Не? Кім? Қайда?

Білім беру саласы: Қатынас Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Не? Кім? Қайда?
Мақсаты: өткен тақырыптарды қайталап, алған білімдерін тиянақтау.
Білімділік міндеті: Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Сұрақ қоюға және сұраққа толық сөйлеммен жауап беруге жаттықтыру.
Дамытушылық міндеті: ойлау, ауызекі сөйлеу белсенділігін арттыру. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелік міндеті: білімпаздыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: өткен тақырыптар бойынша сөздерді айтады.
Түсінеді: Не? Кім? Қайда? сұрақтарын түсініп, орынды қолданады.
Қолданады: сұрақтарға сөйлеммен жауап береді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, ғажап шеңбер, қима суреттер, жұмыс дәптері.
Билингвалды компонент: шеңбер – круг, ғажайып – удивительный, ұпай – очко, жеңіс– победа.

ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі – Қайырлы таң, балалар!
«Кел, балалар, ойнайық» әні.
Кел, балалар, ойнайық, Ойнайық та ойлайық.
Қандай жұмбақ болса да Шешпей оны қоймайық.
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді. – Сәлеметсіздер ме?!
«Не? Кім? Қайда?» ойынын ойнауға шақырады.
2. Негізгі кезең
Балаларды ғажайып шеңбермен, жаңа сөздермен таныстыру.
Ғажайып, ға-жайып. Шеңбер, шең-бер.
Ұпай, ұ-пай. Жеңіс, жең-іс. Сөздерді дұрыс айтып жаттығу.
Ойын шарты: балаларды топтарға бөлуге болады. Шеңберді айналдыру арқылы тапсырманы таңдайды. Тапсырманы орындаған балалар ұпай жинайды. Ойын соңында ұпайларын санап кімнің (қай топтың) жеңгенін анықтайды.
Тапсырмаларды орындау барысында суреттерді атайды. Не? кім? қайда? сұрақтарына жауап береді. Мысалы: Мынау кім? Мынау – тәрбиеші. Тәрбиеші қайда жұмыс істейді? Тәрбиеші балабақшада жұмыс істейді.
Мынау – төсек. Балабақшада төсек бар.
Тақырыптар:
1. Балабақша. Мектеп.
2. Оқу құралдары мен ойыншықтар.
3. Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары.
4. Жыл мезгілдері.
5. Ойын «Дұрыс па?» педагог сөйлемдер айтады. Балалар «иә», «жоқ» деп дұрыс сөйлемді қайталайды, қате сөйлемді түзеп айтады.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық Қолды белге қоялық.
Оңға, оңға түзу тұр, Солға, солға түзу тұр.
Алға бір адым,
Артқа бір адым. Жоғары, төмен қарайық Орнымызды табайық.
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
1. Кімге не керек? Суреттерді сәйкестендір. Сөйлем құра.
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.
– Ойын ұнады ма? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер. Қуыршақтар балалармен қоштасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *