Халық тарихынан. Алтын адам. Арнаулы сөздер (терминдер).

-сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Халық тарихынан. Алтын адам. Арнаулы сөздер (терминдер).

2. Сағат саны: 2 90 (100%)

3. Сабақ түрі: тәжірибелік

4. Сабақтың мақсаты:
• оқыту: Халық тарихынан, Алтын адамды оқыта отырып, арнаулы сөздер (терминдер), диалект сөздерді байланыстра отырып түсіндіру.
• тәрбиелік: Оқытушылардың туған жерге сүйіспеншілігін оятып, сыпайылыққа тәрбиелеу және сөйлеу әдебін меңгертіп, талғамы жоғары ұрпақ тәрбиелеу.
• дамыту: Қабылдауы мен ойлау қабілеттерін зерттей отырып, ой қорытқызу және жаңа ұғымды өзі іздеп табуға бағыттау, ой-өрісі мен дүниетанымын дамыту, өз ойын еркін айта білуге қалыптастыру.

5. Оқыту әдісі: жұптасып жұмыс істеу

6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мультимедиялық жабдықтар
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары.
б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы

7. Әдебиеттер:

1. Негізгі (н)

1. Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.
2. Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.
3. Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006
4. Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006
5. Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007
6. Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002
7. Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993

2. Қосымша (қ)
1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002
2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994
4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007
5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006
6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997
7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997
8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004
9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002
11. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999
12. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004
13. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005
14. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998
15. К.О. Өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (3% )
• Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
• Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
• Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15 %)

Морфологиялық талдау жасау. Ертегі кейіпкерлерінен сұрақтар қойю. Жұмбақ жасыру. Кірме, көнереген сөздер туралы сұрақтар қою.

10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)

Алтын адам
«Алтын адам» — 1970 ж. басында Есік қорғанында — сақтар тайпасының жас көсемінің зираты табылды.
Қорған қазбалары Қазақстанды 5 ғ. ЗБ мекен еткен ежелгі тайпалардың мәдениеті, өнері, діні жайлы құнды деректер берді.
Алтын адам — Алматы облысындағы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі (5 ғасыр). 1969 –1970 жылы археолог Кемел Ақышев тапқан. .Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін «хайуанат нақышында» жасалған.. Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар – ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген. Есік обасынан алынған археологиялық мәліметтерге қарап, бұл адамның біздің заманымыздан бұрынғы 5 – 4 ғасырларда өмір сүргені анықталды. Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, Алтын адамның Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді. Көне дәуірдегі материалдық мәдениет, өнер, мифология, т.б. салалардан мол дерек беретін Алтын адам сол кездегі сақтарда мемлекеттік өркениет ертеден қалыптасқанын дәлелдейді. Алтын адам – Қазақстанның азаттық символына айналды. Оның тұлғасы Алматының бас алаңына орнатылды, төбе бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі елтаңбамызға енді.

Термин сөздер

Термин сөздер дегеніміз — ғылым, техника, өндіріс және т.б. саласындағы арнаулы ұғымдар мен зат атауларын білдіретін сөздер.
Терминдер жеке бір ғана ұғымды білдіретіндіктен, бір магыналы болып келеді. Терминдердің мағынасы әркашан тұракты болады.
Қазак тіліндегі термин сөздер екі түрлі жолмен жасалған.
1. Баска тілден енген сөздерге қазак тілінен балама табу: 1) жергілікті және көне сөздер алынған: кеден-таможня, егемен-суверенитет, әмбебап — универсал, кешен-комплекс, нарық- рынок, жаргы-устав, бап- статья,
гарыш-космос, экім-адмщистратор;
2) тілімізде бар сөздерді біріктіру аркылы жасаған: отбасы-семья, әуежай- аэропорт, төлқүжат-паспорт,
мүражий-музей, елтаңба- герб, энүран- гимн т.б.
2. Тілімізге орыс тілі аркылы келген, казакша баламалары жок интерпационалдық терминдер. Мысалы: математика терминдері: квадрат, куб, коэфициент т.б.; химия терминдері: алшиак, азон, бром, гидрат т.б.;
география терминдері: глобус, карта т.б.; лингвистика терминдері: синоним,
антоним, эвфемизм, дисфемизм, диалект т.б.
Термин сөздерді де, кәсіби сөздерді де өз орнымен дұрыс колданып сөйлеу әрі білімділікті, әрі тілдің мәдениеттілігін танытады.


11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)

Фонетикалық талдау жасау, мәтінмен жұмыс жасау, тапсырмалар


12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)

Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.

13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)

1. Алтын адам нешінші жылы қай жерде табылған. Қандай әшекейлері болған.
2. Термин сөздер дегеніміз не?
3. Диалект сөздер дегеніміз не?

14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Алтын адам. Арнаулы сөздер (терминдер). Диалект сөздер. Кәсіби сөздер.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *