Саяхатшы

Саяхатшы

Орманмен Қоян қашқанда, Сәбізі түсіп қалады. Бара жатқан Қасқырға Түлкі тауып алады. «Жей салар ем мұны мен Ішіме бірақ жаға ма?
Құттықтап туған күніңмен,
Берейін Қасқыр ағама», – Деп Түлкі сары сәбізді Қасқырға сәндеп ұсынды.
Ол суға оны ағызды,
«Қайтем, – деп, – былғап тісімді». Судан Мысық тауып ап, Тастауға оны қимады. Түлкінің туған күнінде Сәбізді оған сыйлады.
«Қайтем – деп, – мұны», – таңданды, Мысыққа Түлкі шамданды.
Лақтырған Түлкі сәбізді Қуанып Қоян тауып алды.


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *