Білім беру салалары: Қатынас, таным Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Қысқы орманға саяхат
Мақсаты: ормандағы жануарлар мен құстардың атауларын дұрыс айта алу, білімдерін бекіту.
Білімділік міндеті: сөздік қорларындағы сөздерді белсенді қолдана білуге жаттықтыру, қарапайым сұрақ қойып, оларға жай сөйлеммен жауап беруді дағдыландыру. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық міндеті: қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айту, ажырата білу дағдысын дамыту.
Тәрбиелік міндеті: табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: сөздерді дұрыс айтады, сөйлемдер құрастырады.
Түсінеді: сұрақтарды, жаңа сөздерді түсінеді.
Қолданады: сұраққа жауап бергенде өздері білетін сөздерді қолданады.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, демонстрационный материал немесе «Қысқы орман» слайды, интербелсенді тақта, қима материал, үнтаспа, жұмыс дәптері, фишкалар. Билингвалды компонент: орман – лес, тоқылдақ – дятел, құстар – птицы.
ҰОҚ барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді. – Сәлеметсіздер ме?!
Өткен «Жаңа жыл құтты болсын!» тақырыпты қайталау. Ойын «Аудармашы».
Педагог сөздерді қазақ тілінде айтады, балалар аударады.
Аязата – Дед Мороз, Жаңа Жыл – Новый Год, Ақшақар – Снегурочка, сыйлықтар – подарки, шырша – елка.
Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, ойын соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
2.Негізгі кезең
Ойын: «Қысқы орманға саяхат». Слайд «Қысқы орман».
Қазақстан орманында қандай жануарлар бар? Балалар жануарларды атайды.
Балалар көздерін жұмып орманда елестетеді. Үнтаспадан орман дыбысы естіледі. – Балалар, орманда не көрдіңдер?
Өз ойларын айтады.
– Мен қоян көрдім. Мен түлкі көрдім. …
– Мынау ненің дыбысы? (Үнтаспадан құстардың, тоқылдақтың дыбысы естіледі).
– Құстардың үні.
– Сендер қандай құстарды білесіңдер? (Торғай, қарға, сауысқан).
Суретпен жұмыс. Мынау – тоқылдақ.
– Мынау не?
– Мынау – тоқылдақ. Жеке, хормен айтып жаттығады.
– Тоқылдақ – орман құсы. – Тоқылдақ қандай құс?
– Тоқылдақ – орман құсы.
– Балалар, қыста орманда қандай жануарларды көрмейміз? (Аю, кірпі).
– Иә. Қысқы орманда аю, кірпі жоқ. Олар қыста ұйықтайды. Балалар сөздерді, сөйлемдерді қайталайды.
Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады) Қ-қ-қ -тоқ-тоқ – тоқылдақ — то-қыл-дақ.
Сергіту сәті
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды. Ойлы-қырлы жерлерден Ытқып-ытқып жүгірді. Қарап еді артына, Қиығын салып көзінің. Келе жатқан томпаңдап Көжегі екен өзінің.
Ойын «Жалғастыр». Педагогтің қимылына, ым-ишарасына қарап, сөйлемді аяқтайды.
Мысалы: Аю …(үлкен), түлкі …(кішкене). Құстар …(ұшады), қасқыр … (жүгіреді).
– Жанурларға тиісуге бола ма?
– Жоқ, болмайды. Жануарларды қорғау керек.
Мақал-мәтелмен таныстыру, мағынасын түсіндіру. Табиғат – біздің анамыз, Біз – табиғатқа панамыз.
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
1. Суретке қара. Қай жыл мезгілі бейнеленген? Жануарларды ата. Тиін қайда отыр?
2. Суретке қара. Тоқылдақты тап. Белгіле.
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтау.
– Қандай тапсырма ең қызықты болды? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер. Қуыршақтар балалармен қоштасады.