Білім беру салалары: Қатынас, денсаулық
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Тазалықты сүйеміз.
Мақсаты: заттың атын, қимылын білдіретін сөздердің мағынасын түсіну және ауызекі тілде қолдануды дағдыландыру.
Білімділік міндеті: тазалыққа байланысты сөздердің қазақша атауларын және осы сөздерді қатыстырып, сөйлем құрауға үйрету. Тақпақты жаттау жолдарын үйретіп, жатқа айта білу дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылық міндеті: жаңа сөздердегі қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелік міндеті: тазалыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: тазалық заттарын атайды, сөйлемдер құрады.
Түсінеді: жұмбақтарды, мақалды түсінеді.
Қолданады: қарапайым сұрақтарға жауап береді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, тазалық заттарының және дене мүшелердің суреттері, жұмыс дәптері, айна, қарындаштар.
Сөздік жұмыс: сүлгі, сабын, тарақ, айна, фишкалар.
Билингвалды компонент: Біз тазалықты сүйеміз. – Мы любим чистоту. сабын – мыло, тарақ – расческа, сүлгі – полотенце, жөке – мочалка, жуамыз – моем, сүртеміз – вытираем, тараймыз – расчесываем.
ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбер
Қол ұстасып, кәне, біз, Достасайық бәріміз. Қандай жақсы бір тұрып, Достарменен бір жүру.
Шығу үшін шымыр боп, Шынығамыз шаршамай. Бойымызға күш жинап,
Аламыз сосын тыныс жай!
Ғажайып сәт. Қуыршақтар – Сәуле мен Арман топқа келеді. Сәлемдесу. – Өткен тақырыпты қайталау. Ойын жаттығуы: «Не үшін керек?» Педагог суретті көрсетіп, олардың аттарын айтады және сұрақ қояды.
– Мынау – қол. Қол не үшін керек?
Балалар әр дұрыс жауап үшін бір фишкадан алады, ойын соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
Сәуле мен Арман тазалық заттарын алып келеді.
– Сәуле, не әкелдіңдер?
– Тазалық заттарын. Олар бізге таза жүру үшін керек.
2.Негізгі кезең
«Тазалық – денсаулық кепілі» мақалын балаларға түсіндіру.
Біздің денсаулығымыз мықты болу үшін тазалықты сақтауымыз керек.
Жаңа сөздермен таңыстыру.
– Тазалық сақтауға сабын, жөке, сүлгі, тарақ қолданамыз.
– Мынау – сабын.
– Мынау не?
– Мынау – сабын.
– Сабынмен қолымызды тазалап жуамыз. – Сабынмен не істейміз?
– Сабынмен қолымызды тазалап жуамыз.
– Мынау – жөке. – Мынау не?
– Мынау – жөке.
– Жөкемен дене мүшелерімізді жуамыз. – Жөкемен не істейміз?
– Жөкемен дене мүшелерімізді жуамыз. – Мынау – сүлгі.
– Мынау не?
– Мынау – сүлгі.
– Сүлгімен денемізді сүртеміз. – Сүлгімен не істейміз?
– Сүлгімен денемізді сүртеміз.
– Мынау – тарақ. – Мынау не?
– Мынау – тарақ.
– Тарақпен шашымызды тараймыз. – Тарақпен не істейміз?
– Тарақпен шашымызды тараймыз.
Балалар жаңа сөздерді, сөйлемдерді қайталайды.
Дыбыстық жаттығу (айнамен қайталау).
Қ-қ-қ-та-за-лық-ты сүй-е-мі-із — тазалықты сүйеміз.
Ү-ү-ү-ү- сү-үл-гі- сүлгі.
Тақпақ жаттау.
Сырттан келіп үнемі,
Сабынмен қол жуамын. Сүлгімен сүртемін,
Айнаға қараймын,
Шашымды тарақпен тараймын. Мен ұқыпты баламын.
Тақпақ мазмұны бойынша әңгіме жүргізіледі.
1. Тақпақ ұнады ма?
2. Таныс сөздерді ата. Олармен не істейді? Сергіту сәті.
Шынығамыз жастай біз,
Жаттығуды бастаймыз.
Бір, екі, үш, бір, екі, үші, Бойымызға жинап күш. Денелерің шынықсын, Саналарың тынықсын.
Жұмыс дәптерімен жұмыс:
1.Жұмбақтарды шеш. Жауаптарды суреттерден тауып, жұмбақтарға қос.
2. Заттарды ата. Олар не үшін керек? Сөйлем құра. Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
Дидактикалық ойын: «Сөйлемді аяқта» – Тазалықты……. (сүйеміз) .
– Сабын, жөкемен…… (денемізді жуамыз).
– Сүлгімен….. (денемізді сүртеміз).
– Тарақпен …. (шашымызды тараймыз).
3.Рефлексия.
Педагог қорытындылайды. Балаларды мадақтау.
– Сендерге не ұнады? Қызықты болды ма? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер. Қуыршақтар балалармен қоштасады.