Аврелий Августин (345–430 жж.) – христиан-теологы, философ-мистик, көзқарасы, ұстанымы жағынан неоплатондық бағытты жақтаған. Басты ұстанымы «Cенімсіз білім мен шындық жоқ». Негізгі еңбектері «О граде божем» және «О земном граде».
Аврелий Августин әлемдік тарихтың христиандық концепциясын дамытушы және оның сөзімен айтқанда «дүние жаратылысының өзі құдайдың қалауымен болған іс» деген идеяны жақтаушы ғалым. Адамдардың жердегі барлық көрген қиындықтары мен жамандықтары олардың құдай алдындағы жасаған күнәларынан деп түсіндіреді. Августиннің ілімі римдік шіркеу қызметкерлерінің зайырлы феодалдық бағытты ұстанушыларға қарсы күресінде басты идеологияға айналды. Мемлекетті басқару формасында Аврелий абсалюттік билікті жақтаған. Августинизм әлі күнге дейін христиан дініндегі протестанттық бағытты жақтаушылардың басты ілімі деп саналады.