Етістіктің сөз таптары ішіндегі ең күрделі сөз табы екендігі. Етістік сөз табының қазақ тіл білімінде зерттелу жайы. Етістіктің лексика-семантикалық жағынан алуан түрлігі, өзі шінде қозғалыс, амалды білдіретін, өсіп-өну, бағыт-бағдар, көру-сес, мінез-құлық, бейнелеу мәнді, көңіл-күй мәнді, қалып етістіктері т.б. болып бөлінуі. Негізгі түбір етістіктер, туынды түбір етістіктер. Дара, күрделі етістіктер. Күрделі етістіктер жүйесі ол туралы қазіргі тіл білімнің жаңа пайымдаулары тең компонет күрделі етістік, құрамды етістік, аналитикалық формалы етістік т.б. Негізгі және көмекші етістіктер. Көмекші етістіктер. Көмекші етістіктерідң түрлері. Аналитикалық форманттар, олардың мағыналары, құрылымы, аналитикалық форматтардың етістіктің гармматикалық категорияларын қатыстылығы. Етістіктің лексика-грамматикалық және грамматикалық категориялары. Салттылық және сабақтылық категориясы. Салт, сабақтылық мәннің етістіктің мағынасына, объект мен субъектіге қатыстылығы. Етістік категориясы субъекті мен объекті қимылға (және керсінше) түрліге қарым-қатынасын білдіретін арнайы грамматикалық формалар жүйесі екендігі. Етіс түрлері, ол жөніндегі зерттелу мен оқулықтардағы ой-пікірлері. Өздік етіс, білдіретін грамматикалық қимылға қатысты субъект, оының граммикалық тұлғасы, жасалуы, жұрнақтары. Ырықты етіс, мағынасы, жасалуы, жұранқаты. Оның басқа тұлғалармен ұқсастығы және айырмашылығы. Ортақ етіс, мағынасы, жасалуы, жұрнақтар. Оны басқа ұқсас тұлғалардан ажырату. Етістік жұрнақтардың бір сөзде қабаттаса қолданылу ерекшелігі. Етістіктің болымды-болымсыздық категориясы. Есімше. Көсемше. Тұйық етістік.
Етістіктің болымды-болымсыз категориясы. Болымды-болымсыздықтың бір грамматикалық категорияның қарам-қарсы екіжағы екендігі, етістіктердің болымды-болымсыздығының берілу жүйесі, болымдылық пен нолдік тұлғаның сәйкестігі, болымсыздық мағынаның етістікке синтетикалық, аналитикалық жолмен берілетіндігі туралы. Болымды-болымсыз мағынаның қазақ тіліндегі бар етістікке қатыстылығы.
Қимылдың өту сипаты етістіктің дербес лексика-грамматикалық категориясы екендігі, оның ғылымда танылуы мен зерттелуі, өздік семантикалық және грамматикалық ерекшеліктері мен берілу тәсілдері.
Есімше, көсемше, тұйық етіс тұлғаларының етістіктің грамматикалық категориялары ішіндегі орны. Есімше, оның түрлері, мағынасы, жасалуы.Есімшенің екі жақты қызмет атқаруы. Есімшенің түрленуі: көптелуі, тәуелденуі, септелуі, жіктелуі. Есімшенің сөйлемде атқаратын қызмет. Көсемше. Көсемшенің мағынасы, жасалуы. Көсемшенің әрі қимылды, әрі қимылдың амалын білдіретін қызметі туралы. Көсемше формалрының күрделі етістік, аналитикалық формалы етістік құрамындағы қолданысы, орны. Көсемшенің жіктелуі, сөйлемде атқарытн қызметі. Тұйық етістік. Тұйық етістіктің іс-әрекеттің өту, істелу процесін емес, атауын білдіретіндігі, қимыл атауы, қимыл есім атаулары жайлы. Тұйық етістіктің көптелуі, септелуі,т әуелденуі, сөйлемдегі синтаксистік қызметі.
Модальдық категория, модальдылық жөніндегі көзқарастар, пікірлер.