Білім беру салалары: Қатынас, денсаулық Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Дене мүшелерінің атқаратын қызметі.
Мақсаты: дене мүшелерінің атқаратын қызметін айта алуға үйрету.
Білімділік міндеті: қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Тақпақты жатқа айтуға дағдыландыру. Сөздерді бір-бірімен байланыстырып, сөйлем құрай білу дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылық міндеті: жаңа сөздердегі қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға машықтандыру, тіл мәдениетін дамыту. Тілдік және артикуляциялық аппаратты дамыту.
Тәрбиелік міндеті: ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: дене мүшелерінің атқаратын қызметін ажыратып қазақша атайды, жаңа сөздердегі қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс қайталайды.
Түсінеді: сөздерді, қарапайым сұрақтарды түсінеді.
Қолданады: сөздер мен сөйлемдерді қолданады, сұрақтарға жауап береді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, ұлттық киімдерінің суреттері, қуыршақ, жұмыс дәптері, айна, қарындаштар, фишкалар.
Билингвалды компонент: дене мүшелері – части тела, сезім мүшелері – органы чувств, көру – видеть, тыныс алу – дышать, есту – слышать, ұстау – держать, сурет салу – рисовать, жазу – писать, жүгіру – бегать, жүру – ходить.
ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.
Сәлеметсіздер ме?!
Өткен «Ұлттық киім» тақырыпты қайталау. Қуыршақтар ұлттық киімдерінің суреттерін көрсетеді, балалар атайды. Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады. 2. Негізгі кезең
Дидактикалық ойын: «Не көріп тұрсың?» – Қуыршақтың дене мүшелерін атаймыз.
Мынау – басы. Мынау – қолы. Мынау – аяғы. Бұлар – дене мүшелері. Жаңа сөздермен таныстыру.
– Көз көру үшін керек. – Көз не үшін керек?
– Көз көру үшін керек.
– Құлақ не үшін керек?
– Құлақ есту үшін керек.
– Мұрын дем алу үшін керек. – Мұрын не үшін керек?
– Мұрын дем алу үшін керек.
– Қол ұстау үшін керек. – Қол не үшін керек?
– Қол ұстау үшін керек.
– Қол жазу үшін керек. – Қол не үшін керек?
– Қол жазу үшін керек.
– Қол сурет салу үшін керек. – Қол не үшін керек?
– Қол сурет салу үшін керек.
– Аяқ жүру үшін керек. – Аяқ не үшін керек?
– Аяқ жүру үшін керек.
– Аяқ жүгіру үшін керек. – Аяқ не үшін керек?
– Аяқ жүгіру үшін керек.
– Көз, құлақ, мұрын, қол – бұлар сезім мүшелері.
Балалар жаңа сөздерді, сөйлемдерді қайталайды.
Дыбыстық жаттығу (айнамен қайталау).
Көру – көзбен көру.
Тыныс алу – мұрынмен дем алу.
Есту – құлақпен есту.
Ұстау – қолмен ұстау.
Сергіту сәті. Педагог қимылмен айтып, балалар қайталайды. Жалғыз саусақ тіпті де, Ұстай алмас жіпті де. Екі саусақ бірікті, Ине қолға ілікті. Үш саусағым орамды, Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ, Қала салсақ, жол салсақ. Тақпақты жаттау.
Не үшін?
– Екі көзің не үшін керек?
– Жақсыларды көру үшін.
– Екі қолың не үшін керек?
– Елге көмек беру үшін.
– Құлақ деген не үшін керек? – Ақыл-кеңес тыңдау үшін.
(Қадыр Мырза Әли)
Жұмыс дәптерімен жұмыс:
1.Суреттерге қара. Дене және сезім мүшелерінің атқаратын қызметіне қарай сөйлем құра.
Педагог жеке жұмыс жүргізеді. Үлгі бойынша сөйлем құрастыру. Үлгі: Көзбен көреді. Дидактикалық ойын: «Мұрын, мұрын, мұрын….» Мұрын, мұрын, мұрын – бас.
Мұрын, мұрын, мұрын – қол.
Мұрын, мұрын, мұрын – аяқ.
Балаларды шатастырып, басқа дене мүшелерін көрсетуге болады.
3. Рефлексия.
Педагог қорытындылайды. Балаларды мадақтау.
– Сендерге не ұнады? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер. Балалар қуыршақтармен қоштасады.