Алтын күз

№8
Білім беру салалары: Қатынас, таным Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Алтын күз.
Мақсаты: игерген сөздерін қолданып, шағын мәтін құру дағдыларын дамыту.
Білімділік міндеті: күз мезгілінің ерекшеліктерін қазақша айтуға үйрету. Қазақ тілінде сөздер мен сөйлемдерді түсінуді және қолдануды үйрету. Жаңылтпашты жатқа және жылдам айта білуге үйрету.
Дамытушылық міндеті: қарапайым сұрақтарға жай сөйлеммен жауап беру, сөздік қорларын дамыту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелік міндеті: табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: күз мезгілі, күз айларын, шағын мәтінді, жаңылтпашты қайталайды.
Түсінеді: күз мезгілінің ерекшелігін.
Қолданады: қарапайым сұрақтарға жауап береді.
Алдын ала орындалатын жұмыстар: балалармен серуен кезінде бақылау жүргізуге қатысу. Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, демонстрациялық материалдар, қима материалдар, жұмыс дәптері, айна, фишкалар.
Билингвалды компонент: күз айлары – осенние месяцы, қыргүйек – сентябрь, қазан – октябрь, қараша – ноябрь, алтын күз – золотая осень, бұлт – облако.

ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбер
Арайлап таң атты.
Алтын сәуле таратты.
Қайырлы таң, балалар!
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді. – Сәлеметсіздер ме?!
Бәрін ойын ойнауға шақырады.
Өткен «Менің сүйікті ойыншығым» тақырыпты қайталау. Ойын: «Кім тапқыр». Педагогтің айтқан сөздеріне сәйкес қима суреттерді көрсету.
Топтағы ойыншықтарды атап, сипаттау. Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, ойын соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады. 2. Негізгі кезең
Демонстрациялық материалдармен жұмыс.
Педагог шағын мәтін құрайды. Қазір жылдың күз мезгілі. Күзде жапырақтар сарғаяды, түседі. Сондықтан алтын күз деп айтады. Күзде салқын болады. Жаңбыр жауады. Күзде кұстар ұшып кетеді. Күз айлары: қыргүйек, қазан, қараша.
Қима материалдармен жұмыс.
Мынау – жапырақ.
– Мынау не?
– Мынау – жапырақ.
– Жапырақ сары.
– Жапырақ қандай?
– Жапырақ сары.
– Алтын күз.
– Қандай күз?
– Алтын күз.
Балалар сөздерді, мәтінді қайталайды Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады).
Ү- ү-үз-үз – келді күз.
Ү-ү-ү-үй — қыр-гү -йек – қыргүйек
Қ-қ-қ-қа- қа-зан – қазан Қ-қ-қ-қа- қа-ра-ша – қараша Жаңылтпашпен танысу.
Күз, кез, күз, Күш, кеш, көш,
Күл, кел, көл,
Кілең қысқа сөз, Кім оқиды тез?
Балалар жанылтпашты қайталайды: жай, жылдам.
Сергіту сәті. Массаж: Балалар бір-бірінің артына сөздерді қайталап, сурет салады.
Күн шықты,
Сәулесін шашты,
Бұлт жапты, Жаңбыр жауды,
Кемпірқосақ шықты.

Жұмыс дәптерімен жұмыс.
1.Суретке қарап, сөйлем құра. Күзде қандай өзгерістер болады? Ата.
Балалар сөйлем құрайды. Суретте күз бейнеленген. Күзде жаңбыр жауады. Жапырақтар сарғаяды. Құстар ұшып кетеді.
2.Жаттап ал. Педагог тақпақты бірге жаттауды ұсынады. Алтын, сары, қызыл көк – Алуан-алуан жапырақ. Күзгі бақта күлімдеп, Көз тартады атырап.
Қ.Шаңғытбаев
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.

Ойын: «Қолшатыр».
«Жаңбыр» деген сөзден кейін, балалар алақанын төмен қаратып ұстап тұрады. Балалар сұқ саусақтарын алақанның ішіне тигізіп тұрады. Педагог үшке дейін санап, алақанын жұмады, осы кезде балалар жылдам қолдарын алуға тырысады. Қай баланың қолын ұстап қалса, сол бала ойыннан шығады.
3. Рефлексия
Педагог қорытындылайды. Балаларды мадақтау.
– Бүгін қандай жаңа сөздермен таныстық? Жұмыс дәптерінде сендер өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер. Қуыршақтар балалармен қоштасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *