Жүсіп Баласағұн (XI ғ.)

Жүсіп Баласағұн (XI ғ.) – көрнекті түркі философтарының бірі, атақты «Құтадғу біліг» (Берекелі білім немесе Құтты білік) еңбегінің авторы. Бұл шығарма «бәйітпен» жазылған, 6520 «бәйіттен» тұрады. Негізгі тақырыбы – моральдық-этикалық мәселе. Жүсіп Баласағұн жазған моральдық-этикалық мәселе адам өмірінің тамаша жағдайын, билеушілер мен бағыныштылар арасындағы өзара қарым-катынас ережелерін көрсетеді. Бұл кітапта ойшыл, сол кезде өзі өмір сүрген Қарахан мемлекетінің негізін шайқалтқан, саяси бүлік кезеңінде өте қажетті ізгілікті билеушінің тамаша аспектілерін керсетуге ұмтылды.
Жүсіп Баласағұн билеушінің рөлі туралы айта отырып, мынадай өсиет қалдырады: «…Және біл: адамның алдында сенің үш борышың бар. Оларды орында, күшпен ұзақ тұра алмайсың. Біріншіден – күмістің тазалығын сақта. Екіншісі – адамдарға әділ заң бер. Үшіншісі – жолды күзетіп отыр». Баласағұн билеушінің мәртебесін және оның халық алдындағы борышын сипаттай отырып, билеушінің қол астындағыларынан оның шешімін талап етуін атап өтеді. «Сенің билігіңнің үш құқығы бар. Бағынышты адамдардан сұрайтыныңды ұмытпа. Олардың бірінші борышы – сенің барлық бұйрығыңды құрметтеу. Олардың екінші борышы – қазына алдында борышы болу керек. Және үшіншісі: сенің жауларыңмен жауласып, сенің достарыңмен достасулары керек. Егер сен өз борышыңды әділ орындасаң, бағыныштыларыңның да қайтарымы жақсы болады».
Билеушіге өсиет айта отырып, Баласағұн да әл-Фараби сияқты мемлекеттің ізгілікті түрі билеушінің рухани тазалығы мен еңсесінің биіктігіне, қол астындағыларының ізгілікті, адамгершілікті өзара қарым-қатынастарына байланысты деп санады.
Ортағасырлық мұсылман әлемінің ойшылдары үшін адаб (кемел адам) білімділік пен адамгершіліктің көрсеткіші болып саналды. Мұндай білімнің мақсаты – мәдениетті және нәзік сезімді адам жасау болып табылады. Сопылық философиясында адаб идеясына көп көңіл бөлінді. Нақты өмірде діни, адамгершілік жолдан таю, құқықтық және мемлекеттік нигилизм болатынын атап көрсете отырып, сопылыққа рух берушілер руханиадамгершілік кемелдену жолын ұсынды. Тек кемеліне жеткен адамға ғана ақиқат ашылады.
Сопылардың ойынша, кемел адам бейбіт өмір сүріп, қоғамдағы адамгершілікке жат нәрселерге, әділетсіз мемлекетке қарсылық танытады. Зұлымдық бой бермейтін және күйреткіш, жүрегінде құдайға деген сүйіспеншілікке орын жоқ адамдарды өзіне қатты тартады. Мұндай адамдар табиғатының қалауымен әрекет етіп, қылмыс, зұлымдық жасауға барады.
Факихтер дамытқан мемлекет теориясы бойынша бедел иелерінің арасында әл-Мүліктің орны ерекше.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *