Жабайы жануарлар

Білім беру салалары: Қатынас, таным Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Жабайы жануарлар.
Мақсаты: жабайы жануарлардың қазақша атауларымен таныстыру.
Білімділік міндеті: Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Сөздік қорларындағы сөздерді белсенді қолдана білуге жаттықтыру, қарапайым сұрақ қойып, оларға жай сөйлеммен жауап беруді дағдыландыру.
Дамытушылық міндеті: жаңылтпаш, ойындар арқылы тіл байлықтарын дамыту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Тілдік және артикуляциялық аппаратты, тыныс алуды және дикцияны дамыту.
Тәрбиелік міндеті: Жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: жаңылтпаш, жабайы жануарларды қайталайды.
Түсінеді: қарапайым сұрақтарды түсінеді.
Қолданады: жабайы жануарлардың қазақша атауын айтады, жай сөйлеммен жауап береді. Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, қима материалдар, үнтаспа, жұмыс дәптері, айна, фишкалар.
Билингвалды компонент: арыстан – лев, жолбарыс – тигр, маймыл – обезьяна, піл – слон, керік – жираф, үлкен – большой, ұзын – длинный.

ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді. – Сәлеметсіздер ме?!
Өткен «Аулада» тақырыпты қайталау. Ойын: «Мен 5 үй құстарын білемін» үй құстарының атауларын қима суреттер арқылы қайталау. Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, ойын соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
2. Негізгі кезең
ТТШТ/ТРИЗ: «Бұл қандай жабайы жануар?» берілген суреттерден білетін жабайы жануарларды сипаттап табу.

– Мынау қандай жабайы жануар? – Мынау – қоян. Бұл қоянның құлағы.
– Мынау – қасқыр. Бұл қасқырдың аяғы.
– Мынау – аю. Аюға бал ұнайды.
– Мынау – түлкі. Бұл – түлкінің құйрығы.
Кима материалдармен жұмыс.
Жаңа сөздермен таныстыру.
– Мынау – арыстан.
– Мынау не?
– Мынау – арыстан.
– Арыстан үлкен.
– Арыстан қандай?
– Арыстан үлкен.
– Мынау – жолбарыс.
– Мынау не?
– Мынау – жолбарыс.
– Жолбарыс үлкен.
– Жолбарыс қандай?
– Жолбарыс үлкен.
– Мынау – піл.
– Мынау не?
– Мынау – піл.
– Піл ең үлкен жануар.
– Піл қандай жануар?
– Піл ең үлкен жануар.
– Мынау – керік.
– Мынау не?
– Мынау – керік.
– Керіктің мойны ұзын.
– Керіктің мойны қандай?.
– Керіктің мойны ұзын.
– Мынау– маймыл. – Мынау не?
– Мынау– маймыл.
Балалар жаңа сөздерді қайталайды. Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады).
І-і-і-і- піл-піл- піл.
І-і-і-і – керік – керік – керік.
Дидактикалық ойын: «Аудармашы»: педагог орыс тілінде жануарларды атайды, балалар қазак тіліне аударады: лев, тигр, обезьяна, слон, жираф, медведь, дикие животные.
Сергіту сәті
Ұзын құлақ сұр қоян Естіп қалып сыбдырды. Ойлы-қырлы жерлерден Ытқып-ытқып жүгірді. Қарап еді артына, Қиығын салып көзінің. Келе жатқан томпаңдап Көжегі екен өзінің.
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
1.Суреттерге қара. Жабайы жануарларды ата. Не артық? Қорша.
2. Не көріп тұрсың? Ата. Арыстанды боя.
3. Жаңылтпаш жаттау.
Арыстан Арысқа
Барса да,
Арыстан ары Алысқа бара алмайды.
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
Ойын: «Дауысынан таны»: үнтаспадан жабайы жануарлардың дауысын тыңдап, ажырату.
3. Рефлексия.
Педагог қорытындылайды. Балаларды мадақтау.
– Саған не қызықты болды? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер. Қуыршақтар балалармен қоштасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *