Зат есімнің құрылымы. Зат есімнің грамматикалық категориялары және түрлену жүйесі. Зат есімнің тәуелділік категориясы.

Зат есім сөздер құрылымы жағынан жалаң және күрделі болып бөлінеді. Жалаң зат есімдердің іштей 2 топқа бөлінуі: 1) негізгі түбір зат есімдер; 2) туынды түбір зат есімдер. Негізгі түбір зат есімнің бөлуге келмейтін бір ғана мағыналы бөлшектен тұратыны. Туынды түбір зат есімнің негізгі түбір мен сөзжасамдық жұрнақтан құралатыны, туынды түбір зат есімнің туынды лексикалқ мағынасы бар, оның туынды лексикалық мағынасының жасалуына негізгі түбірдің мағынасның негіз болатыны. Туынды түбір зат есім тек негзі түбірден ғана жасалып қана қоймай, туынды түбірден жасалады да жиі кездесетін құбылысқа жататыны. Мұндайда туынды түбір зат есімнің құрамында сөзжасамдық жұрнақтың екі  онан да көп болатыны. Туынды түбір зат есімнің жасалуына тек негізгі түбір сөзден басқа сөздердің негіз болуы кездесетіні, оның ішкі түрлері де баршылық екені: бірікен зат есімдер, қосарланған зат есімдер, құрама зат есімдер, қысқарған зат есімдер. Күрделі зат есімдердің осы түрлерінің мағына негізділігі, әрқайсысының жасалу тәсіліне сай ерекшеліктері.

         Зат есім грамматикалық категорияларға бай сөз табына жататыны. Заттардың санын дәл атау қажет емес жағдайлардың көптеп кездесуі. Тіліміздің бұл ерекшілігн білдіру үшін арнайы категория бар. Оған жекелік, көптік категориясы жататыны, жекелік-көптік мағыналарының зат есімге қатыстығы. Зат есімнің көптік мағынасы жекелік мағынаның зат есімнің лексикалық мағынасымен бірге түбір сөзде берілетіні, зат есімнің түбір сөзінде жекелік мағынаның бары, соны білдіретін қосымшаның жоқтығы, нөлдік форма арқылы беріле алатыны. Зат есімнің көптік мағынасы, оның заттың нақтылы көптік мағынасынан айырмасы. Көптік мағынаның берілу жолдары, көрсеткіштері, олардың қолданылу ерекшеліктері.

         Бір заттың екінші затқа меншіктінгін білдіретін арнайы грамматикалық категория тәуелдік категория екендігі. Тәуелдік категориясының мағынасы тәуелдік жалғаулары арқылы берілуі, тәуелдік жалғаудың меншіктелуін зат атауына жалғануы. Тәуелдік жалғауларының жекеше, көпше, жақты, анайы, сыпайы түрде қолданылатыны. Оңаша, ортақ тәуелдену, олардың айырмасы.

         Тәуелдік жалғаулы сөздің сөйлемде үнемі ілік септіктегі сөзбен тіркесте қолданылуы, оның себебі бұндай тіркстегі сөздердің кейде біреуінің қосымшасының түсіп қалып та қолданылуы кездесетіні (мектеп үйі, біздң үй). Қолданыста тәуелді жалғаудың басқа мағына да беретіні. Тәуелдік мағынаның жұрнақ арқылы берілуі. Тәуелдік мағынаны білдіретін -нікі, -дікі,-тікі жұрнақтарының заттың иесінің атына, яғни иеленушіге жалғануы, ал меншікті заттың ешбір қосымшасыз қолданылатыны (кітіп сенікі), мұнда меншікті заттың өз тұлғасының оның меншіктігі көрінбейтіні. Оның мағынасының иеленуші зат атауымен тіркесте ғана көрінетіні.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *