Білім беру салалары: Қатынас, әлеумет Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Көлік
Мақсаты: көліктердің қазақша атауларымен таныстыру.
Білімділік міндеті: қоршаған ортадағы заттардың атауларын айту және түсіну дағдыларын қалыптастыру. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Сөздерді бір-бірімен байланыстырып, сөйлем құрай білу дағдыларын жетілдіру. Жаңылтпаштарды айтуға үйрету.
Дамытушылық міндеті: қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айту, ажырата білу дағдысын дамыту.
Тәрбиелік міндеті: білуге деген ынталарын арттыру.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: көліктердін қазақша атауларын дұрыс қайталайды, жаңылтпашты айтады. Түсінеді: көліктердің әртүрлі екенін түсінеді.
Қолданады: өздеріне таныс кейбір көліктерді таниды, сұрақтарға жауап береді. Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, демонстрациялық материал (интербелсенді тақтада), қима материал, жұмыс дәптері, фишкалар.
Билингвалды компонент: көлік – транспорт, ұшақ – самолет, пойыз – поезд, барамын – поеду, саяхат – путешествие.
ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбер
Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты.
Қайырлы таң, алтын күн!
Қайырлы таң, кең далам!
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді. – Сәлеметсіздер ме?!
Суреттер бойынша «Қазақстан – ортақ үйіміз» тақырыпты қайталау. Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады. 2.Негізгі кезең
Сәуле балалармен ойын ұйымдастырады «Сұрақ-жауап».
– Сен бүгін таңертең қайда келдің? (Мен балабақшаға келдім).
– Балабақшаға кіммен келдің? (Мен анаммен келдім).
– Балабақшаға немен келдің?
– Мен автобуспен келдім.
– Мен мәшинемен келдім. (Сөйлемдерді балалар жеке-жеке қайталайды).
– Автобус, мәшине – көлік.
– Мәшине не?
– Мәшине …. (көлік).
– Автобус не?
– Автобус … (көлік).
«Көлік» сөзін жеке, хормен дұрыс айтып жаттығады.
Қалада көлік көп, сондықтан абай болу керек.
Жаңа сөздермен таныстыру.
Демонстрациялық материал (интербелсенді тақтада).
– Мынау – ұшақ, ұшақ.
– Мынау не?
– Мынау – ұшақ . (балалар жеке-жеке сөзді айтып жаттығады).
– Ұшақ – көлік. – Ұшақ не?
– Ұшақ – көлік.
– Саяхатқа ұшақпен баруға болады
– Саяхатқа немен баруға болады?
– Саяхатқа ұшақпен баруға болады.
– Қандай ұшақ болады? (Үлкен, кішкентай).
– Мынау – пойыз.
– Мынау не?
– Мынау – пойыз. (Балалар жеке –жеке айтады).
– Пойыз – көлік. – Пойыз не?
– Пойыз – көлік.
– Саяхатқа пойызбен баруға болады. – Саяхатқа немен баруға болады?
– Саяхатқа пойызбен баруға болады.
Дыбыстық жаттығулар:
Ө-ө-ө-ө – көөө-лік- көлік
І-і-і-і- лік -лік – көлік
Қ-қ-қ-қ- шақ-шақ – мынау – ұшақ. Ұ-ұ-ұ-ұ -ұш-ұш — ұшақ ұшты. Ұшақ ұзақ ұшты.
Педагог сөйлемдер құрастырады. Нұр-Сұлтанға ұшақпен баруға болады.
Нұр-Сұлтанға пойызбен баруға болады.
Балалар сөйлемдерді қайталайды.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық, Қолымызды созайық. Бойымызды жазайық Алақанды соғайық. Бір отырып, бір тұрып Біз тынығып алайық. Жаңылпашпен таныстыру.
Ұшып кетті үш құс,
Ұшып келді ұшқыш.
Балалар жаңылпашты бірнеше рет қатты, ақырын, баяу және жылдам қайталайды. Ойын: «Дұрыс па, бұрыс па?». Педагогті тыңдап, сөйлемнің дұрыстығын анықтайды да, дұрыс сөйлемді қайталайды.
Мысалы: Автобус – көлік. Коньки – көлік. Ұшақ – көлік. Жылқы – көлік. Нұр-Сұлтанға трамваймен баруға болады. т.с.с. Жұмыс дәптерімен жұмыс.
1. Көлікті ата. Саяхатқа немен барасың? Сызып қос. Сөйлем құра. Балалар үлгі бойынша суретке қарап, сөйлем құрайды.
Сөйлем: Мен автобуспен барамын (сызықпен қосады).
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтау.
– Не қызықты болды? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер. Қуыршақтар балалармен қоштасады.