Білім беру салалары: Қатынас, әлеумет Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Әжемнің базарлығы.
Мақсаты: ұлттық тағам түрлерімен таныстыру.
Білімділік міндеті: сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру, сөздер мен сөйлемдерді түсінуді және қолдануды үйрету. Сөздерді бір-бірімен байланыстырып, сөйлем құрай білу дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылық міндеті: қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс, анық айтуға жаттықтыру. Тәрбиелік міндеті: тағамдарды қадірлеуге, сыйлауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: жаңа сөздерін қайталайды, сөйлемдер құрастырады.
Түсінеді: әр ұлттың ұлттық тағамдары болатынын түсінеді.
Қолданады: тағамдар ішінен ұлттық тағамдарды айыра біледі, сұрақтарға жауап береді. Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, қоржын, суреттер, интербелсенді тақта, жұмыс дәптері, қарындаштар, фишкалар.
Билингвалды компонент: бауырсақ – бауырсақ, құрт – курт, қымыз – кумыс, шұбат – шубат.
ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбер
Арайлап таң атты Алтын сәуле таратты.
Қайырлы таң, алтын күн!
Қайырлы таң, кең далам!
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді. – Сәлеметсіздер ме?!
Өткен «Асханада» тақырыпты қайталау. Суреттермен жұмыс. Педагог суреттерді көрсетеді, балалар атайды, сөйлем құрастырады. Асханада аспаз жұмыс істейді. Аспаз тамақ пісіреді. Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
2.Негізгі кезең
Балалар, әже бізге мына қоржынды беріп жіберіпті. Онда не бар екен? Дидактикалық ойын:«Ғажайып қоржын». Суреттермен жұмыс. Жаңа сөздермен таныстыру.
Мынау – бауырсақ.
– Мынау не?
– Мынау – бауырсақ (балалар жеке, хормен, жай, жылдам айтады).
– Бауырсақтың дәмі қандай?
Сақ-сақ – дәмді бауырсақ.
Сақ-сақ – жеймін бауырсақ.
– Мынау – құрт. Құ-ұ-ұрт, құрт. «Құрт» сөзін жеке-жеке айтып жаттығады. – Мынау не?
– Мынау – құрт.
– Мынау – қымыз. Мынау не?
– Мынау – қымыз.
– Қымыз өте дәмді.
– Қымыздың дәмі қандай?
– Қымыз өте дәмді.
– Мен қымыз ішемін. – Сен не ішесін?
– Мен қымыз ішемін.
– Мынау – шұбат. Шұ-ұ-ұ-бат.
– Мынау не?
– Мынау – шұбат.
– Шұбат өте дәмді.
– Шұбаттың дәмі қандай?
– Шұбат өте дәмді.
Балалар сөздерді және сөйлемдерді қайталайды.
– Құрт, қымыз сөздерінде бірінші дыбыс қандай? – «Қ» дыбысы.
Педагог дыбыстардың дұрыс дыбысталуын қадағалайды. Жұмысты айнамен жүргізеді.
Дыбыстық жаттығу.
Қ-қ-қ-қ – қққымыз — қымыз
Қ-қ-қ-қ – ққұрт — құрт
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық, Қолымызды созайық. Бойымызды жазайық, Алақанды соғайық. Бір отырып, бір тұрып, Біз тынығып алайық.
«Сиқырлы қаламмен» жұмыс: Тағамдар
Ойын: «Дұрыс ата». Тағамдарды атайды, қаламмен тексереді.
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
1.Ұлттық тағамдарды ата.
2. Суреттен ұлттық тағамдарды тап. Оларды үстел үстіне сызып көрсет. Сен не жедің? Не іштің?
Педагог жеке жұмыс жүргізеді. Балалар сөйлем құрайды.
Мен бауырсақ жедім. Мен қымыз іштім.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтау.
– Бүгін ең қызық қандай тапсырма болды? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер. Қуыршақтар балалармен қоштасады.