«Қолғап» ертегісі

Білім беру саласы: Қатынас Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: «Қолғап» ертегісі.
Мақсаты: ертегіні сахналау, диалогке қатысуға үйрету.
Білімділік міндеті: сөз тіркестерін, сөйлемдер құрауға, сұрақтарға толық жауап беруге үйрету, ертегі кейіпкерлерінің сөздерін мәнерлеп, дауыс ырғағын келтіріп айтуды үйрету. Дамытушылық міндеті: есте сақтау қабілеттерін, балалардың байланыстырып, мәнерлеп сөйлеуін дамыту, сөздік қорларын дамыту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелік міндеті: сыйластыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: ертегіні сахналайды.
Түсінеді: ертегінін мазмұнын түсінеді.
Қолданады: ертегі кейіпкерлерінің сөздерін мәнерлеп айтады, сұрақтарға жауап береді. Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, «Қолғап» ертегісі, қыс мезгілі туралы слайд (интербелсенді тақтада), ертегіні бейнелеген сурет, кейіпкерлердің бетперделері, жұмыс дәптері, фишкалар.
Билингвалды компонент: ертегі – сказка, қолғап – варежки, тышқан – мышь, бақа – лягушка.

ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбер
Аспан болсын көгілдір,
Жайнай берсін бұл өмір. Ақ мамық қар жауып, Біз аққала жасаймыз.
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.
Қима материалмен жұмыс. Суреттер бойынша «Қыс қызығы» тақырыпты қайталау. Педагог суреттерді көрсетеді, балалар атайды, сөйлем құрастырады. Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
2.Негізгі кезең
Педагог: Балалар, қандай ертегі білесіңдер? Қандай ертегі ұнайды?
Бүгін сендерге қуыршақтар – Сәуле мен Арман «Қолғап» ертегісін сыйлық ретінде алып келді.
Педагог суреттің көмегімен «Қолғап» ертегісін балаларға айтып береді.
– Ертегі ұнады ма?
– Ертегіде кімдер бар? – Мынау – қолғап.
– Мынау не? (Қолғап). – Бірінші кім келді? (Тышқан) – Тышқан қандай?
– Тышқан кішкентай. – Екінші? (Бақа) – Бақа не деді?
– Бақа не істейді?
– Тышқан не деді? – Соңғы кім келді? (Аю) – Барлығы неше болды? (6) – Аю қандай?
– Аю үлкен.
– Аю қалай жүреді?
Сұрақтар беру арқылы кейіпкерлер сөзін мәнерлеп қайталату арқылы тілдерін жетілдіріледі.
Сергіту сәті.
Боран соғар оң жақтан, Боран соғар сол жақтан. Қар лақтырып ойнасақ,
Су өтер мына қолғаптан.
Балаларға кейіпкерлердің бетперделерін таңдап ойнауды ұсынады.
Ертегіні сахналау.
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
1.Суретке қара. Ертегідегі кейіпкерлерді ата. Қай жануардан кейін қайсысы келді? Цифрмен көрсет. Бірінші тышқан келді.
2.Сыңарын тап. Сызықпен қос.
Педагог жеке жұмыс жүргізеді. 3. Рефлексия.
Педагог қорытындылайды. Балаларды мадақтау.
– Ертегі сендерге ұнады ма?
Жұмыс дәптерінде сендер өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайлик арқылы белгілейсіңдер. Қуыршақтармен қоштасамыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *