Менің ойыншықтарым

Білім беру салалары: Қатынас, әлеумет Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Менің ойыншықтарым.
Мақсаты: тыңдау және тілді түсіну дағдыларын қалыптастыру.
Білімділік міндеті: балалардың сөздік қорларын байыту, ойыншықтардың қазақша аталуын есте сақтауға жаттықтыру. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. 2-3 сөйлеммен затты сипаттай білу дағдыларын дамыту.
Диалогке қатысуға үйрету.
Дамытушылық міндеті: ойыншықтар туралы шағын мәтіндер құрауды дағдыландыру, сұраққа толық жауап беруді жетілдіру. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелік міндеті: ойыншықтармен ұқыпты ойнауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: ойыншықтарды атап, қазақша дыбыстарды дұрыс айтады.
Түсінеді: сұрақтарды түсінеді, жауап береді.
Қолданады: ойыншықтар туралы шағын мәтіндер құрайды.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, ойыншықтар, қоржын , суреттер, жұмыс дәптері, қима материалдар, айна, қарындаштар, фишкалар.
Билингвалды компонент: менің ойыншықтарым – мои игрушки, жұмсақ ойыншықтар – мягкие игрушки, темір ойыншықтар – железные игрушки, резеңке ойыншықтар – резиновые игрушки, пластмасса ойыншықтар – пластмассовые игрушки.

ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері
Қол алысып, кәне, біз,
Достасайық бәріміз,
Қандай жақсы бір тұру,
Достарыммен бір жүру,
Қайырлы күн, достарым!
Қайырлы күн, Сәуле мен Арман!
Ғажайып сәт. Қуыршақтар – Сәуле мен Арман ойыншықтарға толы қоржынмен бірге келеді.
– Қайырлы күн, балалар! Ойнауға шақырады.
Дидактикалық ойын: «Кім көп біледі?».
Балалар өткен тақырыптар бойынша сөздерді естеріне түсіріп, атайды.
Педагог суреттерді көрсетеді, балалар атайды. Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, ойын соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады. 2. Негізгі кезең
Дидактикалық ойын: «Ғажайып қоржын». «Қуыршақтар» қоржыннан ойыншықтарды алып, балаларды «Ойыншықтар дүкені» ойынын ойнауға шақырады. Дүкенші – қуыршақ Сәуле, сатып алушылар – балалар.
Диалог:
Бала: Сәлеметсіз бе!
Қуыршақ: Сәлеметсіз бе!
Бала: Маған ойыншық беріңізші?
Қуыршақ: Қандай ойыншық?
Бала: Ойыншық мәшине.
Қуыршақ: Міне, ал. Бала: Рақмет.
Қыз: Сәлеметсіз бе!
Қуыршақ: Сәлеметсіз бе!
Қыз: Маған қуыршақ беріңізші?
Қуыршақ: Міне, ал.
Бала: Рақмет. т.б.
Балалар білетін ойыншықтарын алады, педагог қалған ойыншықтарды атайды, сипаттайды: жұмсақ ойыншықтар, темір ойыншықтар, пластмасса ойыншықтар, резеңке ойыншықтар болады.
– Мынау – түлкі. – Мынау не?
– Мынау – түлкі.
– Ойыншық түлкі – жұмсақ ойыншық. – Ойыншық түлкі қандай?
– Ойыншық түлкі – жұмсақ ойыншық.
– Мынау – кірпі.
– Мынау не?
– Мынау – кірпі.
– Ойыншық кірпі пласмассадан жасалған. Ол пластмасса ойыншық.
– Ойыншық кірпі неден жасалған?
– Ойыншық кірпі пласмассадан жасалған.
– Кірпі қандай ойыншық?
– Кірпі – пластмасса ойыншық.
– Мынау – доп.
– Мынау не?
– Мынау – доп.
– Доп резеңкеден жасалған. Ол – резеңке ойыншық.
– Доп неден жасалған?
– Доп резеңкеден жасалған.
– Доп қандай ойыншық?
– Доп – резеңке ойыншық.
– Мынау – мәшине. – Мынау не?
– Мынау – мәшине.
– Мәшине – темірден жасалған ойыншық. Ол – темір ойыншық.
– Мәшине неден жасалған?
– Мәшине – темірден жасалған ойыншық.
– Мәшине қандай ойыншық?
– Мәшине – темір ойыншық.
Балалар қайталайды. Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады).
Ү -ү –тү-түл-кі – түлкі І -і -пі –кір-пі – кірпі. Сергіту сәті
Добым, добым, домалақ, Қайда кеттің домалап?
Секіресің, зырлайсың, Бір орныңда тұрмайсың.
Дидактикалық ойын: «Кім тапқыр?». Педагогтің айтқан сөздеріне сәйкес суреттерді көрсету, сөйлем құрап, қима материалдармен жұмыс жүргізіледі.
– Мынау қандай ойыншық?
– Мынау – доп.
Доп неден жасалған? – Резеңкеден жасалған ойыншық.
– Менде неше доп бар? Доптар қандай?
– Мынау – … (үлкен доп, кішкентай доп, қызыл доп, сары доп, …) – Мынау қандай ойыншық?
– Мынау – кірпі.
– Кірпі неден жасалған?
– Пласмассадан жасалған ойыншық.
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
1.Ойыншықтарды ата. Өзіне ұнаған ойыншықты сипатта.
2. Тыңда. Таныс сөздерді тап, ата.
Педагог М.Әлімбаевтың ойыншықтар туралы өлеңін оқиды. Балалар өлең ішінен өздеріне таныс сөздерді тауып айтады. Мысалы: аю, қасқыр, ойыншық, піл т.б.
Өлеңнің мазмұнын түсіндіріп береді.
Өлеңде кездесетін ойыншықтардың аттарын жеке-жеке және хормен айтқызады. Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
Сөздік ойын: «Аудармашы» Педагог сөздерді қазақ тілінде айтады, балалар аударады.
ойыншық – игрушка менің ойыншықтарым – мои игрушки
жұмсақ ойыншықтар – мягкие игрушки железные игрушки – темір ойыншықтар резиновые игрушки – резеңке ойыншықтар. 3. Рефлексия
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.
– Сендерге не ұнады? Жұмыс дәптерінде сендер өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер. Қуыршақтар балалармен қоштасады.


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *