Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ

№27
Білім беру салалары: Қатынас, әлеумет
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ, жаңылтпаш» ойыны.
Мақсаты: алған білімдерін тиянақтау.
Білімділік міндеті: сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру, мақал-мәтел, жұмбақ жаттау дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық міндеті: қазақ тіліндегі сөздерді дұрыс айта білу және оларды қолдана білу дағдыларын дамыту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айту, ауызекі сөйлеу тілдерін жетілдіру.
Тәрбиелік міндеті: жаңаны білуге деген құштарлықтарын арттыру және қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: тапсырмаларды орындайды, сөздерді қайталайды.
Түсінеді: мақал-мәтелді, жұмбақтарды, жаңылпаштарды түсінеді.
Қолданады: қарапайым сұрақтарға жауап бере алады.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, слайд: «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ, жаңылтпаш», жұмыс дәптері.
Сөздік жұмыс: мың бір мақал, жүз бір жұмбақ, жаңылтпаш.
Билингвалды компонент: мақал-мәтел – пословица, жұмбақ – загадка, жаңылтпаш – скороговорка.

ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.
Өткен «Еліміздің астанасы – Нұр-Сұлтан» тақырыпты қайталау.
Ойын: «Жалғастыр». Сөздерді, сөйлемдерді бекітіп, қайталау.
Қа…(қала)
Кө… (көше)
Та… (таза)
Нұр-Сұлтан – жаңа… (Нұр-Сұлтан – жаңа қала.)
Нұр-Сұлтан – … ( Нұр-Сұлтан – таза қала. Нұр-Сұлтан – әдемі қала.)
2.Негізгі кезең
Қуыршақтар: Бүгін сендермен «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» ойын ойнаймыз.
Әрбір жауапқа асық беріледі, көп асық жинаған бала жеңімпаз аталады.
І айналым: Педагогтің мақалын жалғастырады.
Отан – оттан да … ( ыстық)
Жақсы – … (өнеге)
Отан … т.б
ІІ айналым: педагог жұмбақ жасырады.
Өскен жері бау-бақша,
Күрең қызыл шіркін-ай,
Жидектің аты – … (құлпынай)
Астық пісіп, орақ түсіп, Қырман дәнге толады.
Бөбектерім, айтыңдаршы, Бұл қай кезде болады? (Күзде).

Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы.
Қыста қардан туатын,
Тауып көрші, сен оны. (Аққала)
Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрады.
Керіліп, созылып,
Беті-қолын жуады.
Бұл не? (Мысық) т.б.

Сергіту сәті
Көп отырып, шаршадық, Қозғалуды аңсадық. Билегіміз келеді, Әдемілеп ән салып.
Би: «Қуыр-қуыр Қуырмаш»
ІІІ айналым: Жаңылтпаштарды қайталап айту арқылы жарысу. Педагог жаңылтпаштарды айтады, балалар жай, жылдам қайталайды.
Доп теп, Дөп теп.
Жағажайды жағалай, Жүгіреді Қамажай.

Пай-пай-пай, Жайылып жүр тай.
Ай-ай-ай,
Ұшып кетті торғай.

Үш кіші ішік піштім, Бес кіші ішік піштім,
Неше кіші ішік піштім?
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
1.Суреттерді толықтырып аяқта. Бұл – не? Ата. Олар туралы жұмбақтар құра.
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды. Асықтар саналып, жеңімпаз анықталады. Барлық балаларға ойынға қатысқандары үшін диплом беріледі.
– Бүгін біз не істедік? Сендерге ұнады ма? Не ұнады? Жұмыс дәптерінде сендер өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер. Қуыршақтарға рақмет айтып, қоштасамыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *