Есімдік саны жағынан үлкен сөз табына жатпайтыны, бірақ тілдегі қолданысы жағынан ірі сөз таптарына кем емес екені. Есімдік есімдер тобына жатқанымен, олардың ешбірінің нақтылы мағынасын (заттың атын, сындық белгілерін, санын) мағынаның жалпылығы арқылы сөйлемде білдірмейтіні. Есімдіктің бұл ерекшелігі сөздің сөйлемде қайталу қажеттілігінің құтқаратыны. Есімдіктің түрленуі, оның қай сөз табының орнына қолданылуына байланыстылығы, есімдікке ғана тән сөз түрлендіруші қосымша, категория жоқ екендігі.
Есімдік синтаксистік қызметі де оның қай сөз табының орнына қолданылуына байланыстылығы, ссөйлемнің барлық мүшесінің қызметін атқаратыны. Есімдікке тән ортақ негізгі мағыналық ерекшелік жалпы мағына болғанымен, оыныңі штей түрлі өзіндік ерекшілігі бары, соған орай есімдіктің мағыналық топтары бары: 1) жіктеу есімдіктер; 2) сілтеу есімдіктері; 3) сұрау есімдіктер; 4) өздік есімдіктер; 5) белгісіздік есімдіктер; 6) болымсыздық есімдіктер; 7) жалпылау есімдіктер.
Жіктеу есімдіктерінің жақтық мағынаны білдіретіні, үш жақтың жекеше-көпше түрінің есімдіктері бары. Жіктеу есімдіктері не бары 8 сөз (мен, сен, сіз, ол, сендер, сіздер, олар) болғанымен, сөйлемде өте жиі қолданылады. Жіктеу есімдіктерінің жақтық мағынасы сөйлеуші, тыңдаушы, бөгде адаммен байланысты болғандықтан, сөйлемде адам аттарының орынна қолданылып, олардың мағынасы адаммен байланысты екені. Жіктеу есімдігінің үш жағының сілтеу есімдігімен ортақтығы, бұл есімдіктің қолдану аясының кеңдігі. Жіктеу есімдіктерінің адам атауларының орнына қолданылу қабілеті оның зат есімнің сөз түрлендіруші қосымшалармен түрленуін қамтамасыз ететіні. Жіктеу есімдіктерінің септелуі, жіктелуі есімдіктердің септелуінің өзіндік ерекшілігі. Жіктеу есімдіктерінің жіктік жалғауы боынша түрленуі, оның өзіндік мағыналық ерекшелігі, жіктеу есімдіктерінің жіктелуінің синтаксистік белгілі қызметті атқаруына қатысы. Тәуелдік жалғауымен түрлену жіктеу есімдіктерінің 3-жағына қатысы. Жіктеу есімдіктерінің синтаксистік қызметі. Сілтеу есімдіктері, оның мағынасы, оған жататын сөздер. Сілтеу есімдіктерінің негізінен заттың белгісін білдіретін сөздердің орнына қолданылатыны, оларға сұрақтың да соған лайық түрлері қолданылатыны. Сілтеу есімдіктерінің не кеңістікті, не мезгілге мезгейтіні, нұсқайтыны. Сілтеу есімдіктерінің кеңістікті нұсқағанда, онда алыстық, қашықтық мағынасы аңғарылатыны. Осы ерекшелігіне қарай сілтеу есімдіктері екі топқа жіктелуі.
Сілтеу есімдіктері мезгілге қатысты қолданылғанда, нұсқайтын жақындығын немесе бұрынырақтығын білдіретіні. Сілтеу есімдіктерінің түрленудегі ерекшелік, сілтеу есімдіктерінің ішкі топтарының түрленуі, оның айырмасы. Сілтеу есімдіктерінің синтаксистік қызметі.
Сұрау есімдіктері, оның мағынасы, сұрау есімдіктеріне жататынс өздер. Сұрау есімдіктерінің морфемдік құрамы, олардың құрамындағы қосымшалардың оның қандай сөздердің тобына қойылатын сұрақ екеніне қатысы. Сұрау есімдіктерінің ішіндегі кім? не? сөздерінің түрленуі. Сұрау есімдіктерінің қолданылуына қарай сұрау мағынасын білдірмейтін жағдайлары.
Өздік есімдікке жалғыз «өз» сөзі жатқанымен, оның тәуелденген формаларының тілде қолданылу аясының молдығы. Тәуелденген өз сөзі бастауыш болғанда, оның баяндауышпен жақ арқылы қиысуы, басқа тәуелденіп бастауыш болған сөзден айырмасы.
Тәуелденген өздік есімдіктің зат есімдерше түрленуі, соған лайық барлық сөйлем мүшесі қызметін атқаруы.
Белгісіздік есімдік, оның мағынасы, құрамындағы сөздер, олардың морфемдік құрамы. Белгісіздік есімдік жасауға белсенді қатысатын морфемалар.
Болымсыздық есімдіктер, олардың мағынасы. Болымсыздық есімдіктердің жасалуына белсенді қатысатын морфемалар. Болымсыздық есімдіктердің түрленуі, жіктелуі, олардың тілде қолданылу аясы. Болымсыздық есімдіктердің қолданыста өзінен кейін, негізінен болымсыз формадағы мағынаның экспрессивтік мәнге ие болуына қатысуы. Болымсыздық есімдіктердің синатксистік қызметі.
Жалпылау есімдіктері, оның мағынасы, құрамындағы сөздер. Жалпылау есімдіктерінің заттық ұғымды білдіретіні және кейде анықтау ұғымдарын білдіруге қатыстылығы. Жалпылау есімдіктерінің жіктік жалғауды қабылдамайтыны. Олардың септелу ерекшеліктері. Жалпылау есімдіктерінің сөйлемдегі қызметі.