ЕРТЕДЕ БІР ЖІГІТ…
Ертеде бір жігіт əлемді жақсылыққа өзгертемін деп, жолға шығыпты. Ол істің мүмкін емес екендігін сезіп, əлемді емес, өз елін өзгертпек болып, еліне оралады.
Еліне келіп біраз жұмыстар тындырады бірақ, ол да болмай, туған ауылына оралады, өзгертсем ауылды өзгертемін деп.
Əрі көреді, бері көреді, ол да болмайды. Содан ең болмаса отбасымды өзгертейінші деп жүргенде жасы біразға келіпті, бала-шаға есейген айтқан тілді алмайды, содан олда болмай өз-өзімді өзгертейін дегенде қартайып, бұрынғы əл-қуат жоқ, содан артындағыларға былай деп, өсиет қалдырған екен:
«Ұлдарым мен кетсем менің қабіріме былай деп жазыңдар:
— Егер мен, бірінші өзімді түзегенімде, отбасым маған қарап түзелер ме еді?!
Отбасыма қарап, ауыл түзелер ме еді?!
Ауылға қарап ел, елге қарап əлем түзелер меді?!» деген екен.
Бұл оқиғадан алар түйін, бірінші өзгені емес, өзімізді тəрбиелейік ағайын.
Біреудің мінін көргенше,
Жамандығын тергенше,
Өз ойыңды мазалап,
Өз бойыңды тазалап,
Өзіңмен күрес өлгенше!
Шəкəрім Құдайбердіұлы.