Мемлекттік Рәміздер. Мемлекеттік Елтаңба

№25
Білім беру салалары: Қатынас, әлеумет Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Мемлекттік Рәміздер. Мемлекеттік Елтаңба.
Мақсаты: Мемлекеттік Рәміздердің қазақша атын үйрету, сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Білімділік міндеті: Мемлекеттік Елтаңбаны сипаттай білу үйрету, тақпақты жаттау. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Педагогтің көрсеткен үлгісі бойынша шағын мәтін құрастыра білу дағдыларын жетілдіру. Дамытушылық міндеті: қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айту, ауызекі сөйлеу тілдерін жетілдіру.
Тәрбиелік міндеті: Отанға деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: Мемлекеттік Елтаңбаны сипаттайды, тақпақты жаттайды. Түсінеді: тақпақтың мағынасын, сұрақтарды түсінеді.
Қолданады: Қазақстан Республикасының рәміздерін айтады, сұрақтарға жауап береді. Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, постер, суретті сөздіктер, қима материалдар, жұмыс дәптері, айна.
Билингвалды компонент: елтаңба – герб, қанатты пырақ – крылатый конь, жұлдыз – звезда, күн сәулесіндей – как луч солнца, шаңырақты айнала – вокруг шанырака.

ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбер
Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты.
Жарқылдайды қаламыз, Жарқылдайды даламыз.
Қайырлы күн!
Күніміз сәтті болсын!
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді. – Сәлеметсіздер ме?!
Отан жайлы слайдтар арқылы өткен тақырыпты қайталау.
Мемлекетіміздің рәміздерін ата? (Мемлекетіміздің рәміздері: гимн, ту, елтаңба).
Мемлекеттік Туда не бейнеленген? (Қыран, күн, ою-өрнек бейнеленген).
Мемлекеттік Тудың авторы кім? (Мемлекеттің Тудың авторы – Шәкен Ниязбеков). 2.Негізгі кезең
Постермен жұмыс.
Педагог шағын мәтінді оқиды. Мынау – Мемлекеттік Елтаңба. Елтаңбамызда шаңырақ, күн шуақтары, тұлпар, жұлдыз бейнеленген. Төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар.
Мемлекеттік Елтаңбаның авторы – Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
– Мемлекеттік Елтаңбада не бейнеленген?
– Мемлекеттік Елтаңбада шаңырақ, күн шуақтары, тұлпар, жұлдыз бейнеленген.
– Мемлекеттік Елтаңбаның авторы кім?
– Мемлекеттің Елтаңбаның авторы – Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов. Балалар жаңа сөздерді және сөйлемдерді, мәтінді қайталайды.
Сергіту сәті
Достығымыз жарасқан, Ақпыз, қара, сарымыз. Қара жер мен көк аспан, Ортақ дала тауымыз.
Жұмыс дәптерімен жұмыс:
1. «Мнемо кестесі» бойынша Мемлекеттік Елтаңбаны сипатта, сөйлем құра.
– Елтаңбада шаңырақ бейнеленген. – Елтаңбада тұлпар бейнеленген.
– Елтаңбада жұлдыз бейнеленген.
2.Тақпақ жатта.
Мемлекеттік Елтаңба
Елтаңбамыз – ел беті,
Төрге ілінер көрнекі. Анам таққан шолпыдай Дөп-дөңгелек, өрнекті.
Ө. Ақыпбекұлы
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
Дидактикалық ойын: «Жалғастыр»
Ойынның шарты: ойынды бастаушы сөздің бірінші буынын айтады, басқа балалар жалғастырып, сөз құрайды. Сөйлем құрауға жаттықтыру үшін бірінші сөзі айтылады. Бұл ойынды екі топ болып ойнауға да болады.
3.Рефлексия.
Педагог қорытындылайды. Балаларды мадақтайды.
– Біз бүгін не істедік? Сендерге не ұнады? Жұмыс дәптерінде сендер өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер. Қуыршақтар балалармен қоштасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *