№ 7
Білім беру салалары: Қатынас, әлеумет Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Менің сүйікті ойыншығым.
Мақсаты:ойыншықты меншіктеп айтуға, диалогке қатысуға үйрету.
Білімділік міндеті: ойыншықтарды сипаттау, сөздерді байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық міндеті: ойыншықтар туралы шағын мәтіндер құрауды дамыту, сұраққа толық жауап беруді жетілдіру. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелік міндеті: ойыншықтармен ұқыпты ойнауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: ойыншықтарды, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтады.
Түсінеді: сұрақтарды түсінеді, жауап береді.
Қолданады: ойыншықтар туралы шағын мәтіндер құрайды.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, ойыншықтар, жұмыс дәптері, қима материалдар, айна, қарындаштар.
Билингвалды компонент: біздің ойыншықтарымыз – наши игрушки, ойын бұрышы – игровой уголок, таза – чистый, жуу керек – надо мыть, жинау керек – надо собирать, сындырмау– не ломать, лақтырмау керек – не бросать.
ҰОҚ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбер
Қуанамыз күлеміз, Бар әлемді сүйеміз.
Қол ұстасып, қуанып,
Достармен бірге жүреміз.
Өткен тақырыпты қайталау. Дидактикалық ойын: «Алтын сақа».
Алтын сақаны қолына алған бала өткен «Менің ойыншықтарым» тақырыбы бойынша сөз айтады.
2.Негізгі кезең
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді. Сәуленің қолыңда ойыншық ақ аю.
– Сәлеметсіздер ме?!
Педагог: Сәуле, қолыңдағы не?
Бұл – ақ аю, менің сүйікті ойыншығым. Аю әдемі, жұмсақ.
Сүйікті. Сү-йік-ті. Балалар айтып жаттығады.
Педагог: Балалар сендердің сүйікті ойыншықтарың бар ма?
Балалар өздерінің сүйікті ойыншықтарын атап, қысқаша сипаттайды (түсі, көлемі, неден жасалғаны).
Ойын «Кім жылдам?» .
Педагог екі балаға тапсырма береді, олар жылдам сол тапсырманы орындаулары керек.
Мысалы резеңке, кішкентай аю ойыншығын әкел. Үлкен, жұмсақ қоян ойыншығын әкел. Сәуле балаларға сұрақ қояды: Ойыншықтармен қалай ойнау керек? Балалар өз ойларын айтады.
Педагог шағын мәтін құрайды. Біздің топта ойыншықтарымыз көп. Ойыншықтар ойын бұрышында түрады. Ойыншықтарды жинау керек. Тап-таза ұстау керек. Оларды жуу керек. Ойыншықтарды сындырмай, лақтырмай ойнау керек.
3-4 бала мәтінді қайталайды.
Балалармен қайталау.
– Қ-қ-ақ-лақ-тыр-ма – лақтырма.
– Ы-ы-ын-сын-дыр-ма – сындырма Сөздік ойын: «Аудармашы». Педагог сөздерді орыс тілінде айтады, балалар аударады.
Наши игрушки – біздің ойыншықтарымыз
Игровой уголок – ойын бұрышы
Чистый – таза
Надо собирать – жинау керек
Не ломать – сындырмау керек
Надо мыть – жуу керек
Не бросать – лақтырмау.
Сергіту сәті. М.Әлімбаевтың ойыншықтар туралы өлеңін қимылмен айтады және жасайды.
Біздерде бар қуыршақ,
Бұзау, қозы, құлыншақ.
Ойыншықтар тыңдайды, Ақыл айтсақ, бұйырсақ.
Қуыршақтар ұйықтайды, Айтқаныңнан шықпайды.
Бұзау, қозы, құлыншақ
«Ұйықта», – десең, ұқпайды. Тыңдамайды ұрысса, Осылары дұрыс па?
Тентектігін қоймаса, Тұрғызармын бұрышқа.
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
1. Өзіңнің сүйікті ойыншығыңның суретін сал. Шағын мәтін құра.
2. Әр қатардан артығын тап. Қорша. Өз таңдауыңды түсіндір.
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
«Сиқырлы қаламмен» жұмыс: Ойыншықтар.
Ойын: «Дұрыс ата». Ойыншықтарды атайды, қаламмен тексереді.
3. Рефлексия
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.
– Жұмыс дәптерінде сендер өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер. Қуыршақтар балалармен қоштасады.