Неке және отбасы. Отбасының психологиялық ахуалы.

1.Некеге психологиялық даярлық.

2.Психологиялық жағдай туралы түсінік.

3.Психологиялық ахуал және үйлесімділік.

4.Үйлесімділік түрлері.

Бұл сабақтың негізгі мақсаты – студенттердің некеге тұрған кезде өздеріне белгілі өзара адамгершілік міндеттер жүктеп, осы сәттен бастап, олардың бір-бірінің, болашақ балаларының, қоғамның алдында өз отбасын, өз балалары үшін жауапты екенін аңғарту болып саналады.

Некеге тұру мотивтері жөнінде жүргізілген барлық әлеуметтік зерттеулер бірінші орынды сүйіспеншілік пен мүдде, көзқарас ортақтығы алатыныніс жүзінде көрсетіп отыр. Отбасы құру мәселесін шешуде материалдық мотивпен моральдық мотивтің айқын басым болуы қуантпай қоймайды. Ол біздің өмірмізде жаңа түрдегі отбасының қалыптасып, дамығандығын дәлелдейді. Алайда зерттеулер отбасылық өмірдің тек сүйіспеншілік, жеке бақытпен шектелмейтінін де көрсетіп берді. Оның мінездер қақтығысы мен тұрмыс қиындығынан бастап, бір кезде жас адамдарды біріктірген сүйіспеншілік сезімінің эволюциясынан туындайтын күрделілік тәрізді әр салалы қиындықсыз болуы мүмкін емес. Ресей социологы А.Г.Харчев: «… ерлі-зайыптылық тиісті дәрежедегі берік отбасы болуға жету үшін әдетте сүйіспеншілікпен байланыстырылып келген қасиеттермен ғана емес, сонымен қоса неке жауапкершілігінен туындайтын ауыртпалыққа төзе білу қабілетімен де қарулануы тиіс. Оның үстіне бұл қабілет ғасырлар бойы қалыптасқан жыныстардың өзара қарым-қатынас мәдениетінің әрбір нақтылы ерлі-зайыптылар жұбында қандай дәрежеде жетілуімен анықталады», — деп дұрыс айтады.

Адам отбасышыл болып ең алдымен өз үйінде қалыптасады. Некеге тұрғысы келген кездегі оның некеге деген даярлығы әр дәрежеде болуы мүмкін. Бірақ ең алдымен талапты өзіңе қою керектігін біліп және өзіңді жетілдіре түсудің шексіздігін түсініп, ортақ бақыт үшін, үйленгенге дейін де, кейін де ақыл-ойыңды жетілдіре беру бағытында жұмыс жасау қажет.

Алдынан айтып келе жатқандай, болашақ жар, өзінің екінші жартысы туралы армандау мен ойлану, әсіресе қыздарда жиірек және ертерек кездеседі, ал ұлдарда кешірек басталады. Армандаған бейненің кітаптан, фильмнен, суреттен, келбеттің сыртқы белгілері жас қиялды таң қалдыратын бір сәттік кездесулерден келіп шығатыны да сирек емес. Бірақ өмірде жұртың барлығына бірдей сұлулар мен ер жүректілер кездесе бермейді. Өз болашағы жайында ойлануы байсалды болған сайын, адам жұбай таңдау көп белгіге сай болатынын, бірақ солардың арасында адамгершілік рухани саналардың, көзқарас пен өмірлік мақсат ортақтығының бірінші орында тұруы керектігін көбірек аңғарады. Адамның ішкі қасиеттерін құрметтеп және өз сезімдерінің мен қалаулыңа деген көзқарасыңды ақылға қоынмды бағалай білу, жеңіл-желпі қылымсынудан туындаған үстірт құмарлық пен жалт етпе сезімді нағыз сүйіспеншілік екен деп ойлап қалмаудың кепілі болып саналады.

Отбасылық өмірге психологиялық даярлық өз отауыңды құруға кіріскен жөн бе? Жоқ, әлде еретерее пе? Деп әуелі өзіңмен-өзіңнің ойланып-толғанып, одан соң сырлас досыңмен әңгімелесуден көрінеді.

Егер албырт сезімді жас адамадар бір-біріне сенбесе, бір сәттік ұрыс-керісте бір-бірін өкпелетіп, тілдеп жатса, сол сияқты екеуінің біреуіне ұшқалақтық мінез тән болып немесе біреуінің сүйікті адамының абырой, намысын қорғауға батылы жетпесе, мұндай жар таңдауды сәтті деу екі талай болады. Егер бірін-бірі сүйген адамдар өздерінің отбасында қалай болары, өздері бірлесе және әрқайсысының жеке-жеке немен шұғылданары, бір-біріне қалай көмектесуі, неше балаларының болары, өздерінің жас отбасының материалдық негізін қалай құру керектігі жөнініде нақтылы талқыласа, одан романтикалық сезімге еш нұқсан келмейді.

Социологтар, демографтар, психологтар тату және дүрдараз отбасыларды зерттеген. Олар отбасының іштей беріктігі көбінесе адамның өз бойында жас кезінен дамытып, сүйіктісі үшін жетілдіре түсетін өзара түсінушілікке деген екі жақты ұмытылысқа және егер өзара қатынас жасауда қиын жағдай кез болса, оның себебін басқадан іздемей, адамның өз бойынан іздеуіне (менің қателігім неде, қайтіп ренжітіп алдым, нені байқамай қалдым, нені түсінбедім)  байланысты болатындығы жөнінде қортындыға келеді. Осындай отбасыларының бірінде алғашқы ренжісіп қалудан соң үйде тыныштық, татулық орнату үшін ренжісіп қалудан соң үйде тыныштық, татулық орнату үшін жұбайларға көмектесетін мынандай тоғыз «өсиет» тізімі жасалағн.

1.Ашуыңды баса біл.

2.Жаман сөзді айтуға асықпа, жақсы сөзді қайталауға асық.

3.Кінәлі басқа деп өзеуресең, кінәнің өзіңде болғаны.

4.Ізгі сөз жақсы, ал ізгі іс одан да артық.

5.Бір-біріңді түсінуге бағытталған әрбір қадамың көп күндік шаттыққа тең.

6.Біреудің орнына өзіңді қоя білу ғана емес, өзіңді-өзің сол орында абыроймен ұстай біл.

7.Өзі алдампаз басқаға да сенбейді.

8.Отбасының алғашқы сезімі «біз» деуден басталады.

9.Серігінің достарымен достасң, сенің достарың да ортақ достарға айналады.

Өзіңнің жақын адамыңның нені ұнатып, нені ұнатпайтынын, әсіресе оны не қуантып, не мұңатынын, көңіл күйінің неге өзгеретінін, қай кезде екеу ара үндемей қоя салып, қай кезде оның ойын бөліп, көңілдендіріп, жұбатып, кейбір ұсақ-түйектерге көңіл бөлудің керексіздігін түсіндіру қажеттігін көре, бақылай және осы жайлары өзіңнің түсіне білуің баға жетпес қасиет болып саналады. Басқа адамның әдет-дағдыларын құрметтеп, олармен санасып, өз кемшіліктеріңе сыншылдықпен қарай білу де өте маңызды болмақ.  Көп адамдар өздерінің айтқанынан қайтпауын беделге ие, болудың, ерік күші мен батылдықты көрсетудің белгісі деп ойлайды. Мұндай бірбеткейлік әлі, бекіп, нығайып болмаған көптеген жас отбасын құртып жібереді. Жеке адамның нағыз адамгершілігі айтқанға көне, кешіре, тіпті кейде жаңсақтық байқамаған бола білуден, өзі бастап жұбайына қашан болсын және әр істе болсын көмек беруге даяр болып, қиындықтарға төзімді де байсалды шыдай білуінен көрінеді.

Ерлі-зайыптылық басқа адамға деген тұрақты бағыттылықты, оны дәл өзіңді түсінгендей түснуде психологиялық даярлықты қажет етеді де, ал мұның өзі ері мен зайыбының екеуінің де өз сезім, толғаныс, тебіреністерін ашып көрсетуге даяр болып, өз жартысының қателігі мен ағатттықтарын қолайлы сәт пен арнайы көңіл-күйді дөп басып, өнегелі көрсете білу жағдайларында қолға түседі.

Психологиялық ахуал – бұл топ пен ұжымдағы адамдардың жағдайы, көңіл-күй қатынастарының жиынтығы. Нақтылы психологиялық ахуал өте көп, бірақ солардың барлығын жайлы, жайсыз деп. Еі топқа бөлуге болады. Топтың немесе ұжымның ахуалы мына сияқты негізгі сипаттармен анықталады: топ немесе колективтің ахуалы мына сияқты негізгі сипаттармен анықталады:  топ немесе ұжым үшін әдейі құрылған оқу, еңбек, кез келген іс-әрекеттен қанағат табу, қызметкерлер (сыныптастар, курстастар) және жетекшілерімен (мұғалімдер, оқытушылар) жасалатын өзара қарым-қатынастардан қанағта табу: өзара өзара түсінушілік, әркімнің тұрақты көңіл күйі; эмоциялық жайлылық дәрежесі; бірлігі; ұжым мүшелерінің басқару мен өзін-өзі басқаруға қатысу дәрежесі; іс-әрекет нәтижесінен қанағат табу.

Адам әрқашан қандай болмасын шат көңлді, оптиміст не қайғылы, мұңды не басыңқы, жабыраңқы эмоциялық к? йде болады. Бұл он көңіл күйінен көрінеді. Және де әр адамда тек соған ғана тән көңіл-күйінің жалпы реңкі деген болады. Сондықтан біреу туралыбіз, он белгілі бір жағдайларда қапалы, жабыраңқы көңіл-күйі кездессе де, „шат көңілді адам” деп атйып, басқа біреуді қай кездедерде де, шат-шадыман, сергек болып жүрсе де, жабыраңқы, бір нәрсеге наразы адам ретінде қабылдаймыз. Бір адамның көңіл-күйі өзі қарым-қатынас жасап, қатар жұмыс істеп, бірге сабақ оқитын басқа адамдарға жиі әсерін тигізіп отырады. Жағымсыз эмоциялық толқулары елеулі қандай болсын орынды себептерсіз –ақ ТУП, үнемі көңіл-күйі жабыраңқы болатын адам өзінің осы күйін өзін қоршаған басқа адамдарға таратып отыратын психологиялық зеттеулер көрсетуде. Соның нәтижесінде өзі отырған ореада жабыңқы көңіл күйі пайда болуы мүмкін. Сондықтан топ немесе ұжымның жалпы психологиялық күйі үшін он әр мүшесінің қандай к? йде болуының мәні жоқ емес. Шығыс халқында адамның өзінің ұнамсыз көңіл-күйін ғана емес, сонымен қоса қайғысын да, уайымын да көрсете беруіне болмайтын дәстүр сақталған. Бұл дәстүр өзіңнің қам-қарекет, толғаныстарыңмен басқа адамдарға ауыртпалық салмай, қашанда жылы жүзділігіңді сақтауға кеңес береді. Біді мәдениетісізде мұндай дәстүр жоқ, слайда әркім топқа, ұжымға жақсы көңіл-күй, жылы жүз, шаттықпен келіп, айналадағы адамдардың көңіл күйінің көп жағдайда өзіне байланысты екенін білуі қажет.

Басқа адамның абыройын өз абыройыңдай қадірлей білу, әсересе тұрақты қарым-қатынас тжасау кезінде өте қиын іс. Орынсыз қалжың, тым өткір сын, көңілге клерлік ат тағу – міне мұның барлығы, әрине, әрбір сыныпта кездеседі. 

Басқа адамның ішкі Жан дүниесіне деген қызығушылық, он тебіреністерін танып білу қаблеті қайсыбір жоғары сынып лқушыларында басқаларға қарағанда нашар жетілуі мүмкін.   …

Психологиялық ахуал адамдардың үйлесімділігінен өте айқын байқалады. Қазір е? бек ұжымындағы, оқудағы және әсіресе отбасындағы үйлесімділік жөініде көп айтылып та, жазылып та жүр. „Мінедердің үйлеспеушілігінен ” – деушілік айырылысудың кең тараған себептеріне айналып жүр.

Адамдардың бір-бірімен үйлесімділігі жөініде сөз қозғағанда, ең алдымен құныдылықтар, мүдделер, эмоциялық бағдарлар, өмір сүрудің жалпы стильдерінің белгілі үндестігі ескеріледі. Егер отбасында осындай үндестік болса, онда, әрине, оның барлық мүшелерінің арасында басқалардың жақсы жағын да, кемшіліктерін де біле отырып, бірақ соған қарамастан, адамды сол өз қалпында қабылдау түріндегі өзара түсінушілік пайда болады. Отбасының бір адамы өте жігерлі болады, бірақ қайтымы шапшаң, енді біреуі жасқаншақ, жалтақ, бірақ оның есесіне өзіне берілген істен бастартпайды, үшінші біреуі көмектескіш, жаны ашығыш, оған өзіңнің тіпті ең елусіз немесе болмашы қиындықтарыңның және т.б. туралы қашан да айтуыңа да болады. Мұндай отбасында әркім басқалардың ерекшелігін білсе де, өзінің де мүлтіксіз емес екенін ескере отырып, оларды түзетуге тырыспайды. әрине, дәл осы жағдайда бұл, негізінен, отбасының ересек мүшелерінің өзара қатынасына байланысты болып отыр. Бақытты ерлі-зайыптылар бірін-бірі жақсы түсінеді, олар басқаны толық бақылайды, а мұның өзі – жақын адамдардың өзара қарым-қатынасындағы психологиялық жақтан жақсы жағдайды қаматамасыз ететін негізгі шарт болып табылады.

Нағыз сүйіспеншілік (үйлесімділік) мақсат пен адалдықтың белгілі ұштастығын қажет етеді. Жастық шақта нағыз азмат адам, нағыз еркек пен әйел үлгілерін мұрат тұтып, жұбайдың қандай болуы, бақытты отбасының қандай болуы туралы ойлану елдің барлығында кездеседі. Бұл мұрат тұтқан елестер кейін өмір тәжірибесінде өзгеріске ұшырайды. Шынайы жұбайдың, адамда бұрын қалыптасқан елесінен қайтсе де айырмасы болатыны табиғи жай. Сондықтан жақын адамыңның бойынан жақсы қасиеттерді, мұрат тұтқанды таба біліп, ешбір кемшіліксіз адамның болмайтынын мойындау – міне, бұл – адамдардың нағыз үйлесімділігінің көрінісі болмақ.

Үйлесімділік , сонымен бірге отбасы мүшелерінің ой-талғамдарының, бағалай білудегі аікірлердің жақындаса түсуінен көрініп отырады. Бағалаудағы белгілердің мұндай жақындасуы табиғи түрде пайда болады. Пікірілердің біркелігі басқа бағаларды басып, елемеу есесінен өз баға, талғамдарының зорлап енгізу арқылы пайда болса, онда әрине, үйлесімділік жөнініде ешқандай сөз болмақ емес. …

Адамдардың үйлесімділігі  — бірнеше, алуан сатысы бар күрделі құбылыс. Бұл ең алдымен идеялық-адамгершлікітік ортақтық пен әлеуметтік-психологиялық үйлесімділік. Олар қоршаған дүние мен ондағы өз орныңа қатысты өмірлік позицияң, негізгі құнды бағдар-бағыт, пікірлер сай келгенде байқалады. Психологиялық үйлесімділік отбасы мүшелерінің мінез-құлық, жеке бас ерекшеліктерін өзара әсерін керек етеді. Психологиялық жеке бас ерекшеліктерінің өзара әсерін керек етеді. Психо-физиологиялық үйлесімділік темперамент ерекшеліктерінің өзара әсеріне негізделеді. Үйлесімділіктің соңғы екі тармағын бір түрге біріктіреді. Жұбайлық қатынастар құрамына үйлесімділіктің барлық түрі енеді.

Адамдардың идеялық-адамгершілік ортақтығы.

Әдетте, құныдылқтарды бағалу сай келмеген жағдайда жұбайлар арасындағы немесе отбасындағы келіспеушілік, көбінесе отбасы өміріне немесе отбасындағы келіспеушілік, көбінесе отбасы өміріне немесе ондағы өзара қатынасқа сырттай бейтарап, елеусіз себептерге байланысты пайда болады. Кинофильмді, оқыған кітаптарды талқылау, таныс адамдардың мінез-құлқын бағалау сияқты кездейсоқ жағдайлар кенеттен өмірлік позицияны бағалауда елеулі келіспеушіліктің бар екенін көрсетіп береді.

Әлеуметтік-психологиялық үйлесімділік. Әлеуметтік-психологиялық үйлеспеушілік себептері болып көбінесе жұбайлардың білім, жас, жалпы мәдени дәрежелерінің айырмашылығы есептеледі. Үйлесімділікке білім айырмашылығы елеулі әсер ете қоймайды, жалпы мәдениет, жеке адамның даму дәрежесінің маңыздылығын атап өту керек.

Отбасының әлеуметтік-псхологиялық үйлесімділігіне балалардың өмірге келуі мен тәрбиеленеуі, тұрмысты ұйымдастыру, бір-бірін моральдық, экономикалық және көмек жағынан сүйемелдеу, бос уақытты ұйымдастыру және сондай-ақ отбасының қоғамдағы өкілеттілігі сияқты отбасының негізгі міндеттерінің жүзеге асуына байланысты көзқарастар бірлігі де жатады. Жұбайлардың көзқарасының сәйкес келмеушілігі бір құндылықтарға артығырақ көңіл бөліп, басқалардан елемеушіліктен (тым шаруақорлық, „біз енді тек балалар үшін өмір сүруіміз керек” деп балаларға тым артығырақ аөңіл бөлу) кқрініп отырады.

Психологиялық және психофизиологиялық үйлесімділік. Үйлесімділіктің басқа түрлері (дәрежелері) болып психологиялық және психофизиологиялық үйлесімділік есептеледі. Үйлесіміділіктің (немесе үйлесімсіздіктің) бұл түрлері жұбайлардың жеке басына, мінез және темперамент ерекшеліктеріне байланысты болады.

Өте күшті үйлеспеушілік эгоизм, жауапсыздық, жалқаулық, т.б. сияқты кейбір жағымсыз мінез белгілерінің ұқсастығынан көрініп отырады.

Үйлесімді серіктердің бір қасиеттері ұқсас болады (бұл негізінен тәрбиеге байланысты болатын ақыл, құнттылық т.б. сапалар), ал, негізінен, табиғи, темперамент ерекшеліктерімен байланысты басқа сапалары қарама-қарсы болып кездеседі. Сондықтан үйлесімділіктің бұл түрі оның бірінішісіне бағыныңқы тәрізді болып көрінеді. Отбасындағы жұбайлардың темпераменттері мен мінез ұқсастығы негізінде ғана емес, сонымен бірге олардың айырмашылығы болғанда да дұрыс жағдай жасалуы мүмкін.

Күнделікті өмірде өзіңе үйлесімді адамды іздеуге салынудың орны жоқ. Әрине, ойдағыдай өмірлік серігіңді таңдай білу өте маңызды. Бірақ бұл жерде де мінсіз еш нәрсе болмайды. Оның үстіне адамдар бұрынғысындай бір қалыпты болмай, үнемі өзгеріп отырады. Сондықтан ең маңыздырағы бір-біріңді түсіне білуге үйреніп, бірлесе өмір сүрудің қиындығын жеңуге тырысып, өз тілек, қажеттіліктеріңді басқа адамның талаптарымен үйлестіре білушілік болмақ.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *