Киіз үй

Білім беру салалары: Қатынас, әлеумет Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Киіз үй.
Мақсаты: киіз үй жабдықтарының қазақша атауларымен таныстыру.
Білімділік міндеті: киіз үйі оның ішіндегі кейбір заттар туралы сөздерді айту және түсіну дағдыларын қалыптастыру. Сөздер мен сөйлемдерді түсінуді және қолдануды үйрету. Сурет туралы педагогтің үлгісі бойынша шағын мәтін құрастыруды дағдыландыру.
Дамытушылық міндеті: сөздерді байланыстырып сөйлеуді, артикуляциялық аппаратты дамыту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелік міндеті: ұлттық қолөнерді қадірлеуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: тақырыпқа байланысты сөздерді, мәтінді қайталайды.
Түсінеді: киіз үйде қазақ ұлттық заттар болатынын түсінеді.
Қолданады: қазақ ұлттық заттарды таниды, сұрақтарға жауап береді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, «Киіз үй» суреті, ұлттық бұйымдар немесе суреттері, үнтаспада домбыра күйі, жұмыс дәптері, айна. Билингвалды компонент: киіз үй – юрта, сандық – сундук, сырмақ – сырмак, алаша – алаша, жүн – шерсть, домбыра – домбра.

ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбер
Жоғары қараймыз, Шаңырақты көреміз. Төмен қараймыз, Жерді көреміз.
Оңға бұрылып, солға бұрылып, Егеменді елді көреміз.
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді. – Сәлеметсіздер ме?!
Өткен «Жайлауда» тақырыпты қайталау. Жаңылтпашты естеріне түсіріп қайталайды.
Малға шөп керек, Шөп көп керек,
Көк шөп керек.
Фланелді тақтада «Жайлау» суретін құрау.
Берілген сөздерден сөйлем құрастырады: шөп, көп, жайылады, үй жануарлар, жейді, таулар, өзен, киіз үй.
Жайлауда шөп көп. Жайлауда үй жануарлары жайылады. Олар шөп жейді. Жайлауда таулар, өзен, киіз үй бар. 2.Негізгі кезең
Педагог киіз үйдің суретін іліп қойып, бүгін киіз үймен танысатындарын хабарлайды.
– Киіз үйде не бар?
«Киіз үй» суретімен жұмыс. Киіз үй туралы қысқаша мәлімет беру. Жаңа сөздермен таныстыру.
– Мынау не?
– Мынау – киіз үй.
– Киіз үйде не бар?
– Киіз үйде сандық бар. Мынау – сандық. Мынау не?
– Мынау – сандық. («Сандық» сөзін дұрыс айтып жаттығады).
– Сандық ағаштан жасалады. Сандық неден жасалады?
– Сандық ағаштан жасалады.
– Мынау – сырмақ.
– Мынау – … (сырмақ). Сөзді жылдам, жай айтып есте сақтауға жаттығады. – Сырмақ әдемі.
– Сырмақ қандай?
– Сырмақ әдемі.
– Сырмақ жылы. Сырмақ қандай?
– Сырмақ жылы.
– Сырмақ жүннен жасалады. Сырмақ неден жасалады?
– Сырмақ жүннен жасалады.
– Мынау – алаша. А-ла-ша. Мынау не?
– Мынау – алаша. (Алаша сөзін жеке, хормен айтып сөзді естеріне сақтайды).
– Алашада қандай түстер бар?
– Алашада қызыл түс бар. (Білетін түстерін айтады).
– Мынау – домбыра. (Домбыра суреті көрсетіледі).
– Мынау не?
– Мынау – домбыра.
Педагог үнтаспадан күй тыңдатады (үзінді). Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады).
Қ-қ-қ-қ- дық-дық – әдемі сандық. Қ-қ-қ-қ — мақ-мақ – сырмақ.
Педагог шағын мәтін құрап айтады: Мынау – киіз үй. Киіз үйде сандық бар. Сандық ағаштан жасалады. Киіз үйде сырмақ бар. Сырмақ әдемі, жылы. Сырмақ жүннен жасалады. Киіз үйде алаша және домбыра бар. (3-4 бала мәтінді қайталайды.)
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық, Керегені құрайық. Уық болып иіліп, Киіз үйді құрайық.
Күйіз үй ішінің көрінісі бойынша ойын: «Қайтала, көрсет». Педагог киіз үй ішіндегі заттарды атайды, балалар сөзді қайталап, суретін көрсетеді.
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
1. Суретке қара. Сұраққа жауап бер. Киіз үйде не бар?
Балаларға сұрақтар бере отырып6 сөйлемдер құрату. Мысалы: Киіз үйде сандық бар.
2. Суреттерге қара. Атауында «Қ» дыбысы бар заттарды көк қарындашпен қорша. Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
Дидактикалық ойын: «Мен бес сөз білемін». «Жайлау» тақырыбы бойынша балалар 5 сөз айтады.
3. Рефлексия.
Педагог қорытындылайды. Балаларды мадақтау.
– Бүгінгі сабақ несімен қызықты болды? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер. Қуыршақтар балалармен қоштасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *