№ 23
Білім беру салалары: Қатынас, әлеумет Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: «Зерде» интеллектуалды ойыны.
Мақсаты: ойын арқылы ойлау зейінін, білімдерін бекіту.
Білімділік міндеті: меңгерген сөздерді ауызекі сөйлеу тілінде қолдануға талпындыру. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Дамытушылық міндеті: ойлау қабілеттерін дамыту, сұраққа толық жауап беруге машықтандыру. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелік міндеті: білімпаздыққа, шапшаң ойлауға тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: тапсырмаларды орындайды, таныс сөздерді айтады.
Түсінеді: сөздерді сөз тіркестерін түсінеді.
Қолданады: сұраққа сөйлеммен жауап береді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар Сәуле мен Арман, қима суреттер, жұмыс дәптері.
Билингвалды компонент:«Зерде» интеллектуалды ойыны – интеллектуальная игра «Зерде».
ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері
Шарлау үшін әлемді, Қуат керек әуелі. Жігер керек, ой керек, Ерлік керек еп керек. Ол үшін ең керегі Шынықтыру денені.
Д. Қанатбаев
2.Негізгі кезең
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді. – Сәлеметсіздер ме?!
Бәрін «Зерде» интеллектуалды ойын ойнауға шақырады.
І кезең: «Таныстыру».
Балалар өздерін таныстырады. (Менің атым – … . Мен бес жастамын. Мен балабақшаға барамын).
ІІ кезең: «Білгенге – маржан». Бұл кезеңнің шарты сұрақтарға жылдам тез жауап беру керек.
– Мамандық иелерін ата?
– Біздің Отанымыз қалай аталады?
– Бөлмеде не бар?
– Сыпайы сөздерді ата.
– Таңертең не істейміз?
– Апта күндерін ата. т.б
ІІІ-кезең:«Кім тапқыр?». Бұл кезеңнің шарты әр сөздің тек аудармасын айту керек.
Моя Родина – Менің Отаным
квартира –пәтер комната– бөлме
коридор – дәліз кухня – асүй спасибо – рақмет продавец – сатушы
строитель – құрылысшы врач – дәрігер т.б
Балалар әр айтқан сөздері үшін фишка алады. Ойын соңында фишкалар саналып, ең көп фишка жинаған бала жеңімпаз аталады.
Сергіту сәті
Еркін ұста денеңді, Тарсылдатпай еденді. Орнымыздан тұрып ап, Жүгірейік бір уақ.
Бір, екі, үш, бір, екі, үш.
Бойға жинап күш.
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
1.Әр қатардағы артық затты тауып ата. Қорша. Өз таңдауыңды түсіндір.
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтау, жігерлендіру. Барлық балаларға қатысқандары үшін, диплом беріледі.
– Жұмыс дәптерінде сендер өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер. Қуыршақтар балалармен қоштасады.