- Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері
2. “Отбасы татулығы бағдарламасының” негізгі бағыттары
- Мақсаттары және міндеттері
- Негізгі ұстанымдары және этикалық қалыптары
- Бала және отбасының үйлесімділігі дамуын қолдауға бағытталған қызметтер сапасын көрету арқылы, өмір сүру деңгйін бал мен отбасында жақсарту;
- Отбасы татулығы бойынша қызметтерді дамытуға негіз болу;
- Жеке отбасы және оеың әрбір мүшелеріне кәсіби тұрғыда жекеленген және дифференциялды ықпалды қаматамсыз ету;
2.“Отбасы татулығы бағдарламасы” бала және ата-ана, жалпы отбасымен тұтас жұмыс жасауға арналған.
Ата-ана қамтамасыз ететін тәрбие жағдайы және әр балаға жекелік және дифференцияланған ықпал ұстанымы бағдарламаның негізі болып табылады.
Ұсынылған бағдарлама отбасының және оның жеке мүшелерінің психологиялық диагностикасы; отбасылық кеңес беру; жас ерекшелік және отбасылық психотерапия; отбасы мүшелерінің тұлғалық ерекшеліктеріне коорекция; отбасындағы өзара қатынасқа психологиялық коорекция; ата-ананың тұлғалық қабілеттерін дамыту және қалыптастыру; балада жалпы және арнайы қабілетті дамыту және қалыптастыру; отбасы мүшелерінің психологиялық сауаттылығы; психологиялық ағарту; отбасын психологиялық қолдау; әлеуметтік-психологялық көмек; мониторинг жұмыстарынан тұрады.
Жалпы сағат саны – 240, олардың ішінде ата-анамыен жүргізілетін психологиялық жұмыс үшін – 100 сағат және балалармен жұмысқа – 120 сағат. Жалғасын табатын бірлескен жұмыстар үшін 20 сағат.
Бағдарлама екі бағыттан тұрады:
1) Тұрақты қызмет ететін жоба “Баланың жеке басын дамыту мектебі”
2) Тұрақты қызмет ететін жоба “Ата-аналар мектебі”
“Отбасы татулығы бағдарламасы” бағыттары 5 бөлімнен тұрады
- Психологиялық диагностика.
Топты психологиялық зерттеу, жекелік психодиагностика патогенді және эмоционалды күйлері (ең алдымен қобалжу және қысым), жекелік-психологиялық ерекшеліктерді және бала дамуына белгілі бір қиындықтар тудыратын және психикалық саулық бұзылысының негізгі факторы ретіндегі көріністерді анықтайды. Психологиялық диагностика нәтижесі психологтың алдағы коорекциялық жұмысын “Баланың жеке басын дамыту мектебі” және “Ата-аналар мектебі” тақырыптарында бала және ата-ана, топпен, тұтас отбасымен жұмыс түрлерін ұйымдастыру, кеңес шараларының тиімділігін нақтылауда қажет.
- Психологиялық коорекция.
Психологиялық коррекция психологиялық-педагогикалық кешен ретінде бір жағынан бала мен ата-ананың тұлға ішілік және тұлғааралық қақтығыстарды, тұлғалық қасиеттердің ауытқуы және теріс эмоционалды күйлерді жоюға, екінші жағынан психологиялық процестерді жетілдіру ата-ана мен баланың үйлесімді дамуын ықшамдау.
Психологиялық коорекция және психотерапия әдістерін қолдану бала мен ата-ана және отбасы жағдайында болатын өзгеріске қалыпты бейімделу ерекшеліктерін қолдайды.
3.Психологиялық ағарту.
Тұлғалық қалыптасуға бағытталған сабақтарда отбасы мүшелерін психологиялық ағарту, психологиялық білім және дамыта оқыту жұмыстар жүргізіледі. Психологиялық сабақтарды: оқытушы, дамытушы, қалыптастырушы, коорекциялық және терапевтік қызметтер атқарады. Ол бала мен ата-ана ішкі әлеміне үңіле отырып бүтіндік тұлғаға бағдарлануы, өзіндік сана және тиімді копингтік мінез-құлық қалыптасуын белгілі бір уақыт аралығында психологиялық қолдау көрсетуді көздейді.
Ата-анада психологиялық сауаттылықты дамыу, баланың жас және жекелік-психологиялық ерекшлеіктерін, психикалық саулығын сақтау туралы білімдер ұсынылады. Ата-анамен жүргізілетін ағарту жұмыстары нәтижесінде отбасы жағдайының сақталуын жауапкершілікті сезіну маңызды.
4.Психологоиялық кеңес беру – психолог шағымданып келген бала мен ата-ана мәселесін шешуге көмек береді, бағыттар ұсынады.
5.Психологиялық алдын-алу жұмыстары. Психологиялық алдын-алу жұмыстарының негізгі ұстанымдары:
— балаға жекелік (оның жасына, жынысына, әлеуметтік жағдайына, ақыл-ой даму деңгейіне, үлгерімі т.б. тәуелсіздігіне) ықпал ету;
— баланың ең алдымен жас ерекшелігін, қалыптасушы тұлға типін және қасиеттерін есепке алу;
— ең алдымен қалыптасып келе жатқан тұлға типтерін, оның жекелік ерекшеліктерін, баланың өмір сүру жағдайында “қиындықты” түсінуі және білім мазмұны, патогенді жағдайдың және тұлғалық белгінің өршуіне негіз болатын көзқарасты ескеру;
— баланың жеке абс дамуында зияндық сипат: психлогиялық қорғану механизмі және копингтік мінез-құлық ерекшелігін ескеруді қажет етеді;
Алдын алу жұмыстарының түрлері:
-Тікелей оқыту, бала мен ата-ананың білім мен дағдыны меңгреуі психикалық бұзылыстың алдын алуға негіз болады.
-Стресс жағдайының пайда болуы, тұрақты және қолайлы хал-ахуал жасау мүмкіндіктерін төмендетеді;
“Отбасы татулығы қызметінің” мазмұны осы әдістемелік құралдың 4 тарауында толық көрсетілген.
Отбасы татулығы қызметін құру қажеттігі
соңғы жылдары баланың құқықтық сауаттылығына қатысты мәселелер көптеп қарастырылуда. Олардың көпшілігі ата-ананың құқықтық сауаттылығын көтеруге бағытталған ақпартты-ағартушы әрекет түрінде жүргізіледі. Ата-ана мен баланың психологиялық сауаттылығын дамыту мақсаты, қолайсыз отбасының қалыптасуын алдын-алуда маңызды және өзекті жұмыс болып табылады.
Отбасы татулығы қызметі осы мәселелерді үш бағытта шешеді:
- Баланы психологиялық қолдау;
- Ата-анамен психологиялық ағарту жұмыстары;
- Отбасы татулығын сақтау жұмыстары;
Аталған бағыттар тәжірибелік психология және психотерапия Еуразиялық Институты базасында “Баланың жеке басын дамыту мектебі” және “Ата-аналар мекебі” және Шымкент қаласындағы отбасына қолдау көрсету психологиялық орталықтарының негізгі қызметі болып табылады.
- Мақсаты және міндеттері;
-Бала және отбасының үйлесімді дамуын қолдауға бағытталған қызметтер сапасын көтеру арқылы, бала және отбасы өмір сүру деңгейін жақсарту;
-Отбасында психологиялық сауаттылық мақсаты ақпараттық-ағарту ұйыммен азаматтық қоғам құрылымдары арасында серіктестік қарым-қатынас орнату;
-Биологиялық отбасында баланы психологиялық қолдау арқылы тиімді дамуына жағдай жасау;
-Баланың биологиялық отбасында нәтижелі дамуын қамтамасыз ету және психологиялық жол көрсетілу негізі ата-анамен әріптестік деңгейде қарастырылады;
-Отбасы жұмысына негізделген ұстанымдар нақты “Отбасын қолдау орталығы қызметкерлерінің әдістемелік құралы” еңбегінде қарастырылған.
Отбасы жұмысында қажетті жаңалықтар:
Отбасы-бала дамуы мен қалыпты өмір сүруіне тиімді жалғыз мүмкіндік орын;
Бала үшін туған отбасы, діңгек болып табылады, сондықтан отбасындағы негізгі жұмыс сәтсіздікті жоюға, алдын алуға бағытталады;
Әрбір жағдайдың бірегейлігі кез-келген ойдан хабар береді, соындықтан көмек беруге икемділік қажет;
Серіктестік — өзара әрекеттестіктің барлық жағының негізгәі ұстанымы;
Қызметтің мобильділігі – отбасымен жұмы жасаудың бірінші нәтижесі;
“Баланың жеке басын дамыту мектебі” және “Ата-аналар мектебінде” психологтың негізгі этиклық қалыптарына келесілер кіреді:
— құзырлылық – психолог маман иесі отбасында, әдіс тәсілдерді қолдану арқылы көмектеседі. Стандарта бала және ересекті қорғау үшін қарастырылған сналы пікір мен іс-шараларды мұқият қолдану;
— нақтылық және кәсіби жауапкершілік. өз іс-әрекетінде психолог әділ, құштарлы және жауапты маман болып табылады. Кез-келген адамға құрметпен қарайды. Атқаратын әлеуметтік ролдерін нақты ажыратып, соған сәйкес қызмет атқарады.
— адам құқығы және абыройын құрметтеуі. Психолог индивидтің жеке құқығын, өзіндік анықтауын және автономиясын құрметтейді. Диагностикалық және коорекциялық шараларды жүргізер алдында, ол бала мен ата-ананың нақты келісімдерін алады. Психолог клиенттердің мәдени, жекелік және ролдік ерекшеліктеріне түсіністікпен қарайды және осы факторлармен байланысты түсініспеушліктерді жедел анықтап отырады.
— айналаның қолайлы сипатына қамқоршы. Өз іс-әрекетімен психолог әрекетке түсетін бала мен ересек өміріне қолайлылық енгізуге ұмтылады. Туындаған қақтығысты жауапты түрде шешеді. Шынайы түрде басқа адамның ерекшелігіне мұқият қарайды.
— әлеуметтік жауапкершілік. Адамның қолайлы өмір сүруіне өз үлесін қосуда, маман психологиялық білімді көтеруді жариялайды.
Аталған ұстанымдары ескерілуі “Баланың жеке басын ждамыту” және “Ата-аналар мектептерінде” жұмысты тиімді ұйымдастыру, сонымен қатар отбасы татулығына бағытталған маңызды психологиялық жағдайлардың бірі болып табылады.