Жаңа Жыл құтты болсын!

Білім беру салалары: Қатынас, әлеумет Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Жаңа Жыл құтты болсын!
Мақсаты: Жаңа Жыл мерекесіне байланысты сөздерді қазақша айту және түсіну дағдыларын қалыптастыру.
Білімділік міндеті: қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Педагогтің көрсеткен үлгісі бойынша шағын мәтін құрастыра білу дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылық міндеті: сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру. Сөздерді байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру. Артикуляциялық аппаратты, яғни сөзді анық, дұрыс айта білу дағдыларын дамытуды жалғастыру.
Тәрбиелік міндеті: Жаңа Жыл мерекесіне деген қызығушылықтарын тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: мерекеге қатысты сөздерді қайталайды.
Түсінеді: жаңа жыл мерекесінің ерекшелігін түсінеді.
Қолданады: қойылған сұрақты түсінеді, жауап береді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, сандық , Сиқырлы қалам постері, қима суреттер, суретті сөздіктер, жұмыс дәптері, постер, айна, фишкалар. Билингвалды компонент: Аязата – Дед Мороз, Жаңа Жыл – Новый Год, Ақшақар – Снегурочка, сыйлықтар – подарки, шырша – елка.

ҰОҚ барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі
Ғажайып сәт. Қуыршақтар – Сәуле мен Арман әдемі сандықпен кіреді.
– Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Ойын ойнауға шақырады.
Өткен тақырыпты қайталау, «Саяхатшы» ертегісіндегі кейіпкерлерді атауды ұсынады.
Қоян нені жоғалтты? Сәбізді нелер тауып алады? Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады. 2. Негізгі кезең
Жаңа сөздермен таныстыру. Сиқырлы қалам постерімен жұмыс. Балалармен бірге суреттер арқылы сөздерден сөйлем құрау.
Қыста Жаңа жыл мерекесі болады. Бұл мерекені отбасымызбен, достарымызбен бірге тойлаймыз.
– Суретте Аязата, Ақшақар және балалар бейнеленген. – Суретте кімдерді көріп тұрсыңдар?
– Суретте Аязата, Ақшақар және балалар бейнеленген.
– Мынау – Ақшақар. – Мынау кім?
– Мынау – Ақшақар.
– Мынау – сыйлықтар. – Мынау нелер?
– Мынау – сыйлықтар.
– Ақшақар балаларға сыйлық таратып жатыр. – Ақшақар балаларға не таратып жатыр?
– Ақшақар балаларға сыйлық таратып жатыр.
– Мынау – Аязата. – Мынау кім?
– Мынау – Аязата.
– Аязата балалардың тақпақтарын тыңдап отыр. – Аязата не істеп отыр?
– Аязата балалардың тақпақтарын тыңдап отыр.
– Балалар көңілді. Мерекеде ән айтып, тақпақ оқиды, ойын ойнайды. – Балалардың көңіл күйлері қандай?
– Балалар көңілді. Мерекеде ән айтып, тақпақ оқиды, ойын ойнайды.
– Мынау – шырша. – Мынау не?
– Мынау – шырша.
Балалар шыршаны айналып ән айтады. Балалар не істейді?
Балалар шыршаны айналып ән айтады.
Балалар сұрақтарға жауап беру барысында жаңа сөздерді жеке, хормен қайталау. Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады). Қ-қ-қ-қ -Ақ-қ-ша-қ-қар- Ақшақар Қ-қ-қ-қ- сый-лық-қ- сыйлық.
Педагог шағын мәтін құрап айтады. Қыста Жаңа жыл мерекесі болады. Мерекеге Аязата мен Ақшақар келеді. Аязата мен Ақшақар балаларға сыйлықтар әкеледі. Балалар мерекеде ән айтып, тақпақ оқиды, ойын ойнайды.
Балалар мәтінді қайталайды.
Сергіту сәті: Педагог ортаға шыршаны қойып, балалар шыршаны айнала ән айтады.
«Жаңа жыл» әні.
Жаңа жыл, жаңа жыл!
Жаңа жылда жаңа жыр. Жасыл шырша жанында Жадырап бар бала жүр.

Тамаша, тамаша!
Шыршамыз тұр жараса. Басында әсем жұлдызы, Көз тоймайды қараса.

Көрікті, бөрікті,
Аязата келіпті,
Тақпақ айтқан балаға,
Сыйлықтарын беріпті.
А. Асылбеков
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
1. Суретке қара. Қандай мереке бейнеленген? Мерекеге кімдер келді? Әңгіме құра.
2. Шыршаны безендіреміз. Ойыншықтардың суретін сал.
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
Дидактикалық ойын: «Дұрыс па, бұрыс па?»
Ойынның мақсаты: сөздерді, сөйлемдерді түсініп, меңгерту.
Ойынның шарты: педагог сөйлем айтады, балалар оның дұрыстығын анықтайды, дұрыс болса: «Дұрыс», – деп, дұрыс емес болса: «Бұрыс», – деп айтады. – Қыста жаңбыр жауады.
– Бұрыс.
– Жаңа жыл мерекесі жазда болады.
– Бұрыс.
– Қар сары.
– Бұрыс. – Қыста суық, аяз болады. – Дұрыс.
– Қыста біз шаңғы тебеміз.
– Дұрыс.
– Сәбіз ағашта өседі. – Бұрыс.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтау.
– Біз бүгін не істедік? Сендерге не ұнады? Жұмыс дәптерінде сендер өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер. Қуыршақтар балалармен қоштасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *