Рай категориясы. Рай-мазмұн жағынан да, форма жағынан да бай грамматикалық категория. Етістіктегі грамматикалық мағынаға қос модальдік мағынаның жарыса көрінуі.
Рай түрлері: ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, қалау рай. Ашық райдағы іс-әрекеттің шақтық ұғыммен байланыстылығы. Бұйрық рай, оның білдіретін мағыналары I, II және III жақтағы мағналардың бұйыру мәнен қатыстылығы. Бұйрық райдың синтетикалық және аналитикалық формалары. Бұйрық арйформаларындағы етістіктің жіктелу ерекшілктері. Бұйрықрайдың жақ тұлғасы, етістіктің түбір тұлғасы, нольдік тұлға ұғымдарының бір-бірімен арақатынасы туралы қазақ тіл білімндегі зертеушілердіңой-пікірлері. Шартты рай, білдіретін мағыналары, жасалу (синтетикалық, аналитикалық) көрсеткіштері. Жіктеу ерекшілігі, -са,-се жұрнағының қосалқы қызметтері және одан туындайтын модальдік мәндер. Қалау рай, білдіретін мағынасы қалау мағнасының түрлі нүктелері және олардың берілу жолдары. Қалау райдың синтетикалық және аналитикалық формалары. Шақ категориясы.
Шақ категориясы етістікті өзге сөз таптарынан ерекшелендіретін негізгі грамматикалық категория екендігі. Шақ түрлері: осы шақ, келер шақ, өткен шақ. Шақ түрлері және оның атаулары жөніндегі қазақ тіл біліміндегі ғалымдар пікірі. Осы шақ, оның мағынасы, сол мағынаны білдіретін амал-тәсілдер. Осы шақтың түрлері. Осы шақтағы етістіктің болымды-болымсыз формада қолданылуы. Өткен шақ, оның сөз ішінде бөлінуі, өткен шақтың түрлері, олардың берілу жолдары. Келер шақ, оның түрлері, жасалуы. Етістіктің жіктелуі. Етістіктің жақ категориясы. Етістіктің сөйлемдегі синтаксистік қызметі.