Рентген техникасы рентген сәулелерінің физикалық,химиялық қасиеттерін зерттейді.Рентген техникасының бірнеше тарауы бар:соның ішінде медициналық рентген техникасының маңызы Рентген техникасының алдына екі талап қойылады. Біріншісі-адамды электр тогы әсерінен, екіншісі-рентген сәулесі тиюден қорғау. Рентген сәулесі біртекті емес ортадан өткенде, онда сәуленің жұтылуы да біртекті болмайды. Егер сәуленің таралу жолына флюоренсценттік экран қойса онда экранда бөгеттің пішініне сәйкес келетін жарықталу мен көлеңке көрінеді. Заттың құрлысын рентген сәулесімен зерттеудің негізі осы. Адам ағзасы рентген сәулесін түрліше жұтатын тіндер мен мүшелерден тұрады. Сондықтан рентген сәулесі адам ағзасынан өткенде түрліше жұтылып, экранда ішкі мүшелердің ақ-қара түсті бейнесін көруге болады.
Рентгеноскопияда зерттеуге қажетті зат арқылы рентген сәулесін өткізіп, оның кескінін экраннан бақылайды. Рентген сәулелерінің бір бөлігі шашырап кетеді де,енді біразы денеге сіңіп қалады,ал үшінші бір бөлігі денеден өтіп,экранға жарық түсіріп,сүйектер мен ішкі органдардың көлеңкесін көзге көрсетеді.
Рентгенография – бұл әдісте зерттелінетін заттың кескінін үлбіге (пленкаға) түсіріп алып, оны ұзақ уақыт құжат ретінде пайдаланады. Бұл әдісте зерттелетін зат рентген түтігі мен үлбінің арасына қойылады Заттан өткен рентген сәулесінің интенсивтілігі сол заттың тығыздығына байланысты болады. Соған сәйкес, заттан өткен сәуле үлбіде фотохимиялық реакция туғызып, онда кескін пайда болады. Флюорографияда – флюоресценттік экрандағы кескінді шағын өлшемді фотоүлбіге (фотопленкаға) түсіріп алу әдісін айтады. Қазіргі кезде кең тараған рентгенодиагностиканың бір түрі .
Медицинада жиі қолданылып жүрген РХ-100 100CLK рентген томограф компьютермен жабдықталған. Сондықтан оны компьютерлік томограф дейді. Осы аппараттың көмегімен зерттелетін нұсқаның кеңістіктің үш өлшемді бағытындағы кескінін алуға болады. рентген томографиясы. Рентген томографиясының жұмыс принципі: Томографтың құрамындағы рентген түтігі мен қарама қарсы қозғалады. Мәселен нұсқада бірнеше қара дақтар болсын. Рентген түтігі жылжи келе әр уақыт нұсқаның бір нүктесінен ғана өтеді. Нүктенің әр қабатының кескіні фотоүлбінің 1,2,3 нүктелеріне келіп түседі. Рентген түтігі мен фотоүлбінің қарама қарсы фазадағы қозғалысын реттей отырып нұсқаның кез келген нүктесінің әр қабатының кескінін алуға болады.
Соңғы жылдары диагностикалық әдістердің ішінде магнитті резонанстық томографияға ерекше көңіл бөлінуде. Бұл әдістің басқа әдістерге салыстырғандағы басты ерекшелігі: физикадағы ядролық магнитті резонанс құбылысты қолдана отырып, биологиялық денені иондаушы қабілеті төмен, радиотолқындар диопазонда жатқан электромагниттік толқынмен әсер ету арқылы зерттелетін дененің көрінісін алу. Халық арасында атом ядросы сөзінің кері пікір тудыратыны ескеріліп, бұл әдістегі ол сөздер алынып тасталған, сондықтан қзіргі кезеңде бұл әдіс магнитті резонанс деп аталынады.
Рентген сәулелерінің медицинада қолданылуы: Рентген сәулелері дененің клеткалаларына,молекулаларына физикалық және химиялық өзгерістер енгізіп,яғни ионизациялау болады.Жануарлар мен адамдардың денесінде заттар алмасу қасиеті өзгереді,соған байланысты клеткалар өліп,олар аса бір улы заттарға айналып,денеге өте зиян келтіреді. Тканьдарға ионизация әсерінің қандай мөлшерде өтуі- жалпы дененің қуаты мен әсіресе нерв жүйесіне байланысты. Басқа денеден бөлініп алынған орган, нерв жүйесі өте нашар дамыған бір клеткалы жәндіктер мен бактериялар ионизациялайтын сәулелерге өте нашар өзгереді. Ал нерв жүйесі негұрлым жоғары дамыған жәндік болса; онда бұл әсер соғырлұм катты өзгеріс туғызады. Иондалған сәулелер қатты әсер етіп оларды өлтіреді,сондықтан бұлар ісіктерді емдеуге қолданылады. Иондалған сәулелер денеге кіргенде,қан клеткалары шығатын органдарға сүйек миына, көк бауырға, лимфа бездеріне әсер етеді. Оны тексеруге алғанда, қанның ішіндегі түйіршіктерінің азаюынан барып біледі.