20-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Қазақтың кіндік қаласы (Астана). Жалғаулардың орналасу тәртібі.
2. Сағат саны: 2 90 (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:
• оқыту: Елордасы-Астана туралы жан-жақты білімдерін кеңейту, алған білімдерін тапсырмалар арқылы бекіту. Сұрақтарға жауап беру, ойды жүйелеп айту дағдыларын қалыптастыру. Мәтінді мәнерлеп оқуға, тіл ұстарту.
• тәрбиелік: Өз Отанын, халқын, жерін сүюге, Отансүйгіш ұлтжанды азаматтар тәрбиелеу.
• дамыту: Сөздік қорын байыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, оқушылардың тапқырлық, ізденымпаздық қасиеттерін қалыптастыру, дұрыс сөйлеуге үйрету.
5. Оқыту әдісі: жұптасып жұмыс істеу
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мультимедиялық жабдықтар
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:
1. Негізгі (н)
1. Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.
2. Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.
3. Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006
4. Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006
5. Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007
6. Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002
7. Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993
2. Қосымша (қ)
1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002
2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994
3 Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007
3. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006
4. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997
5. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997
6. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004
7.С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002
8. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999
9. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004
10. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005
11. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998
12. К.О.
13. Өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6% )
• Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
• Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
• Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (14 %)
1. Тұрақты тіркестердің мағынасына қарай неше түрі бар?
2. Киіз үйдің атауларын ата.
3. Үздік бау, Шалма, Туырлық бау дегеніміз не?
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27мин (30%)
Астана — еліміздің бас қаласы
1998 жылғы 6 мамырда «Қазақстан Республикасының астанасы Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласы деп қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің тиісті Жарлығы шықты. Астана қаласы атымен Қазақстан Республикасының жаңа елордасы үшінші мыңжылдыққа енді. Жаңа Астана қаласы қаланы қақ жарып ағып жатқан өзен жағасында бой көтереді. Астана ресми елтаңбасының жаңа нұсқасы 1999 жылғы маусымда бекітілді.
Бүгінде астананың аты әлемге әйгілі. Бұл өңір – тарихи оқиғаларды бастан өткізген қасиетті өлке. Тарихшылардың айтуы бойынша, өткен ғасырларда осы күнгі Астана тұрған орын ғұндардың батыстағы бір ордасы болған.
Астана бұрын Қаратөкел, Акмолинск, Целиноград, Ақмола деп атанған. Астана Қазастанның солтүстік аймағында орналасқан. Бұл жерде ауасы таза, қысы қатал, жазы ыстық болады.
Жалғаулар сөз бен сөзді байланыстыру, жалғастыру үшін қолданылады.
Қазақ тілінде жалғаулар төртке бөлініп қарастырылады:
1. Көптік жалғауы;
2. Септік жалғауы;
3. Тәуелдік жалғауы;
4. Жіктік жалғауы.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
1. Кеспе қағаздар, жаттығу жұмысы.
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
1. Астана қайжылы құрылыды?
2. Қазақ тілінде жалғаулар нешеге бөлінеді?
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Қазақтың кіндік қаласы (Астана). Жалғаулардың орналасу тәртібі. Жаттығу жұмысы.