушыларға «Қазақ батырлары» туралы мәлімет беру; тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау, грамматикалық ұғымдарды сауатты әрі дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру. Пәнге қызығушылығын арттыру.
• тәрбиелік: Қазақтың тарихи тұлғаларын біліп, құрметтеуге тәрбиелеу.
• дамыту: Электрондық оқулық арқылы ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; мәтінді қазақ тілінде әңгімелеуге , ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту.

5. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс

6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мультимедиялық жабдықтар
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары.
б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы

7. Әдебиеттер:

1. Негізгі (н)

1. Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.
2. Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.
3. Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006
4. Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006
5. Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007
6. Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002
7. Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993

2. Қосымша (қ)
1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002
2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994
4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007
5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006
6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997
7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997
8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004
9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002
11. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999
12. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004
13. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005
14. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998
15. К.О. өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005


8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6% )
• Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
• Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
• Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15 %)

1. Қосымшаның неше түрі бар?
2. Түбір дегеніміз не?
3. Астана – Бәйтерек монументі кешені салу идясының авторы кім?
4. Морфологиялық талдау.

10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)

Бөгенбай батыр

Бөгенбай – қазақ халқының адал ұлы, ол халқын құрып кету қаупінен сақтап қалған, жерін жауға бермеген қас батыр. Бөгенбай Ақшаұлы қазіргі Ақмола облысындағы Ерейментау төңірегінде туылған. Бөгенбай батыр нағыз бейнесі Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасында тамаша суреттелген.
Бөгенбайдың ел ішіндегі беделін «Жігіттік, ерлікті айтсаң Бөгенбайды айт!» деген Тәттіқараның бір жол өлеңі сипаттап береді.Ол ақылды, айлалы қолбасшы және дипломат болған. Ел ішінде елеусіз жүрген Абылайдың хан дәрежесіне дейін көтерілуі осы Бөгенбай сияқты батырлардың арқасы еді.
1723 жылы жоңғар билеушілері қазақ жерін сансыз әскермен басып кіріп, ойран салған. Қазақтар осы жылды «Ақтабан-шұбырынды» деп атаған. Бөгенбай батыр сол дәуірдің үздік әскер басы атанғандықтан, халық оны күресті басқаратын бірінші басшы етіп белгілеген. Бөгенбай қол басшы Олжабай, Қабанбай, Малайсары батырлармен бірге жоңғарларға талай рет ойсырата соққы берген.

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)

1-тапсырма. «Білгіштер» ойыны Сұрақтарға жауап беру.
1. Қазақ батырлары немен шұғылданған?
2. Қазақ батырларының қандай міндеттері болған?
3. Қабанбайды ел қалай атаған?
4. Қабанбай қайда жерленген?
5. «Қанжығалы қарт» деп кімді атаған?
6. Бөгенбай батыр қайда туған, қай жерде қайтыс болған?
7. Бөгенбай батыр қандай адам болған?
8. Оның неше баласы болған?
9. 1761 жылы Қытайға кіммен, не үшін барған?
10. Қазақ батырларының бар өмірі қайда өткен?
11. Үлкен соғыс алдында батырлар неге шықкан?
12. Абылай ханның батырларының ішіндегі ең үлкен ағасы кім?
13.Бөгенбай батыр 1728 жылы 38 жасында неше мың қолға қолбасшы болды?

12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)

1.Қазақ тілінде неше септік бар?
2. Септелудің неше түрі бар?
3. Үлкен соғыс алдында батырлар неге шықкан?
4. Абылай ханның батырларының ішіндегі ең үлкен ағасы кім?
5.Бөгенбай батыр 1728 жылы 38 жасында неше мың қолға қолбасшы болды?
6. Жаттығу жұмысы.

13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)

1. Жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;
2. Тест тапсырмаларын орындау;

14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)

Қазақ батырлары. Бөгенбай батыр.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *