№11
Білім беру салалары: Қатынас, таным
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Жидектер.
Мақсаты: сөздік қорларын жидектердің атымен толықтыру.
Білімділік міндеті: қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
Сөздерді байланыстырып сөйлемдер құрауды дағдыландыру. 2-3 сөйлеммен затты сипаттай білу дағдыларын дамыту. Диалогке қатысуға үйрету.
Дамытушылық міндеті: қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Сұраққа толық жауап бере алу дағдыларын және артикуляциялық аппаратты дамыту.
Тәрбиелік міндеті: табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: жаңа сөздердегі қазақ тіліне тән дыбыстарды айтады, сөздерді сөйлемдерде байланыстырады, диалогке қатысады.
Түсінеді: қарапайым сұрақтарды түсінеді.
Қолданады: жаңа сөздерін сөйлем құруда қолданады.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, екі себет, көгөністер, жемістер мен жидектер муляждары, қима материалдар, жұмыс дәптері, айна.
Билингвалды компонент: жидектер – ягоды, қарақат – смородина, құлпынай – клубника, таңқурай – малина.
ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Ғажайып сәт. Қуыршақтар – Сәуле мен Арман себетпен көгөністер мен жемістер алып кіреді.
Балалармен «Кім жылдам?» ойынын ойнайды. Екі себетке көгөністер мен жемістерді бөліп салу, атап және сипаттау.
2.Негізгі кезең
Ойын: «Дұрыс па, бұрыс па?».
Ойынның мақсаты: зейін қойып тыңдауға, сөйлемді дұрыс құруға жаттықтыру.
Ойынның шарты: сөйлемді тыңдап, қатесін түзету.
– Алма, алмұрт, өрік – көгөніс.
– Дұрыс емес, алма, алмұрт, өрік – жеміс. т.б
Дидактикалық ойын: «Күз сыйы». Себетте жемістер, көгөністер және жидектер бар. Педагог жемістер мен көгөністерді бір-бірлеп алып қайталау, жидектермен таныстырады.
– Мынау қандай жеміс?
Ол – өрік. Өрік дәмді.
Мынау қандай көгөніс?
Ол – қияр. Қиярда пайдалы дәрумендер көп. т.б Мынау – қарақат.
Мынау не?
Мынау – қарақат.
Қарақат дәмді, пайдалы. Қарақат қандай?
Қарақат дәмді, пайдалы.
Қарақат кішкентай, түсі қара. Қарақат қандай?
– Қарақат кішкентай, түсі қара.
– Мынау – құлпынай, қ-құ-ұ-л-пы-най.
– Мынау не?
– Мынау – құлпынай.
– Құлпынай дәмді, пайдалы. – Құлпынай қандай?
– Құлпынай дәмді, пайдалы.
– Мынау – таңқурай.
– Мынау не?
– Мынау – таңқурай.
– Таңқурай дәмді, пайдалы. – Таңқурай қандай?
– Таңқурай дәмді, пайдалы.
– Мыналар – жи-дек-тер. Жидектер дәмді, пайдалы.
Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады).
Қ- қ-қ- қа-ра-қ-қат. Ұ-ұ-ұ- құ-ұ-л-пы-най Ң-ң-ң-таң-ң-қу-рай.
«Дүкен» ойыны. Балалармен қима материалдарды қолданып, сұрақ-жауап әдісі арқылы диалог құру. Жидектер, жемістер, көгөністердің қазақша атауын қайталау, есте сақтау.
Санамақпен сатушыны таңдайды.
Бала дүкенге келеді.
– Сәлеметсіз бе!
– Сәлеметсіз бе!
– Маған қияр қарақат беріңізші.
– Алыңыз.
– Рақмет. Сау болыңыз.
Ойынды күрделендіруге болады. Бала көгөністі, жемісті, жидекті сипаттайды. Сатушы оның қандай көгөніс, жеміс, жидек екенін табады.
Ойын жаттығуы: «Бір сөзбен айт»
– Таңқурай, қарақат, құлпынай бір сөзбен қалай аталады?
– Жидектер.
– Алма, өрік, құрма бір сөзбен қалай аталады?
– Жемістер.
– Қияр, қызанақ, сәбіз, пияз бір сөзбен қалай аталады? – Көгөністер.
Сергіту сәті
Бұлт қабағын түйіп ап, Бүркеп алды аспанды.
Тырс-тырс тырсылдап,
Жаңбыр жауа бастады. Күнге қолды созамыз, Күннен жылу аламыз.
Бойымызға таратып, Біз көңілді боламыз.
Сөздік ойын: «Мен қай жидекті көрсеттім?». Педагог себеттен жидектерді алып көрсетеді, балалар атын атайды.
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
1. Жидектерді тап және ата. Қызыл түспен белгіле.
2. Жұмбақты жаттап ал.
Жапырақты тасалап, Өскен жері – бау-бақша,
Күрең қызыл, шіркін-ай, Жидектің аты – … (құлпынай) Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
3. Рефлексия.
Педагог қорытындылайды. Балаларды мадақтайды.
– Қандай тапсырма ең қызықты болды? Жұмыс дәптерінде сендер өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер. Қуыршақтар балалармен қоштасады.