Əл Мүлік

Әл-Мүлік (шамамен XI ғасыр) нақты саяси билік ретінде сұлтандықты нығайтудың негізгі қағидаттарын қалыптастырды. Халифатты тек діни институт ретінде, ал халифті діни басшы ретінде ғана тани отырып, сұлтандық билікті негіздеуге тырысты.
Әл-Мүлік өзінің идеясын негіздеу және оны іс жүзінде жүзеге асыру үшін уәзірлік қызмет атқара отырып, әлДжувейни және әл-Ғазали сияқты бедел иелерін тартты. Олар өздерінің теорияларында басқарудың ықпалдылығы мен тиімділігі тәрізді билік қырларына көңіл бөлуге тырысты. Мысалы, әл-Джувейни баскарудың барынша тиімді түрі сұлтан билігі деп есептеді, бірақ бұл үшін оның заңды екендігін негіздеу керек болды.
Бұл міндетті шешуге көптеген еңбектер («Әл-Иктисад фи-л-истинад», «Фадаих әл-батынния ва-фадаил әлМустазхирия») жазған факихтердің ірі кемеңгері әлҒазали (1058–1111 жж.). Ол мемлекетті басқару мәселесіне «Насырхат әл-Мүлік» деген еңбегін арнады.
Әл-Ғазали халифатты сынай және сұлтандардың нақты билігіне заңдылық дәрежесін бере отырып, мұсылман мемлекетін нығайту керек деген мәселеге көңіл бөлді. Бұл идеяға ол өзінің «Ихйа» деген еңбегін арнады.
Жаңа әдіснамалық кағидатты іздеуге көптеген идеологиялық және теориялық-кұқықтық, діни-құқықтық мәселелер мен методологиялық сипаттағы қиындықтар кедергі келтірді.
Әл-Ғазали өзінше бір эклектикалық нұсқа табады. Біріншіден, оның тапқан шешімінің нұскасы тәртіпті қамтамасыз етіп, қоғамды әр түрлі бүліктен сақтай отырып, тұрақтылықты қалыптастырады. Екіншіден, мәселені шешу қағидаты мұсылман мемлекетін нығайтуға ықпал жасаса деген бағытта болады.
Саяси мүмкіндіктерді, халифаттың болашағы мен нақты жағдайларын объективті бағалай отырып, әл-Ғазали мұсылман мемлекетін нығайту үшін ең алдымен халиф және сұлтан мәселесінің арақатынасын шешіп алу керек деген тұжырымға келеді. Ал бұл мәселені шешу үшін имамның сұлтанмен одақ құру идеясын ұсынады.
Әл-Ғазалидің имамат теориясының негізгі ережелері мыналар болып табылады:
тәртіпті ұстап тұру үшін билік қажет;
сұлтанат халифаттың бір бөлігі болып табылады, ал халифаттың өзі қауым мен имам бірлігінің символы;
халифаттың беделі Шариғатқа сүйенеді.
Әл-Ғазалидың ойынша, имам бедел иесі бола отырып, не пайғамбар арқылы, не халиф, не нақты билік иесі сұлтан арқылы тағайындалады. Әл-Ғазалидың ойынша, таяу арада сұлтан халифты (имамды) тағайындайтын болса, онда ол «сенім мен билік – егіз» деген қағидатқа сүйене отырып, оның беделін мойындауы тиіс.
Әл-Ғазалидың пікірінше, мемлекеттің міндеті – исламды және исламдық өмір сүру түрін қорғау болып табылады. Сол себептен, ойшыл саясат пен дінді бірбірінен бөлуге болмайтын, өзара байланысты тұтас организм ретінде мойындап, бір-біріне себепші арақатысы бар мәселе деп қарастырады. Ғазалидың пайымында, саясат дін мен моралдың қажетті компоненті болып табылады. Дін ғылыммен, құқықпен және этикамен тығыз байланысты. Саяси ғылым адамның бақытқа жетіп, болашақта аса жоғары бақыт иесі болуын қамтамасыз етуге тиіс деп көрсетеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *