Білім беру салалары: Қатынас, әлеумет Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Менің киімдерім
Мақсаты: киімінің қазақша атауларын еске түсіру, жаңа атаулармен таныстыру;
Білімділік міндеті: сөздік қорларындағы сөздерді белсенді қолдана білуге жаттықтыру, Сөздерді бір-бірімен байланыстырып, сөйлем құрай білу дағдыларын жетілдіру. Киімдерін меншіктеп айта алуға үйрету. Киімдерді жекеше және көпше түрде айта алуға үйрету. Дамытушылық міндеті: сөздегі қазақ тіліне тән дыбыстарды ажырата алу дағдыларын дамыту. Артикуляциялық аппаратты дамыту.
Тәрбиелік міндеті: киімді ұқыпты, таза киюге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: киімдерін меншіктеп және жекеше және көпше түрде айтады.
Түсінеді: киім атауларын түсініп, дұрыс көрсетеді.
Қолданады: дыбыстарды, сөздерді дұрыс айтады,сұраққа қысқа сөйлеммен жауап береді. Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, қима материал, қуыршақ киімдері, жұмыс дәптері, фишкалар.
Билингвалды компонент: шұлық – носки, жемпір – вязаная кофта, жең – рукава, қысқа – короткий, ұзын – длинный.
ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбер
Қол ұстасып, кәне, біз Достасайық бәріміз. Қандай жақсы бір тұрып, Достарменен бір жүру.
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді. – Сәлеметсіздер ме?!
Өткен «Қысқы орманға саяхат» тақырып бойынша сөздерді естеріне түсіреді. Педагог құстарды атайды, балалар олардың суреттерін тақтаға іледі. Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
2.Негізгі кезең
Дидактикалық ойын: «Не артық?». Тақтадағы суреттерді атап, ондағы артық суретті табады. (Жануарлар және көйлек суреттері).
– Көйлек неге артық?
– Көйлек – киім.
– Сендерде қандай киім бар?
Қуыршақ киімдері арқылы жейде, шалбар сөздерін естеріне түсіру.
– Көйлек, шалбар, жейде – нелер?
– Көйлек – киім. Шалбар – киім. Көйлек, жейде, шалбар – киімдер. Мынау – ұзын жең жейде.
Мынау қандай жейде?
Мынау – ұзын жең жейде.
Мынау – қысқа жең көйлек.
Мынау қандай көйлек?
Мынау – қысқа жең көйлек.
Сөйлемдерді айтып жаттығады.
Жең, ұзын сөздерін дұрыс айтып жаттығу.
Ең-ең-жең. Ұұұзын жең.
Қа-қа-қысқа – қысқа жең.
Суреттермен жұмыс.
– Мынау – шұлық. Шұ-лық.
– Мынау не?
– Мынау – шұлық.
– Мынау – шұлықтар.
– Мынау нелер?
– Мынау – шұлықтар.
– Мынау – жемпір. Жем-пір.
– Мынау не?
– Мынау – жемпір.
– Мынау – жемпірлер. – Мынау нелер?
– Мынау – жемпірлер. – Жемпір – киім – Жемпір не?
– Жемпір – киім.
– Сен не кидің? (Балалар өз киімдерін атайды).
– Сенің көйлегің қандай?
– Менің көйлегім қызыл (ұзын жеңді, әдемі). Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады).
Ұ-ұ-ұ-ұ- шұұ-лық – шұлық
І-і-і-і- жем-жем-піір- жемпір
Қима материалдар арқылы меншіктеп айтып жаттығу.
Менің жейдем ақ. Менің жемпірім көк. т.с.с. Сергіту сәті.
Жаттығу жасаймын
1 – 2 – 3, 1 – 2 – 3,
Сымбатты боламын. Айнаға қараймын Шашымды тараймын. Әдемі көйлек киемін Таза болып жүремін.
Қима суреттермен жұмыс. Дидактикалық ойын: «Қайтала, көрсет».
Педагог киімдердің атауларын жекеше, көпше түрде және олардың түр-түстерін атайды.
Балалар сөздерді қайталап, сөзге сәйкес суретті көрсетеді.
Мысалы: көйлек, көйлектер, сары көйлек, қысқа жең жейде.
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
1.Киімдерді ата. Атауында қазақ тіліне тән Ұ дыбысы бар киімдерді қызыл, І дыбысы бар киімдерді көк қарындаштармен белгіле.
2. Киімдерді өз киіміңе сәйкес боя. Сенің киіміңнің түсі қандай?
Менің жемпірім сары. Менің шалбарым көк.
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.
– Сендерге қандай тапсырма ең қызықты болды? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер. Қуыршақтар балалармен қоштасады.