Ұлттық киім

Білім беру салалары: Қатынас, әлеумет Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Ұлттық киім.
Мақсаты: ұлттық киімдермен таныстыру, олардың қазақша атауларын айтқызып, тілдерін жаттықтыру.
Білімділік міндеті: қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Жай сөйлемдер құра білу дағдыларын қалыптастыру. Дамытушылық міндеті: зейін қойып тыңдау, көру, таныс сөздерді таба білу секілді қабілеттерін дамыту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелік міндеті: ұлттық дәстүрлерді құрмет тұтуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: ұлттық киімдерді, сөйлемдерді қайталайды.
Түсінеді: әр ұлттың ұлттық киімдері болатынын
Қолданады: тақпақты ынта қойып тыңдап, таныс сөздерді табады.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, киіз үйдің макеті, демонстрациялық материалдар, ата және әже қуыршақтары, қима материал, жұмыс дәптері, айна, фишкалар.
Билингвалды компонент: қамзол – камзол, шапан – чапан, қалпақ – калпак, бөрік – борик, тақия – тюбетейка, мәсі – ичиги (обувь).

ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері
Достар, бері келіңдер, Қолдарыңды беріңдер. Шаттық толы шеңберге Қуанышпен еніңдер.
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.
– Сәлеметсіздер ме?!
– Қазір жылдың қай мезгілі?
– Қазір қай ай?
– Бүгін аптаның қай күні?
Өткен «Қысқы киім» тақырыпты қайталау.
Қима материалмен жұмыс. Педагог қысқы киімдерінің суреттерін көрсетеді, балалар атайды. Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады. 2.Негізгі кезең
Педагог: Бүгін біз ата мен әжеге қонаққа барамыз.
Киіз үйдің макеті, ұлттық киімдер (немесе суреттер) қолданылады.
Ата және әже қуыршақтары.Сәлемдеседі.
– Ата не киген? (Жейде, шалбар сөздерін естеріне түсіреді).
Педагог ұлттық киімдер атауымен таныстырады ( ұлттық киімдер немесе суреттер). Балалар педагогтен кейін жеке, хормен қайталап, сөздерді есте сақтауға, дұрыс айтуға жаттығады.
– Мынау – шапан. – Мынау не?
– Мынау – шапан.
– Мынау – көк шапан.
– Мынау қандай шапан?
– Мынау – көк шапан.
– Ата шапан киді. – Ата не киді?
– Ата шапан киді.
– Мынау – қалпақ.
– Мынау не?
– Мынау – қалпақ.
– Ата қалпақ киді.
– Ата не киді?
– Ата қалпақ киді.
– Мынау – бөрік.
– Мынау не?
– Мынау – бөрік.
– Мынау – тақия. – Мынау не?
– Мынау – тақия.
– Мынау – қамзол. – Мынау не?
– Мынау – қамзол.
– Әже қамзол киді.
– Әже не киді?
– Әже қамзол киді.
– Мынау – мәсі. – Мынау не?
– Мынау – мәсі.
– Ата мәсі киеді. – Ата не киеді?
– Ата мәсі киеді.
Жауапты жеке-жеке айтады.
– Шапан, қамзол, қалпақ, бөрік, тақия, мәсі – қазақ халқының ұлттық киімдері.
Сөздерді бекітуге арналған ойын: «Ата, көрсет, қайтала» (мультимедиа арқылы тексеру). Өткенді қайталауға, сөздерді бекітуге ойын «Менде, сенде…». Балалар алдарындағы суреттегі киімді атайды, көршісінде қандай киім екенін сұрайды. Мысалы: Менде шапан бар. Сенде не бар?
Балалар ата және әжемен коштасады. Сергіту сәті
Тоңса біздің қолымыз, Қолғап киіп аламыз. Сарт-сарт-сарт Шапалақты соғамыз. Тоңса біздің аяғымыз, Етік киіп аламыз.
Топ-топ-топ
Топылдатып билейміз. Тоңса біздің денеміз, Тонды киіп аламыз.
Зу-зу-зу етіп,
Шанаменен зулаймыз.
Шынығамыз жалықпай,
Коньки, шаңғы тебеміз.

Педагог тақпақ оқиды: «Киім – бұйым»

Бір дегенім – бөрік, Кисең береді көрік. Екі дегенім – етік, Киер сәнді етіп.
Үш дегенім – ішік, Теріден тігер пішіп.
Төрт дегенім – тымақ, Қыста кисең, жылы-ақ. Бес дегенім – байпақ, Іші жылы, жайпақ. Алты дегенім – алқа, Мойныңа тақ, қалқа.
Жеті дегенім – жейде, Көйлек деп жүр кейде.
Сегіз дегенім – сеңсең,
Жылысы тонның сенсең. Тоғыз дегенім – телпек, Болма, бала, тентек.
Он дегенім – оймақ,
Жүрме босқа ойнап.
– Қандай таныс сөздер бар? (Балалар таныс сөздерді атайды: бөрік, етік, жейде, тон). Жұмыс дәптерімен жұмыс.
1.Ұлттық киімді ата. Кім не киеді? Сызықпен қос. Сөйлем құра. Үлгі: Ата шапан киеді.
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.
– Сендерге қандай тапсырма ең қызықты болды? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер. Қуыршақтар балалармен қоштасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *