Ғашықтық мінез-құлық мәдениеті.

  1. Адамның жалпы мәдениеті мен ғашықтардың мінез-құлық мәдениеті.
  2. Ғашықтардың бірін-бірі тәрбиелеуі.
  3. Қателеспеу жолдары.

Бізге мінез-құлық мәдениеті туралы көп естуімізге тура келеді. Бізді дастархан басында дұрыс әрі әдемі отыруға, үлкендермен сыпайы және елгезек болуға, қоғамдық орындарда, достар ортасында өздеріңді ұстай білуге үйретеді. Бірақ кейбіреулерге ғашықтардың мінез-құлық мәдениеті … туарлы айтылатын әңгіме оғаштау көрінуі де мүмкін. Былайша қарағанда, таңдану жөнсіз емес те сияқты: егер адам тәрбиелі болса, онда ол біреуді сүйген кезде де өзін лайықты ұстайды, демек оған мінез-құлық мәдениеті туралы еске салудың өзі артықтау болады…

Махаббатың керемет қуаты бар. Ғашықтар өздерінің таңдаған адамдарының „жақсысын асыруға” бейім тұрады. Мұндайда айналадағылар ғашық жандар махаббатын көзі қарайып, сүйгенінің шын келбетін көре алмайтын болған деп санайды. Дұрысында ғашықтарды көрсоқыр емес, көреген деген жөн, яғни олар сүйіктісінің бойынан басқаларға байқалмайтын жақсы қасиеттерді көре алады. Жай қараған кісінің көзіне олар көріне бермейді, ал сүйген адам анық көреді де, мұның өзі ғашығының асыл қасиеті екеніне сенеді. Махаббатттың арқасында біз өзімізге қымбат адамның қандай бола алатынын көреміз. М.М.Пришвин: «Менің бойымнан сен тапқан қасиеттердің көбі менде болмас та, әрине, мен дәл сен ойлағандай мінсіз емеспін. Бірақ сен сүйсең, мен қазіргіден жақсырақ болуға тырысамын» деп текке айтпаған.

Ғашық адамдар әрқашанда өз махаббатының болашағы жарқын боларына сенеді, өкінішке орай: жиі алданып жатады. Неге? Иә, өйткені, қадірлеп жүрген қасиеттердің адам бойында шынында да бар екенін немесе бар сияқты көрінетінін түсінуге талай уақыт керек. Сонымен бірге сүйген адамның қадір-қасиеті шынайы екендігіне көз жеткізе тұрып қателесуге болады. Өйткені әуел баста негізі бар жақсы қасиеттердің уақыт өте келе сөнуі мүкін. Психологтар әр адамның бойында сүюге қабілет жасырын жатады дейді. Бірақ ол жұрттың барлығында бірдей жүзеге аса бермейді. Ой аясы тар өзімшіл адамдар көбіне махаббатта сол жан жадаулығы жағынан зардап тартып жатады. Біздің сүйе отыра жақсы бола түсуіміз үшін сүйген адамның ғана емес, сүйікті адамның да ақылы мен жанының күнделікті еңбегі махаббатқа, сенімге, береке-бірлікке толы ықылас, өзіңді-өзің жетілдіре түсуді талап етеді. Тек сонда ғана ол адамды бақытты етеді. Ғасырлар бойы келе жатқан сенім бойынша махаббат адамды үлкен атақ-даңққа, биік мақсат мен ұлы істерге, азаматтық ерлікке жетелейді. 

Махаббатын табуда жас адамдар рухани жағынан әзір болуы керек. Ең алдымен олардың өздері махаббатқа лайық болуы керек. Махаббатпен жолығысуға даяр тұру – адамның жан сұлулығы, рухани күші неде екенін анық түсіну деген сөз. Махаббаттың шабыт берер қуат-күші орасан. Ол – ғажап ұстаз, кейде ұстаздардың ішінен ең тамашасы да.

Сезім жаңа оянған, ол әлі нәзік, оны аялау керек. Адам өзін толғантатын жайды айта бастаса, екіншісі оны тыңдағысы келмей, оған онша қызықпайды, сөзін бөле береді. Бір ренжиді, екі ренжиді, сөйтіп жүргенде қарасаңыз – жаңа оянған махаббат сөінп, тұншыға бастайды. Махаббатта әрқайсымыздың екінші адамды тыңдай білуіміз, оның айтқанына ой жіберуіміз қандай маңызды десеңізші. Кейде біржола айрылысуға соқтыратын ұрыс-керістер екінші адамның жан күйін, шынайы ой-тілегін түсінбеуден шығады.

«Махаббаттың басталу шағында, — деп ой толғайды жазушы әрі педагог Н.Долинина, — онда барлығы да жұмбақ, барлығы түсініксіз, ең алдымен сүйікті адамның жаны беймәлім болып тұрады. Ол үшін сезім де, оның іс-әрекетінің дәлелін де ойлап табасың, өзіңе орайластыра бейімдейсің – сөйтіп жүріп өзің қиялмен жасаған бейнеге өзіңнің бойың үйреніп кетеді. Шынында да ол мұнан басқа адам. Қиялыңдағыдан артық та емес, кем де емес, тек басқа. Мұны ұғыну қиын-ақ. Қиындығы ер адам мен әйел психологиясының бір жағынан ұқсас келетіндігінде. Ал тағы бір жағынан атымен ұқсамайтындығы».

Шынын айтсақ, кейде алдымен өзіміз сөйлеуге асығып, бір-бірімізді бөле беретініміз құпия емес қой. Міне, жалпы мәдениеттілік пен екі адам қатынасының мәдениеті осы арада түйіседі.

Көптеген адамдар газет-журнал беттерінен бүгінгі отбасы, махаббат туралы пікір таластарын оқыған болар. Екі жыныс өкілдерінің хаттарында үйленгенге дейін барлығы жақсы еді, онан кейін … өзгеріп сала берді деген реніш тудыратын кездер көп-ақ. Мұнан әрі тойдан кейін, өкінішке орай, нелер өзгергені тізіліп айтыла бастайды. Ойлап қарасақ неге бұлай болады деген сұрақ келеді? Тойға дейін бірін-бірі аз білгенліктен бе? Бірақ талай жыл таныс болғандар да қателеісп жатады. Мұның бір себебі жастардың өзара әңгімесінде бір-бірінен болашақта не күтетіні туралы аз айтатыңдығында сияқты: серігінің мінез-құлқында не ұнап, не ұнамайтыны, келешктегі күнделікті өмірін көзге қалай елестетіні туралы әңгіме аз қозғалады. Дұрысында, мұндай әңгімелер адамдардың бір-бірін жақынырақ танып, өз сезімдерін бағалай білуіне көмектеседі.

Ғасырлар бойы дәстүр бойынша махаббатта ер адам әлдеқайда белсенділік танытады: қатынастардың сипат-арнасын айқындайтын дәл сол, ғашығының өзін сүйікті сезінуі немесе сезінбеуі де ер адамға байланысты. Бұл – қыз пассив күйде қала береді деген сөз бе? Жоқ. Қарым-қатынас стилі, оның тазалығы, пәктігі алдымен қызға байланысты. В.Г.Белинский: „Ер адамның жүрек қуатын, асыл құштарлық жалынын қоздыру, парызға адалдық сезімі мен асқақ та ұлы мұраттарға ұмытылысын қолдап отыру әйелдің үлесіне тиген игі іс, әйелдің міндеті де осы, бұл – ұлы да қасиетті міндет”, — деді.

Жігіттер құрдасындай көретін қыздар қай ұжымда да болады: жігіттер оларды, олар жігіттерді иықтан қағып, отырған жерде мағынасы екі ұшты анекдот айтып немесе тілдеп тастай салады. Басқа бір қыздар да бар – былайша елеусіздеу көрінгенмен, ол көз тоқтатса-ақ, жігіттер сымдай тартылып, байсалды бола қалады. Мұндай қыздармен көшеде құшақтасып жүрмейді, оларды аялай сүйеді. Себебі олардың талаптары биіктеу. Вильнюстегі отбасылық қарым-қатынастар кабинеті қызметкерлерінің бақылауына қарағанда, нәзік жыныс өкілдерінің басты байлығы — әйелдік нәзіктік екенін ұмытқандар көбіне некеде бақытсыз болады екен. Мұндай әйелдер ер кісілерше сөз сөйлейді. Л.Н.Толстой бірде: „Еркекке ұқсауға тырысатын әйел де әйел кеіпті еркектей жексұрын” деген еді.

Әйелдің әлсіздігі ұлы күш. әйел нәзік бола түссе, ер адам қайраттана түседі, қамқор болып, қорғай жүруге бейім тұрады.

Ғашықтардың мінез-құлық мәдениеті туралы айтқанда сырластық мәселелерді қозғамай кетуге болмайды, мұның өзі жігіттерді де, қыздарды да толғантатын тақырып. Жоғарыда айтылғандай, махаббат сезімсіз болмайды. Тән құмарлығы жоқ жерде жан құмарлығы да жоқ. Бізді… қысылдыратын жайдың өзі осы. Екі адам үшін де қызығылықты әңгіме емін-еркін қозғалып келе жатқандай еді, міне қос жанар жолығысты да – жүрек алқына соғып, әңгіме жайына қала берді.

Мұның барлығы әбден табиғи жағдай, бірақ олар әлі де нағыз сезім оянғанның белгісі бола қоймайды. Бұл табиғаттың бізді „сынап көріп” кейін, оянатын ересектерге тән сезімдерге дайындауы сияқты. Сондықтан да ересектер көбіне жастар қателесіп кетеді-ау, алдамшы сезімді махаббат деп қалып, бір-біріне ұмтылар, ересектер өміріне аяқ басып асығар ма екен деп қорқады. Ал бұл қадам қатерлі болуы мүмкін. Жастарды алғашқы жыныс байланысына итермелейтін себептер де әр алуан. Профессор Р.Борман жастарға сұрақ беріп байқаудың нәтижесі ерте бастан жыныс байланысын жасауға мына жайлар себеп болатынын айтады: жас өспірімдердің тән жақындығына құмарлығы, қыздың қарсылассам, көңілін қалдырам ба деп қорқуы, жаны ашу, әуестік, өзін танытуға тырысу, ата-анасы онша жақсы көрмегендіктен басқаның сүюін өте-мөте қажетсіну, жалғыздықты сезінуі және сақтана білмеу, жолдастары мен достарының теріс ықпалы, егер жеткіншек жыныс мәселесінен хабары мен тәрбиесінің кемдігінен мұндай ықпалға ерігіш болса, оның әсері елеулі болады.

Р.Борман алғашқы жыныс қатынасы, әдетте мұнан кейінгі сексуалдық қатынастарға жол ашатынын айтады. Ерте басталған жыныс тіршілігі есейе бастаған адамға бұған дейін атымен беймәлім сексуалдық қажетсіну туғызбайды. Сонан барады да, әркіммен бір жүріп, кейде тіпті қысқа сәттік, жауапсыз байланыстарға жолығады, олар үшін ешкім де жауап беріп жатпайды. Некеге дейін жыныс қатынасын бастағандардың ең жаман жері — әркіммен бір жүру. Қысқа сәттік байланыстарға бой үйрету басқа жыныспен қатынастың қасиетін кетіріп, нағыз махаббат сезімінің оянуына кедергі жасайтынын қоса айту қажет. Тегі, қыз бен жігіттің қалай жүріп-тұруы жөнінде ғасырлар бойы қалыптасқан қатаң ережелердің өзі жастардың парасатты болуын ойлап, сақтанудан туған шығар.

Л.Н.Толстой күте блген адамға барлығы да өз кезінде келеді деген. Мінез-құлықтың бағыт-бағдарын парасат тұрғысынан таңдай отырып, өмірде ештеңе де қайта оралмайтынын, бастан өткен дәуренді қайта сүруге болмайтынын есте ұстау керек.

Адамды жақсы тану үшін, онымен мүмкіндігінше көбірек араласқан жөн. Бұрын: „әйелді алтыбақанда таңдама, малды баққанда таңда” дейтін, яғни адамның қандай екені той-томалақта емес, күнделікті тіршілікте көбірек көрінеді. Сүйіктіңнің жақсы жақтарын да, кемшіліктерін де жете білу үшін оны өмірдің әрқилы сәттерінде көрген шығар…

Ғашықтардың ортақ таныстары болғаны жақсы. Ондай орта болмаса, сүйіктіңді достарыңмен таныстырып, олардың сенің таңдаған адамыңа қалай қарайтынына зер салу орынды. Оны қалай қабылдар екен? Ақыры таңдауын таңдап қойған күнде де олардың пікіріне құлақ асып, қалаған адамым тек өзіме ұнай ма әлде басқалардың да назарын аудара ма деген ыңғайда ойланудың пікіріне құлақ асып, қалаған адамым тек өзіме ұнай ма әлде басқалардың да назарын аудара ма деген ыңғайда ойланудың зияны жоқ. Достары оның қандай мінезін бағалайды? Несін ұнатпайды? Әрине, ғашық адам бүкіл әлем оның таңдауына қарсы болса да, бетінен қайтпай өзінің дұрыстығына, өз сезіміне сенеді. Сонда да, егер адам басқа адаммен тағдыр қосуға бел буған болса, ол өзі таңдаған кісі жөніндегі сын пікір, жазғырулардың барлығын салқын қандылықпен ақыл таразысына алғанна келер зиян жоқ.

Қосағыңды өмірлік деп таңдайсың, сондықтан да некеге тұру жөніндегі шешіміңді туағн-туысқандарың мен достарыңа айтудың алдында әбден ойланып-толағанған дұрыс. Ата-анамен сүйіктіңді некеге тұру жөнінде шешімге келуден әлдеқайда бұрын таныстырған орынды. Себебі, өмір бойы бірге болуға келісіп жүрген адамыңыздың өскен отбасының тіршілігін бақылай отырып, сүйіктің жөнінде талай тың жайға қанығуға болады. Байқампаз болсаңыз, көргеніңізді дұрыс бағалай алсаңыз, осы арқылы-ақ келешектегі отбасылық қарым-қатынастарыңыздың стилін көзге елестетуіңіз мүмкін. Егер жас жігіт сізбен сыпайы сөйлесіп, ал анаңызбен тік немесе тіпті дөрекі болса, оның өзі секем алдырмай қоймайды: демек, ол әйелді құрмет тұтып, сыйлай білмейді, ал әуелгі сезімі басылған соң, сізге қалай қарайтынын кім білсін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *