№15
Білім беру салалары: Қатынас, әлеумет Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Менің отбасым
Мақсаты: сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру.
Білімділік міндеті: отбасы мүшелерінің атын қазақша айтуға, сөз тіркестерін дұрыс қолдануға үйрету, тақпақ, мақал-мәтел жаттау. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық міндеті: қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру, байланыстырып сөйлеуді дамыту. Тілдік және артикуляциялық аппаратты дамыту.
Тәрбиелік міндеті: үлкенге құрмет көрсете білуге тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: отбасы мүшелерін ажыратып, сөз тіркестерін дұрыс қолданып, байланыстырып сөйлейді, тақпақ жаттайды.
Түсінеді: үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету керектігін түсінеді.
Қолданады: таныс сөздерді күнделікті өмірде қолданады, мақал-мәтел айтады. Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, отбасымен түскен суреттер, фотоальбом, қима материалдар, жұмыс дәптері, айна, қарындаш.
Билингвалды компонент: аға – старший брат, іні – младший брат, әпке – старшая сестра, сіңлі, қарындас – младшая сестра.
ҰОҚ барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбер.
– Балалар, бір-біріңе аналарың еркелетіп атайтын аттарыңды айтыңдар.
Өткен тақырыпты қайталау. Сөздік ойын: «Мен бастаймын, сен қошта».
Педагог апта күндерін қайталауды ұсынады.
Апта күндері.
Апта деген атайдың Жеті бірдей ұлы бар.
Біріншісі – дүйсенбі,
Екіншісі – сейсенбі,
Үшіншісі – сәрсенбі,
Төртіншісі – бейсенбі,
Бесіншісі – жұма,
Алтыншысы – сенбі, Жетіншісі – жексенбі.
– Бүгін аптаның қай күні?
– Біріншісі қай күн?
Жетіншісі қай күн?
2. Негізгі кезең
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.
– Сәлеметсіздер ме?!
Қуыршақтар хат алып келеді.
Педагог: Қараңдаршы, бізге хат келіпті (ішінде алдын ала салынған балалардың атааналарының суреті).
– Қандай керемет, мына суретте кім бар?
Бала отбасы мүшелерінің фотосуреттерін тауып, олар туралы әңгімелейді.
Жаңа сөздермен таныстыру.
– Аға – старший брат. А-а – аға. Мынау кім?
– Мынау – аға.
– Әпке – старшая сестра. Ә-ә – әпке. Мынау кім?
– Мынау – әпке.
– Іні – младший брат. Мынау кім?
– Мынау – іні.
– Сіңлі – младшая сестра сестры. Мынау кім?
– Сіңлі, сің-лі.
– Қарындас – младшая сестра брата.
– Қарындас, қа-рын-дас.
– Мынау кім?
– Мынау – қарындас.
Педагог балаларды менің есімдігімен таныстырады.
Өзі айтады: Менің қарындасым. Менің сіңлім. – Қарындасың бар ма?
– Сіңлің бар ма?
– Менің сіңлім/қарындасым бар.
– Сенің ағаң бар ма?
– Менің ағам бар.
– Сенің әпкең бар ма?
– Менің әпкем бар.
– Сенің отбасыңда неше адам бар?
Балалар сөздерді, сөйлемдерді жеке және хормен қайталайды.
Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады).
Ә-ә-ә – әже Ә-ә-ә – әке
І-і-і- ің-ің – сің-лі.
Тақпақ жаттау. Педагог отбасы мүшелерін қайталап, тақпақты бірге қимылмен жасап, жаттауды ұсынады.
Бір үйде біз нешеуміз?
Кел, санайық екеуміз,
Басбармақ – әкем,
Балаң үйрек – анам,
Ортан терек – ағам,
Шылдыр шүмек – мен,
Кішкентай бөбек – сен.
Бір үйде біз нешеуміз? Бір үйде біз бесеуміз.
Сергіту сәті. Дөңгеленіп тұрамыз, Керегені құрамыз.
Уықтарша иіліп, Шаңырақты көтеріп, Қазақ үйді құрамыз.
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
1. Суретті сипатта. Отбасы мүшелері не істейді? Өз отбасың туралы әңгіме құра. 2. Мақал-мәтілдерді жаттап ал.
Отан отбасынан басталады.
Баланың бас ұстазы – ата-ана.
Педагог жеке жұмыс жүргізеді. Мақал-мәтілдердің мазмұнын түсіндіреді. Балалар қайталайды.
3.Рефлексия.
Педагог қорытындылайды. Балаларды мадақтайды.
– Сендерге не ұнады? Жұмыс дәптерінде сендер өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер. Қуыршақтар балалармен қоштасады.